Жаңалықтар

Рафинадталған қант ол – тәтті у

Рафинадталған қант ол – тәтті у
Фото: © El.kz 20.05.2021 18:00 6229

Мамандар жылдар бойы рафинадталған қантты көп тұтыну денсаулыққа зиян екенін ескертіп келеді. Көпшілік тұтынушылар шекердің пайдасыз өнім екенін білсе де, денсаулық үшін қаншалықты зияны барын бағамдай бермейді.

Рафинадталған қант ол – тәтті у

Рафинадталған қант – сізге калориядан басқа ештеме бермейді, ең жаманы өзіне тәуелді етіп қояды. Ал, енді тәтті дәм беретін жасанды өнімнің адам ағзасына тигізер зияны қауіпті. Өкінішке қарай өндірушілердің барлығы өз өнімдеріне қант қосады, өйткені онсыз болмайды.

Бұрындары нан өнімдеріне тек ашытқы, ұн, тұз және су қосып пісірген болса, бүгін нанның сан түрі бар. Көпшілігінің құрамына қант пен бізге беймәлім талай кондитерлік бояғыш өнімдер қосылады. Кейбір зерттеу нәтижелеріне көңіл бөлсек, нарықтағы нандардың құрамында мөлшерден тыс қант, тұз қосылатынын анықталған. Ең өкініштісі өнімнің құрамында жасунық (клечатка) жоқ, калориясы өте жоғары болатындығымен зиян. Тіпті калориясы сырадан да жоғары деген болжам бар. 

Рафинадталған қант ол – тәтті у

Қант ағза үшін несімен зиян?

Мәселен, 40 жыл бұрын Уильям Даффи өзінің «Сахарный блюз» атты еңбегінде қанттың кесірі туралы мәселе көтерген екен.

«Рафинадталған қант өмірлік күш-қуаттан, дәрумендерден, минералдардан жұрдай өнім. Құрамында тек рафинадталған көмірсу ғана қалады. Егер адам ағзасында ақуыз бен дәрумендердің, минералдардың көрсеткіші төмен болса, қант құрамындағы рафинадталған крахмал мен көмірсуды сіңіре алмайды. Табиғат әр өсімдікке керекті элементтерді жеткілікті мөлшерде береді, яғни көмірсуларды сіңіре алатындай мөлшерде. Бұл дегеніңіз басқа көмірсуларға орын жоқ деген сөз. Көмірсулар жетпейтін зат алмасу «Токсинді метоболиттің» түзілуіне әкеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, пирожүзім қышқылы мөлшерден асып, қант қалыптан тыс көбейіп кетеді. Пирожүзім қышқылы ми мен жүйке жүйесіне зиянын тигізсе, қанттың қалыптан тыс ұлғаюы қан құрамын зақымдайды. Токсинді метоболиттер жасушаның тынысы мен жұмысын зақымдайды. Уақыт өте келе зақымданған жасушалар өліп тынады. Нәтижесінде ішкі ағзалардың дегенеративті ауруларға шалдығуына әкеледі. Рафинадталған қантты мөлшерден тыс көп тұтыну – адам өміріне өте қауіпті. Ешбір тағамдық құндылығы жоқ өнімнің құрамында табиғи минерал атымен жоқ. Табиғи минерал әдетте қызылша мен қоңыр қанттың құрамында болады. Онымен қоймай, қант ағзадағы құнды дәрумендер мен минералдарды жоюға бейім. Ол сіңем дегенше ағзаңыздағы сізге керекті минералдарды жұтып қояды».

Рафинадталған қант ол – тәтті у

Уильям Даффи аталған еңбегінде қышқыл көптеген асқынуларға апаратынын тілге тиек етеді:

«Күн сайын қант тұтыну арқылы қышқылдың көлемін үздіксіз ұлғайту қаупі бар. Нәтижесінде тепе-теңдікті қайта қалыпқа келтіру үшін ұзақ күресу керек болады. Қанды қорғау үшін сүйектер мен тістерден кальцийдің көп бөлінетіні соншалық, шіру немесе жалпы әлсіреу процесі басталады. Уақыт өте келе қанттың мөлшерден тыс көп болуы дененің барлық мүшелерін зақымдайды»,- дейді ол.

Шекер ағзаға түскенде не болады?

Әуелі қант бауырды жаулайды, өз міндетін атқара алмай қалған кезде артылған қант мөлшері қан құрамына бүйрек пен жүрек сынды органдарда сақталып жатқан май қышқылы ретінде қайта оралады. Осы жерде талшықтар ыдырап, майға айналады. Май барлық органдарға, жалпы ағзаға зиян екені айтпаса да түсінікті.

Рафинадталған қант ол – тәтті у

«Жүрек қан-тамыр және лимфа жүйелері шабуылға тап болып, қан құрамындағы қызыл жасушалар ақ жасушаға түрленіп, күрт көтеріліп кетеді. Нәтижесінде жасушалардың қалыптасуы бәсеңдеп, иммунитет пен шыдамдылық зардап шегеді. Сол сәтте ағза экстремалды шабуылдарға өз мөлшерінде жауап бере алмай, бірде ысып, бірде суитын түсініксіз күй кешуі бек мүмкін»,- деп суреттейді автор.

Күн сайын қант тұтынатын адамдардың ағзасында бактериялар әлсіреп, өле береді, соған сәйкес В дәрумені азайып кетеді. Қантты мөлшерден тыс тұтынса ұйқы басып тұрады, санау және есте сақтау қабілеті төмендейді.

Тамақты қорытуға тигізер зияны

Жанармай бөшкесіне қант салып көрер болсаңыз, мотордың жұмысына кедергі келтіретін шекерден қалған қақты байқайсыз. Қант асқазан ішек жолдарына түскенде де дәл осындай әсер қалдырады. Яғни, жұмысын ауырлатып, ағзаға керекті минералдарды керісінше өзіне сорып алады.

Рафинадталған қант ол – тәтті у

«Ас қорыту процесінде крахмал мен күрделі қанттар (мысалы, бал мен жемістерде) қарапайым қанттарға - қарапайым көмірсулар - моносахаридтер деп аталады. Крахмал мен қантты ашытқанда, олар көмірқышқыл газына, сірке қышқылына, спиртке және суға бөлінеді. Судан басқасының бәрі у деген сөз. Ас қорытылған кезде ақуыздар пайдалы қышқыл болып табылатын аминқышқылдарға бөлінеді. Ақуыздарды қантпен бірге тұтынған кезде олар шіріп, әртүрлі птомендер мен лейкомейндерге - жарамсыз улы заттарға айналады. Тағамның ферментативті қорытылу процессі бізге қоректік заттар берсе, бактериялардың ыдырауы керісінше у болып сіңеді»,- дейді автор «Сахарный блюз» атты еңбегінде.

Қорытынды. Рафинадталған қант – өз ағзамызға бейсаналы түрде ұсына алатын токсинді өнім. Егер сіз қантқа тәуелді жан болсаңыз, өмір салтыңызды өзгертетін сәт келді. Қант түрлі ісік ауруларын туғызатынын қаперіңізден шығармаңыз. Ол тісіңізге зиян, ас қорыту жүйесіне тигізер кесірі мол. Мидың жұмысына кедергі келтіреді. Газдалған сусын ішуді доғарыңыз, қарапайым таза суға айырбастаңыз. Егер үнемі шаршаңқы және әлсіздікті сезінсеңіз шұғыл түрде ағзаңызды тазалауға кірісіңіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға