Жаңалықтар

Балалар арасында бүйрек ауруы өзекті болып тұр – дәрігер

Балалар арасында бүйрек ауруы өзекті болып тұр – дәрігер
07.06.2022 16:19 28096

Алматыдағы №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының нефрология бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Алпысбаева брифинг барысында балалар арасында бүйрек ауруы өршіп тұрғанын тұрғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды El.kz сайты BAQ.KZ сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, зәр шығару жолдарындағы инфекциялық аурулар бұрын екінші орында болса, қазір тыныс алу жолдары ауруларын басып озып, алдыңғы орынға шыққан. Бұған дәлел көптеген аналар баласының бүйрек ауруымен жүгінетін болған.

Кез келген адам бұл аурудың алдын ала алады. Ол үшін жылы сұйықтықты көп ішу қажет. Қыз балаларды дұрыс жуындыру қажет, сондай-ақ балалардың уақытылы дәрет сындыруын бақылау керек. Қысылып ұзақ жүрудің арты да осы ауруаға әкеледі,-дейді дәрігер.

Сонымен қатар ол балада бүйрек ауруы белгілері біліне бастаған кезде емханаға барып, зәр талдауын және УЗИ жасатып, маманға тексерілу керектігін жеткізді.

Дәрігер жасалған талдамаларға қарай отыр бұл ауурдың туа біткен немесе кейін пайда болғанын анықтайды. Жалпы бұл ауру микробтың асқынуынан болады. 85 пайыз жағдайда зәр шығару жолдары арқылы тарайтын инфекциялық ауру болып табылады. Бұны учаскелік дәрігер де анықтай алады. Дер кезінде ем жасалмаса ол созылмалы ауруға айналады. Оның салдары тіптен, бүйрек ауыстыру жағдайына да әкелуі мүмкін. Сол үшін дереу антибактериялық терпаия қабылдаған жөн,-дейді Сәуле Алпысбаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға