Жаңалықтар

Әзірге қоржында 3 қола

Токио Олимпиадасы жалғасып жатыр
Әзірге қоржында 3 қола
03.08.2021 16:22 3431

Сонның ерлігі

Әзірге қоржында 3 қола

Игорь Сон 1998 жылдың 16 қараша күні Алматы облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Паттаяда өткен Әлем чемпионатында 55 келі салмақта күміс медаль жеңіп алған. Ендігі Игорьдің қоржынына Токио Олимпиадасының қола медалі қосылып отыр. Бір қызығы, ауыр атлетші Олимпиада ойындарында жаттығу кезінде көтеріп жүрген салмағынан сегіз келі артық зілтемірді бағындыра білді.

Игорь 2013 жылы өзінің алғашқы халықаралық жарысы – Жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігіне қатысып, 13 орынға тұрақтаған еді. 2015 жылы Азия жастар чемпионатында 50 келі салмақта чемпион атанды. Ал ересектер арасында алғашқы бәсекесі болған Әлем біріншілігінде 2 орыннан көрінді. Ол екі жаттығу нәтижесінде 266 ұпайға қол жеткізген еді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 2020 жылы Ташкентте өткен ауыр атлетикадан халықаралық бірлік чемпионатында 61 келі салмақта сынға түсіп, алтыннан алқа тақты.

Токиодағы жетістігінен кейін Игорь Сон: «Қола медаль еншілеймін деп ойлаған жоқпын. Сайыс барысында үшінші орыннан көрінетін жақсы мүмкіндік туындады. Оны міндетті түрде пайдалану керек болды. Мұнда көтерген салмақты мен ешқашан бағындырып көрмеппін. Бұл менің жеке рекордым», - деді. Жас ауыр атлетшіден алдағы Олимпиадалардан алтын күтеміз!

Елдостың Олимпиададағы екінші жүлдесі

Әзірге қоржында 3 қола

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовтен бүкіл Қазақстан жұрты алтын күткені белгілі. Спортшы жартылай финалда жапон дзюдошысы Наохису Такатоға есе жіберді. Бірақ, қола үшін тартысты кездесуде қарсыласын жеңіп, Токио Олимпиадасының жүлдегері атанды.

Елдос 1992 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысында туған. Ол 2015 жылы Астанада өткен әлем чемпионатының, Жастар арасындағы Әлем чемпионатының, 2016 жылы Ташкентте өткен Әлем чемпионатының, халықаралық «Grand Prіх» турнирнің үш дүркін жеңімпазы.

Сонымен қатар, Елдoс Сметoв 2010 жылы Мopoккoда өткен жастаp аpасындағы жаpыстан чемпиoн атанды, 2011 жылы Oңтүстiк Афpика Pеспyбликасында жастаp аpасында өткiзiлген жаpыста қoла медаль, 2011 жылы Қытайда әлемдiк қoла гpан-пpи жүлдесiн алды. 2011 жылы Өзбекстанда өткiзiлген жаpыста әлем кyбoгының жүлдегеpi атанды,2013 жылы Пoльшада өткiзiлген Еypoпа кyбыгын, 2013 жылы Гpyзияда Еypoпа кyбыгының күмiс жүлдегеpi атанды. Оған қоса, 2013 жылы Таиландта өткiзiлген Азия чемпиoнатының күмiс жүлдегеpi, 2013 жылы Алматыда өткiзiлген әлемдiк Гpан-пpидың бас жүлдегеpi атанды. «TAK Astana Club» құpамында бoлып, 2013 жылы Астанада бoлған халықаpалық жаpыста 1 opынды иелендi.

Елдос қола жүлдегер атанғаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында:

«Көңіл-күйім өте жақсы. Әрине, бұл Олимпиадаға алтын үшін келген едік. Қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Маған бұйырғаны үшінші орын шығар. Көңілімде «финалға жетпедім, алтын алмадым» деген ешқандай өкініш жоқ. Бар күшімді жартылай финалда сарп еттім»- деді.

Зульфияның «қымбат» қоласы

Әзірге қоржында 3 қола

Зульфия 53 келі салмақта Әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы. Азия ойындарында екі рет қола жүлде еншілеген. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында алтын алғанымен, ол жүлдеден допинг дауынан кейін айырылып қалды. Бірнеше жыл спорттан шеттетеліп, жазасын өтеп оралған спортшы үшін Токио Олимпиадасында қола жүлде еншілеу зор жетістік.

«Өте қуаныштымын. 2014 жылы өткен Әлем чемпионатынан кейін мұндай жетістікке қол жеткізген жоқпын. Үшінші зілтемір көтеретін мүмкіндігімді пайдаланған жоқпын. Рекорд үшін 132 келі көтеруім керек еді. Ал жаттығу кезінде менің максимум көтеретін зілтемірім 130 келі болатын. Бірақ ол кездегі салмағым қазіргіден екі келі артық еді. Барлық жанкүйерлерге, федерацияға, мен тұрып жатқан облысқа алғысым шексіз. Жолдасым мен жаттықтырушыларыма да рақмет айтқым келеді. Токиодан кейін болашаққа жоспарлар құратын боламын. Парижде өтетін Олимпиадаға баруды мақсат етіп отырмын. Бүгін жіберген қателіктеріммен жұмыс жасап, алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындалу керек», - деді.

Елена медальға бір табан жақын қалды

Әзірге қоржында 3 қола

Теннистен Қазақстанның нөмері бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио Олимпиадасында төртінші орынға табан тіреді. Ол жартылай финалға дейін тамаша өнер көрсетіп, атақты испандық Мугурсаның өзін жарыс жолынан шығарған еді. Финалға берілер жолдаманы швецариялық Бечичпен сарапқа салып, 3 сет қорытындысы бойынша ұтылып қалды. Содан кейін қола медаль үшін тартыста украиналық Элина Свитолинадан жеңіліс тапты. Елена 1999 жылы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 2019 жылдан бері Қазақстан атынан сынға түседі.

Үшінші орын үшін болған тартысты кездесуден кейін, журналистерге берген сұхбатында қиын матч болғанын жеткізді.

«Физикалық және психологиялық тұрғыдан өте қиын матч болды. Жартылай финалда жеңілгеннен соң, тағы бір кездесу өткізу қиын екен. Менің алдыңғы ойындағы сәтсіздігімнен кейін көп адам қолдау білдіргеніне таң болдым. Бүгін қолымнан келгеннің барлығын жасағым-ақ келді, өкінішке қарай тағы да ұтылып қалдым. Бұл Олимпиадада керемет тәжірибе жинадым. Бұйырса, Парижде өтетін келесі Олимпиада ойындарына қатысқым келеді. Пандемияға байланысты ойындар көрерменсіз өтіп жатыр. Мұндай матчтарда қолдау сезінгің келетіні рас» - деді.

Гимнастшы Милад Карими бесінші орыннан көрінді

Әзірге қоржында 3 қола

Милад қазақстандық гимнастшылардың ішінде Олимпиада ойындарында ең жоғары нәтиже көрсеткен бірінші спортшы. Ол 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2017 жылы Азия чемпионатында белтемір жаттығу бойынша қола медаль еншіледі. 2019 жылы Жазғы универсиадада осы жаттығу бойынша күміс медаль жеңіп алса, 2020 жылы Австралия елінің Мельбурн қаласында өткен Әлем кубогында еркін жаттығуда үшінші орынға тұрақтады.

Милад Карими Токио Олимпиадасында спорттық гимнастикадан жекелеген снарядтар бойынша финалдық кезеңде бесінші орыннан көрінді. Ол өз бағдарламасын орындауда аз-кем қателіктер жіберіп, 14,133 ұпайға қол жеткізді.

Айта кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар үміт күткен бірнеше спортшы жарыс жолынан ерте шығып қалды. Оның қатарында бірнеше боксшы, дзюдошы мен күрес шеберлері бар. Сол сияқты Ольга Рыпакова да финалдық кезеңге өте алмай, жарысты аяқтаған еді.

Токио Олимпиадасының аяқталуына 5 күн қалды. Әлі де жарыс жолына шықпаған бірнеше спортшыларымыз бар. Оның ішінде алтыннан үміт күтіп отырған каратеші Дархан Асәділовті ерекше атап өтуге болады. Сол сияқты жартылай финалға шыққан боксшыларды да айта кетуіміз керек.

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды)


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға