Неймар Сауд Арабиясында қанша табыс табатыны анықталды
15.08.2023 09:02
Фото:
instagram.com/neymarjr
«Пари Сен-Жерменнің» бразилиялық шабуылшысы Неймар мансабын Сауд Арабиясында жалғастырады, ол «Әл-Хиляльмен» келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
L'Equipe мәліметінше, Неймар араб клубымен «2+1» жүйесі бойынша келісімшарт жасасқан – келісім тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылға есептелген.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Неймар «Әл-Хиляльда» бір маусымда 100 миллион еуро табатыны туралы ақпарат болған.
Естеріңізге сала кетейік, 31 жастағы Неймардың ПСЖ-мен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың маусымына дейін жарымды. Өткен маусымда шабуылшы 29 матч өткізіп, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

