Жаңалықтар

Гиннесстің рекордтар кітабына енген 15 жетістік

Гиннесс рекодтар кітабына кірген қандай 
Гиннесстің рекордтар кітабына енген 15 жетістік
23.06.2017 16:49 18636

Гиннесс рекодтар кітабына адамның ғана емес, барлық тіршіліктің ғажап қасиеттері енеді. Атақты кітап алғаш 1955 жылы ирландтық сыра қайнатушы «Гиннесс» компаниясының басшысы Хью Бивер сэрдің тапсырысы бойынша жарық көрген. Әйгілі кітапқа  Қазақстанның атынан енген керемет жетістіктер аз емес. El.kz порталы ең таңқаларлық фактілерді назарларыңызға ұсынады.   

Қазақстан «әлемдегі теңізге тіке шыға алмайтын аумағы ең үлкен мемлекет» ретінде Гиннес рекордтар кітабына тіркелген.

2011 жылы желтоқсанда қазақ география қоғамының экспедициялық тобы оңтүстік полюске дейінгі 2308 километр жолды автокөлікпен 108 сағатта басып өтті (орташа жылдамдығы – 21,37 км/сағат). Бұл экспедияция «Оңтүстік полюске құрлық арқылы жеткен ең тез орташа жылдамдықтағы сапар» ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енді.  

Гиннесс рекордтар кітабына «әлемдегі ең биік шатыр құрылыс» ретінде елорда төріндегі «Хан шатыр» ойын-сауық кешені тіркелді. Биіктігі 150 метрден асатын ғимараттың сәулеті кез-келгеннің таңдайын қақтырмай қоймасы анық.  

2003 жылы қыркүйектің 27-сі күні бүкіл Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттау үшін өткізілген аэробикалық жаттығу рекордтар кітабына енді. Елдің бар өңірінде бір мезетте 4 миллион 845 мың 98 адам радиодан берілген әуен арқылы қимылдаған шара «әлемдегі ең көп адам қатысқан аэробикалық жаттығу» ретінде танылды.

Тұңғыш ғарышкер 1989 жылы 1 қарашада алғашқы болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. «Тбилиси» крейсерінен жаңа әдіспен ұшақты көкке көтеру оқиғасына бүкіл әлем көз тікті десе де болады. Авиация тарихында тұңғыш рет мұндай әдіспен ұшуды жүзеге асырған қазақтың ерлігі Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

Косманвт Талғат Мұсабаев бір ай ішінде бес рет (30 сағат 8 минут) ашық ғарышта болған сапары үшін Гиннесс рекордтар кітабына енген.

Қазақстандық марафоншы Марат Жыланбаев жеті мәрте рекорд орнатқан. Ол Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шықты. 1992 жылы 20 күнде Қарақұм шөлін (1200 километр), 1993 жылы 24 күн ішінде Сахара шөлін (1700 километр), сол жылы 22 күнде Үлкен Виктория шөлін (1600 километр),  1994 жылы 17 күнде Мохава шөлін (1218 километр) басып өткен.

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин де рекордтар кітабына енді. Қазақстандық боксшы бұл құрметке нокауттар саны жағынан ең жоғары көрсеткіш, 91,67%-ды, көрсеткені үшін ие болып отыр. Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Головкин 36 жекпе-жек өткізіп, оның 33-ін нокаутпен ұтты. Сондай-ақ қатарынан 23 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Қазіргі таңда бұл – орта салмақтағы әлем чемпиондары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

1985 жылы екібстұздық «Богатырь» көмір алабы Гиннесстің рекордтар кітабына әлемдегі ең ірі көмір кеніші ретінде енді.

Екібастұз қаласындағы ГРЭС-2 – әлемдегі ең ұзын түтін шығаратын құбыр. Оның ұзындығы – 419,7 м. Мұнараның ең биік шыңына жаяу көтерілу үшін 4 сағаттай уақыт жұмсау керек. Әйгілі Эйфель мұнарасының биіктігімен салыстырар болсақ, ГРЭС-2 оған қарағанда 100 метрге биік. ГРЭС-2 кешенінің қуаттылығы мен мүмкіншілігі Байқоңыр сынды ірі космодром мен өзге де стратегиялық маңызды нысандарды қамтамассыз етуге қауқарлы.

2014 жылы Алматы тұрғындары «Аналар күнін» мерекелеу аясында 856 келі бауырсақ пісірді. Оны дайындауға барлығы 650 кг ұн, 650 литр өсімдік майы, 450 литр су, 15 кг тұз және 15 кг қант жұмсалды. Бұл оқиға рекордтар кітабына «Ең көп пісірілген және желінген бауырсақтар» деген атпен кірді.

2015 жылы «Медеу» мұз айдынына бір сәтте 523 адам шығып, тербеле коньки тепті. Осы көрініс Гиннесс рекордтар кітабына енді. Рекордты орнатуға жоғары оқу орындарының студенттері, қала азаматтары мен еріктілер атсалысты.

«Қазақ халқының ұлттық тағамы»  Қытайда тұратын этникалық қазақтардың арқасында Гиннесстің рекордтар кітабына тіркелді. Қытай азаматы Жарқын Бармақұлы ұзындығы 1111 метр болатын қазы аударды. Ол қазыға 44 жылқының етін пайдаланған. Тағамның салмағы – 4572 келіні құраған. Суреттегідей диаметрі 6.5 метр алып табаққа қойылған кезде айналма қабаты 71 қатар, ал биіктігі 4 метрге жеткен.

2010 жылы Қытайдың Ұйғыр автономиясында тағы бір рекорд тіркелді. Бұл жолы он мың 10 домбырашы бір сәтте қазақтың «Кеңес» күйін орындап, Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

Әлемдегі ең кішкентай домбыраны Болатбек 2012 жылы Кәрімханұлы жасады. Домбыраның ұзындығы – 45 мм, енді – 14 мм болды. Шынашақтай домбырасы үшін шебердің аты Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға