Жаңалықтар

Қазақстанның медициналық әлеуеті

Денсаулық сақтауды цифрлық жаңғырту
Қазақстанның медициналық әлеуеті
12.07.2018 11:33 6505

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар орталығы қызметінде өткен брифингте осыдан біраз уақыт бұрын халық алдында есеп берген кездесудің қорытындысы бойынша сөз сөйледі. Ол «Біз Қазақстанның табысты болашағы үшін дені сау ұлтты қалыптастыруда жағдайлар жасаймыз»,- деді. Еліміздің медициналық әлеуеті қандай? Медицинаны сандық жүйеге көшіруде қандай тиімді жаңашылдықтар енгізілуде? 

 

Ведомоство басшысының айтуынша, Денсаулық сақтау миністрлігі қазір алғашқы кезекте қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және нығайту мәселелеріне ерекше назар аударып отыр.

– Медицина саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижесін бойынша соңғы 5 жылда елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартуда жағымды серпін байқалады. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 6 жылға ұзарса, елімізде жалпы өлім-жітім 26 пайызға, ана өлімі 2,5 есе, ал сәби өлімі 2,6 есеге төмендеді. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім үш есеге, туберкулезден болатын өлім-жітім бес есеге, қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 27 пайызға төмендеді,- деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Министр келтірген деректерге назар салсақ, әлеуметтік маңызды мәселелердің бірі халықты қолжетімді және қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Соңғы 10 жылда елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша сатып алынатын дәрі-дәрмек атауларының саны 2,5 есеге өскен. Мемлекеттік қаржыландыру сомасы 6,4 есеге артса, мемлекеттік бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны соңғы 5 жыл ішінде 15%-ға артқан.

Дәрілік заттармен қамту процесінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамассыз ету мақсатында жыл басынан бері амбулаториялық дәрі-дәрмектерді сатып алуды орталықтандыру қолға алынды. Оның шеңберінде онлайн трансляция режимінде сатып алуды ұйымдастыру жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде 23 млрд. теңге көлемінде бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туды. Осы қаражатты тиімді игеру мақсатында қазір өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары орталықтандыру кезінде анықталған тапшылықтың орынын толтырып, емделуге мұқтаж азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталған қосымша өтінімдерді қабылдады. 

Қазір Бірыңғай дистрибьютор СҚ-Фармация жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылға арналған халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Нақтырақ тоқтиалар болсақ, 2018 жылдың жылдың тамыз айының соңына дейін дәрілік заттарға қажеттілік қалыптастырылатын болады, ал қыркүйектің аяғына дейін 2019 жылға сатып алу жүргізіледі, қарашада сатып алынған препараттарды СҚ-Фармация қоймасына жеткізу күтілуде. Ал, 2019 жылдың басында дәрі-дәрмек халықтың қолына тию үшін еліміздің медұйымдарына жеткізілетін болады. Бірыңғай дистрибьютордың сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыстар жасалуда. Бірыңғай дистрибьютор компаниясы 2019 жылға дейін электрондық сатып алу форматына өтуді жоспарлап отыр. Жаңа электрондық портал әзірленіп, оның негізінде дәрі-дәрмектерді сатып алу жүргізілетін болады. Оның таныстырылымы 17 шілдеде өтеді. Ал СҚ-Фармацияның келесі сатып алулары электронды түрде өткізілмекші. 

Брифингте министр сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмекті  жаңғыртуға тоқталып өтті. Ведомоство басшысының айтуынша, МСАК шеңберінде ЖПД учаскелерін ұлғайту бөлігінде отбасылық медицина күшейтілмек. Мәселен, өткен жылы жалпы практика дәрігерлерінің (ЖПД) учаскелері 12%-ға артса, жалпы практика дәрігерлерінің саны айтарлықтай өскен. ЖПД даярлау бағдарламасы қайта қаралған. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек шеңберінде  денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау тұрғысынан амбулаториялық-емханалық мекемелер құрамында 236 туберкулезге қарсы, 1644 қарап-тексеру (әйелдер мен ерлерді), 392 онкологиялық, 287 маммологиялық кабинеттер және 42 психикалық денсаулық кабинеті жұмыс істейді. 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және жалпы практика дәрігеріне түсетін жүктемені 1500 бекітілген халыққа дейін төмендету мақсатында педиатрия учаскелерін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде.  2017 жылы 149 жаңа педиатрия учаскелері құрылған.

Елжан Біртановтың айтуынша, кезек күттірмейтін медициналық көмекті халықаралық стандарттарға жақындату үшін жедел көмектің бірыңғай диспетчерлік қызметі, шұғыл емес шақыруларды емханалардың құзырына  беру, медицина қызметкерлерін реанимациялық көмектің әлемдік стандарттарына оқыту енгізілмек.

Денсаулық сақтау министрлігі триаж жүйе енгізіп, көп салалы стационарға кез келген бейіндегі пациентті қабылдауға дайындық арқылы стационарлардың қабылдау бөлімшелері қызметінің жаңа форматын регламенттеді. Осының нәтижесінде жедел көмектің жету уақыты 25 минуттан 18 минутқа қысқарса, емдеуге жатқызуға дейінгі өлім азайды, реанимацияның табыстылық көрсеткіші өсті.

Денсаулық сақтауды цифрлық жаңғырту

– Денсаулық сақтауды цифрлық жаңғырту үшін медициналық ақпараттық жүйелер енгізілуде, - деді министр. – 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қағазсыз жұмыс форматына өту жоспарланып отыр. 2016 жылмен салыстырғанда аудандық деңгейге дейін медициналық ұйымдардың медициналық ақпараттық жүйелермен қамтылуы 38 пайыздан 96,7 пайызға яғни 2,5 есеге артты. Компьютерлермен жабдықтау 34 пайыздан 85,5 пайызға дейін, ал интернет желісіне қолжетімділік 40,9 пайыздан 63,2 пайызға дейін яғни 22,3 пайызға өсті. Деректерді толық резервтеуді және көшіруді қамтамасыз ететін деректерді өңдейтін екі орталық жұмыс істейді. Сонымен бірге денсаулық сақтау және медицина саласындағы мобильді қосымшалардың отандық әзірлеушілері үшін орта құрылды, атап айтқанда қазір халықтың 17 қосымшаға қолы жетеді.

Отандық педиатрия

Денсаулық сақтау министрі отандық педиатриялық көмектің рөлін ерекше атап өтті.  Оның айтуынша еліміздегі ең кішкентай пациенттер үшін педиатриялық көмекті жетілдіру шеңберінде туа біткен ақауларды түзетудің инновациялық әдістері енгізілуде. Осындай филиграндық операциялардың артуы соңғы 5 жылда 28 пайызды құраса, қорғайтын эндоскопиялық араласуларды қолдану 10 пайызға, туа біткен ақауларды операция арқылы емдеудің табысты аяқталуы өткен жылы 86 пайызды құраған. 

– Біз сыртқы есту тесіктерінің болмауы сияқты аурумен күресуді, есту дамуының туа біткен ақауларын реконструкциялау-қалпына келтіру операцияларын жасауды үйрендік,- дейді минстр сөзін сабақтап. – Балалардың кардиохирургиялық қызметі өзінің әлеуетін арттырып келеді. 2017 жылы сәбилердегі туа біткен жүрек ақауын жою бойынша 2,5 мыңнан астам операция өткізілді. Отандық балалардың онкогематологиясы қанашама балалардың өмірін сақтап қалуда. Мәселен, соңғы 5 жылда сүйек кемігін транспланттау саны 8 есеге артты. Қант диабетімен күресу бағытында мемлекет кіші пациенттерімізді қандағы глюкоза көрсеткішін түзету үшін инсулинді дозамен пайдалануға мүмкіндік беретін инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етуді жалғастырып келеді. Одан басқа, министрлік жаңа анықталған науқастарды 2018 жылдан бастап осы медициналық бұйыммен тегін қамтамасыз ету туралы помпа жеткізушілерімен меморандум жасады.

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы

дамудың жаңа мүмкіндіктері

Министр Елбасының жолдауында айтылған негізгі міндеттердің бірі  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты бөлігіне тоқталды. Министрлік қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту бойынша шаралар жоспарын әзірлеп, оны бекіткен. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін енгізу шеңберінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кепілдік берілген көлемінің тізбесі мен пакетін жетілдіру бойынша заң жобасын әзірледі және Үкіметтің қарауына енгізді. 

Брифингте сөз болған келесі бір мәселе – денсаулық сақтау саласында жеке кәсіпкерлер үшін кедергілерді азайту. Денсаулық сақтау саласына, оның ішінде МЖӘ базасында инвестициялар тартылуда. Жоғарыда атап өткендей, 2018 жылдың соңына дейін цифрландыру денсаулық сақтаудың барлық аспектілерін қамтиды. Дәрі-дәрмектің бағасын реттеу туралы заң жобасы әзірленіп, Парламентке жіберілді. Осы жылдың соңына дейін дербестендірілген медицина бойынша жос картасы іске қосылатын болады. Үкімет Онкологиялық аурулармен күресу, оның ішінде астанада ғылыми онкологиялық орталықты құру бойынша кешенді жоспарды әзірлеп, қабылдаған.

Қазір «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редакциясы әзірленуде. Сонымен қатар Астана қаласында 25-26 қазанда Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Алматы декларациясының қабылдануының 40 жылдығына арналған Жаһандық конференция өтеді. Оған 190-нан астам ДДҰ-ға мүше мемлекет өкілдерінің қатысады деп күтілуде.

Мемлекеттен дәрі-дәрмек алатындар саны 15%-ға арты

Соңғы 5 жылда мемлекеттік бюджет есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз етілген пациенттердің саны 15%-ға өскен. Осыдан біраз уақыт бұрын халық алдында есеп берген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерге және денсаулық сақтау жүйесінің басым міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің мәселелеріне толық тоқталған еді. 

Елжан Біртановтың айтуынша, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесінің алдына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру, жекеменшік секторды реттеу және қолдау, МЖӘ дамыту, корпоративтік басқару мен саланы цифрландыру, сондай-ақ МӘМС енгізу міндетін қойды.

«Соңғы онжылдықта елдің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін талдау сатып алынатын дәрілік заттар атауы санының 2,5 есеге өскенін, мемлекеттік қаржыландыру сомасы 6,4 есеге артқанын көрсетеді. Соңғы 5 жылда мемлекеттік бюджет есебінен дәрілік заттармен қамтамасыз етілген пациенттердің саны 15% -ға өсті», - деді министр.

«Министрлік триаж жүйесін енгізу арқылы және кез-келген бейіндегі пациенттерді көп бейінді стационарға қабылдау дайындығымен стационарлардыӊ қабылдау бөлімшелері қызметініӊ жаӊа форматын регламенттеді. Қабылдау бөлімшелерініӊ жағдайында шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін жаӊа дәрігерлік мамандық – қабылдау бөлімшесініӊ дәрігері («emergency doctor») енгізілетін болады. Осыған байланысты мамандарды оқыту және тренерлерді даярлау жүргізілуде. Жаңа форматтың нәтижесі стационарларда пациенттердің күнделікті өлім көрсеткішін төмендеутетін болады», - деп қосты министр.

Медицина саласын цифрландыру бойынша еліміздің медициналық ұйымдарын ақпараттық-технологиялық жарақтандыру жүргізіліп жатыр. Қарағанды, Ақмола және Қостанай, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар және Маңғыстау облыстарында медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізу басталды. Биылғы жылдың соңына дейін медицина құжаттамаларын цифрлық форматта жүргізуге саланы толық көшіру қамтамасыз етіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға