Жаңалықтар

Ақпараттық-сараптамалық бағдарламаның жарқын үлгісі

Ұлттық телеарнадағы "Апта" бағдарламасы туралы
20.12.2017 11:00 7168

Қазақстан Ұлттық телеарнасы - бiрiншi ұлттық қазақстандық телеарна. 1958 жылы негізі қаланған. Сол жылы "Қазақстан" ұлттық телеарнасы "Қазақстан" қонақ үйі 8 наурызда Алматы студиясынан алғашқы хабар берілді, желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақ теледидарының тарихында жаңа кезең басталды. 1994 жылы 4 сәуірде Қазақстан Президентінің жарлығымен "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы болып құрылды. 2002 жылдан "Қазақстан" ұлттық телеарнасы деп аталды. Телеарнада күніне қазақ тілінде 4 рет, орыс тілінде 4 рет жаңалықтар топтамасын беретін ақпараттық талдау бағдарламасы дирекциялары, "Ел" (қоғамдық-саяси және әлеуметтік - экономикалық хабарлар) шығармашылық бірлестіктері жұмыс істейді. "Мезгіл", "Бар мен жоқ", "Қатардағы жауынгер", "Ақжүніс" топтама хабарлары берілді. Екі тілде "Достық" тележурналы шығып тұрады. "Мир" телеарнасының тапсырмасы бойынша "Достастық жаңалықтары" беріледі. Телеарнаның 13 облыстық және 1 қалалық (Семей) бөлімшесі бар. Оның хабарларын 2003 жылы Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің Қазақстанмен шекаралас 12 облысы мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономдық аудандарының тұрғындары көре бастады

         Мемлекеттік ақпарат саясатының ең ықпалды ресурстарының бірі саналатын Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамында «Қазақстан» Ұлттық арнасы, «Қазақ радиосы», «Шалқар» және «Астана» радиолары бар. Бұған қоса Қазақстанның түкпір-түкпірінде он төрт облыстық филиалы жұмыс жасап жатыр, балаларға арналған «Балапан» арнасын іске қосты. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде ірге көтеріп, бүгінгі таңда Республика көрермендерінің 100% пайызын дерлік қамтитын Бірінші «Қазақстан» Ұлттық арнасы көршілес Ресей Федерациясы аумағына, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратады.

«Қазақстан» - телевизиялық танымдық-тағылымдық, көңілашар-ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде көшбасшы орын алып, ұдайы даму үстінде келе жатқан үздік телеарналардың бірі.

         Мемлекет атын иеленген Бірінші арнаның жаңа заманғы ең үздік құрылғылары техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды жүргізуге де зор мүмкіндігі бар. Соның мысалы ретінде, Мемлекет басшысының елдің барлық облыстарымен жүргізген телекөпірлері немесе әскери парадтар, кейінгі НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі Азиада сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы өткізілді.

Бүгінгі таңда Ұлттық телеарна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көптеп саналады. Бұл бағытта Ұлттық арнаның таңертеңгілік ақпараттық-сазды «Таңшолпан» бағдарламасы жұмыс жасайды. Сол секілді миллиондаған спорт жанкүйерлері де «УЕФА чемпиондар лигасы», «УЕФА Еуропа кубогі» сынды тартыстарды тамашалап өзге де көптеген ірі спорттық жарыстарды осы Бірінші Ұлттық арна арқылы көрсетіледі. Әсіресе, «Қазақстан» Ұлттық арнасы кейінгі Қысқы Азиада ойындарып жан-жақты көрсеткен.

         Спорттық бағдарламалармен қатар көңіл серпілтетін ойын-сауық хабарларының бірі «Екі жұлдыз», «Кеш жарық» сияқты музыкалық шоулар. Әлемдік кеңістікке көз тігумен қатар ежелгі ұттық құндылықтарға да дендеп бет бұрған бұқара көпшіліктің көңілінен шыққан бағдарламалардың қатарынан «Сен сұлу» хабары. Айрықша бағдарламалардың бірі рухани өмірі аса бай, эстетикалық құндылықтары айрықша насихаттайтын, қазақ халқының қолданыстан шығып қалған көне сөздерін дәріптеуге бағытталған «Сөз мерген» бағдарламасы.

         Қазақтың жезтаңдай әншілері дәстүрін үндейтін «Сегіз қырлы» бағдарламасы. Сондай-ақ, ұрпақты ұлттық мәдени құндылықтардың бағасын білуге баулып, бүлдіршіндер арасынан сол лайықты дәстүрді жалғастыратын болашақ өнер жұлдыздарын іріктеуге негізделген «Айгөлек» бағдарламасы. Отбасылық-ойын-сауықтық бағдарламасы «Толағай».

«Қазақстан» Ұлттық арнасы көрсетілімдерінің елеулі үлесі көркем фильмдер мен сериалдардың трансляциясына беріледі. Телеарна эфирі барлық фильм жанрларын ұсынып отырады - әлемдік классика, детектив, комедия, арт-хаус, триллерлер және экшн-фильмдер. Қазір қазақ елі көрермендеріне үздік түрік және корей сериалдары көрсетіледі

«Қазақфильм» киностудиясының «Тақиялы періште», «Менің атым Қожа», сондай-ақ, соңғы жылдардағы «Қызжылаған», «Көшпенділер», «Біржан сал» сияқты туындаларына беріліп жүр. Ұлттық арна түрлі жанрлардағы бағдарламалар шығарумен қоса көркемсуретті фильмдер жасаумен де айналысып келеді. Оған мысал ретінде жаңа заманғы көпшілік-ситком жанрында түсірілген «Айналайын», «Астанаға көктем кеш келеді» сияқты дүниелерді атауға болады.

         Қазір жобалар өндірісінде телехабарлар таратудың виртуалды студиясы сияқты ең соңғы жетістіктері кеңінен қолданыла бастады. Графикалық технологияның дамуына байланысты жарық қою құпияларын жіті пайдалану арқылы жүзеге асатын виртуалды декорациялар жасау мүмкіндігі пайда болды. Телеарна жуырда өндірістің, сондай-ақ бейнеконтентті өңдеу мен сақтаудың сандық технологиясына көшті. Бүгінде белгілі бір оқиғаны жан-жақты қамтып көрсете алатын «Қазақстан» арнасындағыдай он екі камералық жылжымалы телевизия құрылғысы ТМД елдері телевизиясының көпшілігінде жоқ. Бұл техниканың ең соңғы буыны саналады.

            Қазір «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамына кіреді. Отандық телевизияның алғашқы қарлығашы ретінде 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарата бастаған. Техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайған телеарна 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар ішінде төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді. Бүгінгі таңда еліміздегі ең ірі медиа құрылым. Телеарнаның техникалық әлеуеті Республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, заманауи телетаратылымның барлық талаптарына сай. Қазіргі заманғы ең үздік құрылғылар техникалық аса күрделі тікелей трансляцияларды жүргізуге де зор мүмкіндік туғызып келеді. Мәселен, Мемлекет басшысының елдің барлық облыстарымен жүргізген телекөпірлері немесе әскери мерекелік парадтар, НАТО Саммиті, ЕҚЫҰ елдері-қатысушылары Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі, дүбірлі Азиада, Euro-2012 сияқты көптеген шаралар Ұлттық телеарнаның толықтай техникалық қолдауы арқылы өткізілді. Бүгінгі таңда Ұлттық телеарна эфирінде әр түрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп. Әлемнің түкпір-түкпірін қамтитын тілшілік желі жаңалықтар қызметіне елдегі және төрткүл дүниедегі барлық маңызды оқиғаларды шұғыл түрде жариялап отыр. «Қазақстан» Ұлттық арнасы көрсетілімдерінің елеулі үлесі көркем фильмдер мен сериалдардың трансляциясына беріледі. Телеарна эфирі барлық фильм жанрларын ұсынып отырады - әлемдік классика, детектив, комедия, арт-хаус, триллерлер және экшн-фильмдер. Ал, негізгі орын отандық «Қазақфильм» киностудиясының туындаларына берген. Ұлттық арна түрлі жанрдағы бағдарламалар шығарумен қоса, отандық көркемсуретті фильмдер жасаумен де айналасып келеді. Қазір жобалар өндірісінде телехабар таратудың виртуалды студиясы сияқты ең соңғы жетістіктері кеңінен қолданыла бастады. Графикалық технологияның дамуына байланысты жарық қою құпияларын жіті пайдалану арқылы жүзеге асатын виртуалды декорациялар жасауға мүмкіндік бар. Телеарна өндірістің, сондай-ақ, бейнеконтентті өңдеу мен сақтаудың сантаңбалық технологиясына көшкен. Бұл жүйені іске асыру жеделдікті көтерумен бірге телеарна шығармашылық бірлестіктерінің еңбек өнімділігін арттыруға зор мүмкіндік туғызады. Белгілі бір оқиғаны жан-жақты қамтып көрсете алатын «Қазақстан» телеарнасындағыдай он екі камералық жылжымалы телевизиялық құрылғы ТМД елдері телевизиясының көпшілігінде жоқ. Бұл техниканың ең соңғы буыны саналады. Танымдық-тағылымдық, көңілашар ойын-сауық, спорттық бағдарламалары өндірісінде көшбасшы орын алып, ұдайы даму үстіндегі телеарна 2012 жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығынан» хабар тарата бастады. HD форматқа толықтай көшкен телеарна медиа кеңістіктегі әлеуетін жыл сайын ұлғайтуда. ТNS Гэллап Медиа Азия (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының 2013 жылдың 1 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында жүргізген зерттеуінің нәтижесінде «Қазақстан» ұлттық телеарнасы тұрғындары 100 мыңнан аспайтын елді мекендер (шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары) арасында 23,3 пайыз орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орынға шықты. Осылайша, алты жастан жоғары қазақ және орыстілді көрермендер арасында Ұлттық арна қазақтілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық аудитория бойынша да үздік. Зерттеу басталғалы (2012 жылдың сәуір айынан бері) алты жастан жоғары тек қазақтілді көреремендер саны бойынша, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы 30,6 пайыздық орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орында келеді. Ал, 2013 жылдың тамыз айында ТНС Гэллап Медиа Азия (TNS Gallup Media Asia) зерттеу компаниясының мәліметтері бойынша, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының рейтингісі 100 мыңнан жоғары тұрғындары бар елді мекендер арасында 55 пайыз орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен 47 пайызға пайызға өсті. Бұл - «Қазақстан» телеарнасы тарихындағы бұрын-соңды болмаған үлкен жетістік. Айта кетерлігі, 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендердегі алты жастан жоғары қазақ және орыстілді көрермендер арасында да 23,2 пайызбен биылғы жылдың басынан «Қазақстан» ұлттық арнасы өзге хабар таратушылардың алдына шығып, жетекші орынға тұрақтады. Аталмыш зерттеу компаниясының мәліметтері 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын «Қазақстан» телеарнасының өзге ұлттар арасында да үлкен сұранысқа ие екенін көрсетіп отыр. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын онлайн-режимінде де көруге мүмкіндік бар. Телеарнаның жеке сайты - http://kaztrk.kz 2014 жылдың 11 сәуірінде «Қазақстан» РТРК АҚ шығармашылық ұжымы Еуропалық одақтың «Қазақстан Үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» жобасы бойынша жеңімпаз деп танылды.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға