Неймар карьерасын Италияда жалғастыруы мүмкін
15.10.2025 02:22
Фото:
© Miguel Schincariol / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
Бразилиялық «Сантос» клубының шабуылшысы Неймар қайтадан Еуропаға оралуға дайын, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Футболшыға Италияның Серия А лигасындағы «Интер» мен «Наполи» клубтары қызығушылық білдіруде. Бұл туралы Фабрицио Романо мәлімдеді.
33 жастағы ойыншы «Сантоспен» келісімшарты 31 желтоқсанда аяқталғаннан кейін, осы қыста Еуропаға қайта оралуды жоспарлап отыр. Неймардың басты мақсаты - Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчеллоттиге өз әлеуетін көрсету және 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы ұлттық құрама сапына қайта ену.
Айта кетейік, өткен жазда да футболшыға «Милан» тарапынан ұсыныс түскен болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

