Фотосуретіңізді мерекелік өрнекпен безендіріңіз!

06.03.2017 3254

8 наурыз халықаралық әйелдер күні

Бүгіннен бастап әлеуметтік желі пайдаланушылары аватар суреттерін 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мейрамына орай ұлттық нақыштағы логотиппен безендіре алады.

Әлеуметтік желіні пайдаланушылар  25.el.kz. сервисі арқылы өз фотосуреттерін наурыз мейрамына орай жасалған мерекелік логотиптермен көркемдеуіне болады. Ол үшін сервисімізге қосымша тақырыптық логотиптер жинақталған батырма қосылды. Әрбір пайдаланушы аватарын қалауына қарай көркемдей алады. 

Сонымен қатар көптеген қолданушылар өз қиялынан туған мерекелік символдарды ойлап тауып, редакцияға жіберуде. Осыған орай сервисімізге «Өз нақышыңды ұсын» атты жаңа функция қосылды.

25.el.kz. сайтында 16 түрлі негізгі патриоттық нақыштағы логотип ұсынылған. Ал, Наурыз мерекесі қарсаңында сервисімізге ұлыс күніне орайластырылған тағы 16 жаңа логотип қосылып отыр.

 

Ұқсас материалдар