Жаңалықтар

Пайдалы ұндар туралы не білесіз?

Жоғары сұрыпты бидай ұнының пайдасынан гөрі зияны басым.
Пайдалы ұндар туралы не білесіз?
06.01.2021 16:11 9126

Сіз қандай ұн тұтынасыз? Жоғары технологиямен өңделген, жоғары сұрыпты ұнның пайдасынан гөрі зияны басым екенінен хабарыңыз бар ма? Ал, пайдалы ұн түрлеріне қандай ұндар жатады және несімен пайдалы? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Пайдалы ұндар туралы не білесіз?

Қара кебек ұны (ржаная)

Ең пайдалы ұн! Құрамы А, В, Е дәрумендеріне сондай-ақ маргенец, темір, калий, цинк сынды минералдарға өте бай.

Күріш ұны

Байқасаңыздар мен күріш ұнын өте көп тұтынамын. Өте пайдалы ұн. Сондай нәзік әрі дәмді. Көбінесе торт, құймақ, панкейкке күшті. Арықтағысы келетіндер тұтынады. Құрамы дәрумендер мен минералдарға бай.

Пайдалы ұндар туралы не білесіз?

Жүгері ұны

Жүгері ұнын да көп тұтынамын. Күріш ұнына қарағанда сәл нығыздау келеді. Бірақ өте дәмді. Жүгері қаншалық пайдалы болса, ұнтақталған ұны сол құнарлылығымен ерекше.

Кокос ұны

Кокос ұны өте нәзік. Бір өзімен тағам пісіру күрделі процесс, себебі бірігуі қиындау. Десе де клечатқаға өте бай тағам. Қандағы холестеринді қалыпты етеді, антиоксидантқа бай. Ұн құрамындағы май көрсеткішінің жоғарылығына қарамастан, гликимиялық индексі төмен. Ішек жұмысына пайдасы зор. Калориясы аз.

Бидай ұны несімен зиян?

Жоғары сортты бидай ұны несімен зиян деген сауал туындауы мүмкін. Жауабын іздеп көрейікші.

Пайдалы ұндар туралы не білесіз?

  • Құрамында глютен бар (қайта глютенге деген аллергия көпшілік адамда кездесе бермейді);

  • Калориясы өте жоғары

  • Гликимиялық индексі бар

  • Крахмал бар

  • Құрамында клечатка жоқ

Ең бастысы жоғары сұрыпты бидай ұны жылдам көмірсуға жатады. Яғни ағзадағы су өз міндетін атқаруға қауқарыз болып қалады.

Ұнның құрамындағы пайдалы дәрумендер мен минералдар оны өңдеу барысында жоғалып кетеді. Сол үшін мүмкіндігінше өңделмеген ұн тұтынған абзал.

Көп жағдайда өндірушілер жоғары сұрыпты ұнның өңін аппақ шатырдай ету үшін әрі мейілінше ұнтақ болуы үшін өңдеу барысында Е 930 (калций перекисі) мен Е 928 (бензоил перекисі) сынды бояғыштар қосады.

Ұнды көп тұтынамыз, себебі нан, бауырсақ тізе берсек көпшілігіміздің сүйікті тағамдарымыздың басым көпшілігі ұнсыз жасалмайды. Десе де осы ақпараттан кейін сіз ойланатын боларсыз.

Пайдалы ұндар туралы не білесіз?

Ал, бүгін пайдалы ұн түріне жататын күріш ұнының денсаулыққа пайдалы тұстарын толық тарқатуға тырысып көрейік.

Күріш ұнының құрамы

Күріш ұнының құрамында пайдалы дәрумендер мен микроэлементтер көп.

Өнімнің жүз граммының құрамында:

Темір - 0,35 мг

Фосфор - 98 мг,

Кальций - 10 мг,

Магний - 35 мг,

Мырыш - 0,8 мг

Селен - 15,1 мкг

Мыс - 0,13 мг

Калий - 76 мг,

Марганец - 1,2 мг.

Дәрумендер:

В6 - 0,436 мг

Токоферолдар (Е витамині) - 0,11 мг

Рибофлавин - 0.021 мг,

Холин - 5,8 мг

Ниацин - 2,59 мг.

Липидтер:

Қаныққан май қышқылы - 0,386 г

Моноқанықпаған май қышқылы - 0,442 г

Жартылай қанықпаған майлы қышқылдар - 0,379 г

Пайдалы ұндар туралы не білесіз?

Күріш ұнының энергетикалық құндылығы

Күріш ұны - қар-ақ, жұмсақ сондай-ақ ұнтақ болып келеді. Белгілі бір иісі немесе дәмі болмады.

100 грамм күріш ұнының құрамында:

Көмірсулар - 80 грамм;

Ақуыз - 5,9 грамм;

Май - 1,42 грамм;

Су - 11 грамм;

Талшықты - 2,4 грамм болады.

Күріш ұны 80 пайызы крахмалдан тұрады. Құрамында глютен жоқ.

Пайдалы ұндар туралы не білесіз?

Ерекшелігі:

  • Гипоаллергенді (клейковина жоқ, балалар тағамына және диеталық мақсатта пайдалана аласыз);

  • Іштің кебуіне жол бермейді, метеоризм, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы болмайды;

  • Холестерин мен жүрек-қан тамырлары жүйесін тазартуға көмектеседі;

  • Көп мөлшерде энергия жұмсайтын спортшылар диеталық мақсатта тұтына алады;

  • Бүйрек және жүрек ауруларының жеткіліксіздігі, гастрит, ойық жарасы бар науқастар күнделікте рационында белсенді тұтына алады;

  • Күріш ұнының салмақ жоғалтуға тигізер әсері мол. Энергетикалық құндылығы жоғары болып саналатындықтан, күріш ұнынан жасалған тағамдарды тұтынатындар арасында қант және май қажеттілігін азайтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға