Нидерландта мас күйде көлік айдаған «Борис Джонсон» ұсталды
02.05.2023 06:14
Фото:
Instagram / Police Groningen Center
Полицияның қолына түскен ер адам украин үлгісіндегі жалған жүргізуші куәлігін көрсеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нидерландта полиция Борис Джонсонның аты жазылған жүргізуші куәлігі бар мас жүргізушіні ұстады.
Бағанаға соғылған 35 жастағы Зюйдхорн тұрғынын ұстағанда, полиция оның мас екендігін анықтаған.
Тәртіп сақшылары оның жүргізуші куәлігін тексергенде тіпті таңғалған. Себебі украин үлгісіндегі куәлік Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсонның атына берілген деп көрсетілген.
Ер адамның жалған жүргізуші куәлігін қалай алғаны белгісіз. Құжат тәркіленді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

