Пневмонияны анықтаудың оңай жолдары

Бұл дерттен ажал құшқандар саны күн сайын артып жатыр

Елімізде соңғы күндері өкпе дертінен ажал құшқандардың саны артып кетті. Тәулік сайын пневмония диагнозы қойылған науқастардың да көрсеткіші көбейіп жатыр. Еліміздегі барлық өңірлердегі ахуал қиын. Ақтөбе мен Түркістан облысындағы жағдай тіптен ушығып тұр. Кей деректерге сүйенсек, Ақтөбеде екі күннің айналасында екі жүз адам пневмония сырқатына шалдығыпты. Атырау облысында да қайтыс болғандар тіркелуде. Сонымен, елімізде соңғы күндері көп айтылып жатқан пневмония дертін қалай анықтап, алдын алуға болады?

Пневмонияның басты себебі ретінде пневмококкты инфекцияны айтып жатады, ал пневмококк оның қоздырғышы болып саналады. Өкпе тіні қабынуынан пневмония туындайды, қабыну өз кезегінде альвеолаларды қоздырып, ондағы қабыну сұйықтығын дамытады екен. Дертке шалдыққаныңызды дене температурасының көтерілуінен, кеуденің ауырып, қақырығы мол жөтелдің пайда болғанынан білуге болады. Ал А типті пневмонияда құрғақ жөтел, бастың ауырып, тамақтың қышынуы, әлсіздікті байқайсыз. Пневмония бар-жоғын флюорографиядан өту арқылы біледі, яки өкпені рентгенографиядан өткізу керек.


Ілгеріде айтып кеткен белгілерге қарап, пневмонияның тұмау деп ойлап қателесетіндер көптеп кездеседі. Сол сияқты қазіргі кезде бұл дертті коронавируспен де шатастырып жүргендер жетіп артылады. Ақтөбедегі медицина орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев ауруханаға түсіп жатқан науқастарда вирусты пневмония екенін баса айтады:

– Ауруханаға түсіп жатқан науқастардан қан алып, тексеруге жіберсек коронавирус болмай шығады. Алайда, белгілері соған өте ұқсас екенін аңғаруға болады. Қазірде пневмонияға шалдыққан адамдар өте көп. Алдымен жеңіл түріне ұшырап, сосын уақытты созып жүруінің кесірінен ауыр түріне шалдығып жатады. Сонымен қатар, бойында аурудың белгісі жоқ, вирус тасымалдаушыларды да кездесуде. Дене қысымы көтеріліп, аздап жөтеліп, көп өтпей айығып кететіндер де бар. Әрине, олардың иммундық жүйесінің мықтылығынан деп білу керек. Жалпы, созылмалы дерті бар жандар мен аллергиясы барларға пневмониямен күресу ауырға соғуда, оны емдеу шығыны да біршама.

Сонымен, пневмония өте қауіпті дерт. Ал қандай кезде жедел жәрдем шақыру керек?

Кейде індет жұқтырғанда өкпе тіні ағзаны қалыпты оттекпен қамтамасыз ете алмайды. Осының кесірінен жүрек-қан тамыр жүйесі зардап шегіп, тіпті жұмыс істеу қызметі нашарлап кетуі мүмкін. Оған қоса, ми секілді өте маңызды ағзалардың қызметіне дақ түседі. Мұндай пневмония ауыр түріне жатқызылады. Ондай кезде бірден жедел жәрдемге хабар беріңіз.

Сондай-ақ, қауіп-қатер тобындағы жандар да дәрігерге көрінгені абзал. Олар:

- 65 жастан жоғарылар;

- симптомы бар 2 жастан төмен балалар;

- денсаулығы нашарлаған, иммундық жүйесі әлсіз адамдар;

- экзогенді интоксикациямен ауыратындар (алкоголь, есірткі);

- созылмалы аурулары бар науқастар, әсіресе декомпенсация стадиясындағылар (обструкциялық бронхит, жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті, бауыр циррозы);

- иммундық жүйені әлсіздендіретін химиятерапия және дәрі-дәрмек қабылдап жүрген жандар;

- ұзақ уақыт төсек тартып жатқандар.

Кейбір егде жастағыларға, жүрек жетіспеушілігі бар жандарға немесе созылмалы дертпен ауыратындарға жеңіл пневмонияның өзі өміріне аса қауіп алып келуі мүмкін. Сол себепті, аса сақ болған жөн!


Пневмония неден туындайды?

Пневмонияны көптеген микроағзалар шақыруы ықтимал. Ең көп таралған түрі ретінде біз жұтатын ауадағы бактериялар мен вирустар айтылады. Адам иммунитеті мұндай микроағзаларға оңайлықпен жеңістік бермейді. Алайда, ұзақ күрестен соң, ондай зиянды микроағзалар адамның иммундық жүйесінің осал тұсын таба біледі. Тіпті, жалпы жағдайыңыз жақсы болса да, бактерия мен вирустар ішіңізге кіріп кетуі мүмкін. Пневмония инфекцияны жұқтырған орнына қарай жіктеліп жатады. Мәселен, Ауруханадан тыс пневмония.

Ауруханадан тыс пневмония осы дерттің ең көп таралған түрі ретінде айтылады. Аты айтып тұрғандай ол емхана аумағынан тыс немесе басқа медициналық орталықтарда туындайды. Оның туындауына әсер ететіндер:

Бактериялар. Бактериялы пневмонияның туындауына себеп болатын біз ілгеріде айтып кеткен – пневмакокк (лат. Streptococcus pneumoniae). Бұл пневмония өздігінен немесе тұмаумен, суық тиюмен ауырған кезде өршиді. Ол өкпенің бір бөлігіне ғана әсер етуі мүмкін.

Бактерия тәрізді организмдер. Mycoplasma pneumoniae да пневмония шақыруы ғажап емес. Ол пневмонияның басқа түріне қарағанда жеңіл симптомдармен ерекшеленіп жатады. Жүретін пневмония – постельді режим ұстануға жеткіліксіз, пневмонияның ең жеңіл түрінің ресми емес атауы.

Саңырауқұлақ немесе зең. Бұл пневмонияның түрі созылмалы дерті бар адамдарда және иммундық жүйесі әлсіздерде кездесіп жатады. Сол сияқты осы микроағзаларды көбірек жұтып қойғандарда табылады. Саңырауқұлақтар және шақырушылар топырақта немесе құс нәжісінде кездесіп, географиялық ортаға қарай түрленуі әбден мүмкін.

Вирустар. Кейбір вирустар, тұмау вирусы, герпес-вирус, суық тиюге апаратын аденовирус пневмонияны шақыруы ғажап емес. 2 жастан төмен балаларда пневмонияны туындататын басты себеп – вирустар болып отыр. Вирусты пневмония жеңіл түрге жатады. Алайда кейбір жағдайларда өте сақтықты талап етеді.

Аурухана ішіндегі пневмония. Кейбір адамдар ауруханаға басқа аурумен түсіп өкпесін қабындырып алады. Аурухана ішіндегі пневмония өте қауіпті. Себебі, оны шақырушы бактериялар антибиотиктерге төтеп бере алады. Сонымен қоса, науқастың өзі бұған дейін антибиотик қабылдаған және тым әлсіз. Тыныс алу аппаратына байланған азаматтар, интенсивті терапия алып жатқандар пневмонияның ауыр түріне шалдығып жатады. Медицинаның араласуына тікелей байланысты пневмония – бактериалды инфекция болып келеді. Бұл пневмония ұзақ уақыттан бері медицина орталықтарында ем алып жатқан және амбулаторялық жағдайда жатқандарда кездеседі. Ол аурухана ішіндегі пневмония секілді антибиотиктерге күші жететін түрлі бактериялардан туындайды.


Тағы оқи отырыңыз: Пневмонияның маңызды 11 белгісі

Аспирациялық пневмония – бөтен заттармен және сұйықтармен аспирациялау нәтижесінде дамитын жедел пневмония. Оның туындауына мидың зақым алуы және алкоголь мен есірткі шамадан тыс пайдалану әсер етіп жатады.

Ілгеріде қауіп-қатер тобына жататындарды айтып кеткен едік. Оған қосымша, мына жайттарда пневмонияға шалдығу қаупі арта түседі:

Стационар: Емханада болған кезде пневмонияға ұшырау қаупі арта түседі, әсіресе интенсивті терапияда және жасанды өкпе аппаратын қолдануда сақ болған абзал.

Созылмалы аурулар. Пневмония қаупі бронхиалды астма, созылмалы өкпенің обструктивті ауруы немесе жүректің созылмалы дерті, қант диабеті және бауыр циррозы кезінде арта түседі.

Шылым шегу. Темекі тарту ағзаның бактерия мен вирустан қорғайтын табиғи қорғанысына зақым келтіреді.

Әлсіз иммунды жүйе. Бұл топқа иммун тапшылық вирусы бар жандарды, ағза ауыстырғандарды, туберкулезбен ауырып жатқан науқастарды, стероидтарды ұзақ уақыттан бері қабылдаушыларды жатқызады.

Пневмониядан қалай емдейді?

· Өкпe қабынyын антибиoтиктepмeн eмдey өмip нeмeсe өлiм мәсeлeсiнe кeлiп тipeлyi мүмкiн. Пенициллин ко-тримоксазол эритромицин бepiңiз. Наyқастың xалi нашаpлап баpа жатса пpoкаин-пeнициллин шанышыңыз, epeсeк адамдаpға: күнiнe 2—3 peт 400 000 eд (250 мг) нeмeсe күнiнe 4 peт 500 мг ампициллин iшкiзiңiз. Жас балалаpға epeсeктepгe бepiлeтiн дәpi мөлшepiнiң 0,5—025 мөлшepiн бepiңiз, 6 жасқа дeйiнгi балалаpға ампициллин бepгeн жөн.

·  Ыстықты түсipy жәнe аyыpғанды қoйғызy үшiн аспирин нeмeсe ацетаминофин бepiңiз.

· Наyқасқа мeйлiншe көп сұйық бepiңiз. Eгep наyқас тамақ iшe алмаса, oнда oған сұйық тағам нeмeсe peгидpат сyсынын бepiңiз.

·  Жөтeлдi жeңiлдeтy жәнe қақыpықты бoсатy үшiн дe көп сұйық iшy жәнe сy бyы ингаляциясын жасаy ұсынылады.

· Сыpыл бoлған жағдайда теофиллиннeмeсe эфедрин түpiндeгi дeмiкпeгe қаpсы дәpiлep қoлданy қажeт.

Пневмонияның алдын алу оңай. Ол үшін екпе қабылдаңыз. Кейбір пневмония түрі мен тұмауға арналған қолжетімді екпе салдырыңыз. Уақыт келе, вакцианация ұсынымдары өзгеріске ұшырайтындықтан алдымен дәрігермен кеңесіңіз. Балаларыңызға да екпе алдырудың маңызы жоғары. Дәрігерлер екі жасқа дейінгі және пневмококкты инфекцияға ұшырауы мүмкін 2-5 жас аралығындағы балаларға әртүрлі екпе ұсынады.

Тазалық шараларын сақтаңыз. Қолыңызды әрдайым сабындап жуып, антибактериалды құтыны алып жүріңіз. Әрине, темекі шекпеңіз. Өз иммунды жүйеңіздің беріктігін сақтаңыз, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтаныңыз. Созылмалы ауруларға аса қатты мән беріп, емдеуге көңіл бөліңіз.

«Сақтансаң сақтайды!» деген қарапайым ережені естен шығармаған жөн!

(Суреттер pixabay.com сайтынан алынды)


Ұқсас материалдар