Жаңалықтар

NG Қарағандыдағы пирамидаға қызығушылық танытып отыр

National Geographic Қарағандыдан табылыған сатылы құрылыс формасы жағынан мысырлық перғауын Джосердің пирамидасын еске түсіреді.
03.10.2016 05:41 3526

«Беғазы-Дәндібай» мәдениетінің ерекше бөлшегі – қазақ даласынан табылған алғашқы дала пирамидасы туралы видеоматериал National Geographic Ресей журналына жарияланды.

NG Қарағандыдағы пирамидаға қызығушылық танытып отыр

«Египет пирамидаларына ұқсайтын қорымды археологтар қазақ даласынан тауып отыр. Мавзолей осыдан 3 мың жыл бұрын салынған» деп жазады басылым. Басылымның жазуынша, табылып отырған сатылы құрылыс өзіндік формасы жағынан мысырлық перғауын Джосердің пирамидасын еске түсіреді.

Сонымен бірге эскпедиция жетекшісі Игорь Кукушкин де ежелгі пирамиданың үлкендігіне қарап, оның беделді билеушіге тиесілі екенін айтады.

Қола дәуіріне жататын басқа қорымдардан тағы бір ерекшелігі – қабырғасы пирамидалық үлгіде ұсақ тастардан қиюластырылып қаланған. Ғалымдардың айтуынша, мұнда сол заманның даңқты көсемі немесе хан-патшасы жерленген болуы мүмкін.

Негізі, Қазақстандағы қола дәуіріне тән Беғазы-Дәндібай мәдениетін алғаш ашып, зерттеуші – атақты ғалым Әлкей Марғұлан. Ол кісі кезінде бұл жерлердің бәрін еңбектерінде көрсетіп, белгілеп кеткен. Бүгінге дейін археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың «Сарыарқа» археологиялық институтының археологы, тарих ғылымдарының кандидаты Игорь Кукушкин Әлкей Марғұлан еңбегінде көрсетілмегенін айтады.

Қорымнан қыш ыдыстармен қатар, қола пышақ, ине, біз, тағы басқа заттар табылыпты. Бұлар қазба, зерттеу жұмыстары аяқталған соң, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына қойылып, дала пирамидасы мемлекет қорғауына алынады. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ішіндегі ескерткіштерді қорғау, сақтау орталығының бас маманы Жанболат Мәжитовтың айтуынша, мавзолейге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ескерткіш қойылады.


Фотосурет: Виктор Новоженов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға