Жаңалықтар

Жүзудің 5 негізгі техникасы

Суда жүзу ұнай ма?
Жүзудің 5 негізгі техникасы
30.06.2017 12:16 56486

Тұрақты түрде жүзумен шұғылдану адамның денсаулығына оң әсерін тигізіп, жұмысқа қабілеттілігін белсенді етеді. Жүзу барысында бұлшық еттер жұмыс жасайды. Жүрек қан тамырларының жүйесі жақсарғаннан жүрек соғысы да реттеліп, қан айналымын жүйеге келеді. Жүзумен машықтанатындардың тыныс алу мүшесі мықты болады. Әсіресе, көкірек қуысы кеңейіп, тынысы ашылады. 

Сіз егер жүзіп үйренуді енді жоспарлап жүрген болсаңыз суда жүзудің 5 негізгі әдісімен таныс болыңыз.  

Құлаштап жүзу

Құлаштап жүзу – жүзудің ең жылдам тәсілі. Аты айтып тұрғандай екі қолды құлаш сермеп, дененің сол және оң жағын алма-кезек ескек ескендей есу арқылы жүзу стилі. Құлаштап жүзгенде аяқтың қимылы дәл қолдың қимылындай сол ретпен кезек-кезек көтіріліп-түседі. Суда жүзуші адамның  беті су астында болатындықтан, дамыл-дамыл дем алып тұру үшін басын бұрып тұрады.

Брасс

Брасс – қолды судан шығармай су ішінде кеудемен ұзыннан жатқан қалпында аяқ-қолдың қатар қимылдауы.

Баттерфляй

Баттерфляй немесе дельфин – жүзудің техникалық жағынан ең қиын әрі шаршататын түрі саналады. Дененің сол және оң жақ бөлігі бір уақытта симметриялы қозғалыс жасайды. Баттерфляй – жылдамдық жағынан құлаштап жүзуден кейін екінші орында тұр.

Шалқалап жүзу

Шалқалап жүзу – құлаштап жүзу тәсіліне өте ұқсас келеді. Құлаштап жүзгенде екі қолды құлаш сермеп, дененің сол және оң бөліктері алма-кезек қозғалса, аты айтып тұрғандай жүзуші шалқалап жүзеді.

Бүйірлей жүзу

Бүйірлей жүзудің – қолданбалы мәні зор. Осы әдіспен жүзе білу көп жағдайда киіммен жүзу немесе зардап шеккен (суға батқан) адамды бір қолмен сүйреп алып шығуға ыңғайлы әдіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға