Жаңалықтар

Әлемдi мойындатқан қазақ балуаны (I бөлiм)

Жақсылық Үшкемпiров тiрi болғанда бүгiн 70 жасқа толар едi...
Әлемдi мойындатқан қазақ балуаны (I бөлiм)
06.05.2021 10:56 2304

«Менiң күресiмнiң бәрi шабуылдан тұратын»

Спорттың есепшотын қаққандар қазiр он үш-он төрт жасынан шұғылданбаған бала спортта үлкен нәтиже көрсетпейдi дегендi кесiп айтады. Кеш бастаған соң алғашқы жылдары жеңiлiстiң ащы дәмiн бiршама татқан болар-ақ десек, сол кездегi деретер ол ойымызды жоққа шығарып отыр. Жақсылық Үшкемпiров сол 1969 жылы еркiн күрестен өткен институт бiрiншiлiгiнен бастап, қалалық жарысты, Семейдегi облыстық чемпионатты қатарынан ұтып алады. Республика көлемiн алсақ, аса жеңiл салмақта, спортшының қарсыластарыңыздың iшiнде осалы жоқ едi.

Әлемдi мойындатқан қазақ балуаны (I бөлiм)

– Алғаш қатысқаннан бастап мен жаттығуды бiр рет те жiберген жоқпын. Жұрттан бұрын барып, ең соңынан кетемiн. Бапкердiң үйреткен әдiстерiн жанымды салып қайталаймын. Тапсырған жаттығуын айтқанынан асырып орындаймын. Сол кезден бастап менде күреске деген керемет бiр құмарлық пайда болды. Ал, мен екi айдай дайындалған соң, институт бiрiншiлiгi өттi ғой. Бұл менiң өмiрiмде тұңғыш рет көпшiлiк алдында күресуiм. Ол кезде «бәлен жерде күрес өткелi жатыр» десе болды, ел сұмдық көп жиналатын. Жолым болғанда, мен қарсыластарымның бәрiн ұтып, бiрiншi орынды иелендiм ғой. Бұл жеңiс менiң күреске деген құштарлығымды одан әрi күшейте түстi. Содан қалалық, облыстық чемпионатта да барымды салып күрестiм. Онда да чемпион атандық. Сөйтiп, ел көзiне, жұрт назарына iлiне бастадық қой. Айналамызда тiлектес достар көбейдi. Белдесу, бәсеке, жекпе-жекте жеңiс дәмiн жиi тата бастадық. Неге екенiн бiлмеймiн, мен өз салмағымда тек жеңе беретiн едiм. Сонда алып бара жатқан көп әдiс те жоқ. Күрестi мүлде бiлмейтiн кезде де санамда жалғыз «жеңу керек» деген ой тұратын. Қайтсем де жеңемiн деп бар күшiмдi саламын. Бiрте-бiрте деген жолдарды оқыдық. қарсыластың қандай әдiс жасағалы тұрғанын алдын-ала сезетiн болдық. Тоғыз минутты қалай өткiзудiң айласын үйрендiк. Өзiн бiр әдiс жасамаймын, өйткенi, қалай жасайтынын бiлмеймiн. Ал қарсыласыма жасатпаймын. Опыр-топырда бiр балл алсам болды қарсыласыма соқыр ұпай жоқ. Менiң күресiмнiң бәрi шабуылдан тұратын. Бұл айтып отырғаным, әрине, ең алғашқы кездегi күрес. Кейiнгi күресiм мүлде өзгеше, - дейдi спортшы Т.Жәкiтайұлына берген сұхбатында.

Еркiн күрестен грек-римге неге өттi?

Жақсылық Үшкемпiров еркiн күрестiң әлiппесiн қолға ұстай сала жеңiске жете бастайды. Аз уақытта Қазақстан бiрiншiлiгiнде чемпион атанады. Ол өзiнiң ең алғаш Семйеден тыс күрескенiн ешқашан есiнен шығармағанын айтады. Ол кезде жыл сайын Лениногор (қазiргi Риддер) қаласында Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың атындағы жүлде үшiн жарыс өтетiн. Бұл бүкiлодақтық турнир болғандықтан оған кiлең мықтылар қатысады. Мiне осы турнирде Ж.Үшкемпiров жеңiмпаз болды.

– Күрескенде жене беруге бойымыз үйренген шақ қой. Жарыстан жеңiп келесiн де жайбарақат жүре бересiң. Сабаққа үлгеру керек, тамағыңды табуың керек. Сол кезде Семейдiң «беляшиi» керемет едi ғой. Студент атанғаннан бастап, институтты бiтiргенше алты жыл бiздiң негiзгi тамағымыз тек «беляши» болды. Сол «беляшидi жеп жүрiп те салмақ қуамыз. Сөйтсек те, тағы ел чемпионы атанамыз. Ашқұрсақ қалпында салмақ қуғанда көзiң қарауытып, әлiң құрып, сiлең қатады. Жарысқа құр сүлдерiмдi сүйретiп барған кез де болды. Организмнiң жас, қуатты шағы. Өлшенгеннен кейiнгi шамалы уақыт арасында, қара шай мен «беляшидi» соғып алып, ойнақ салып шыға келушi едiк.

Балуанның алғашқы үлкен жетiстiгi 1969 жылдың күзiнде Алматыда өткен Қазақстан бiрiншiдiгiнде орын алды. Темiржолшылар арасындағы Еуропа чемпионы Абырой Оразбековтiң өзiн шаң қаптырғанына сол кезде күрес мамандары таң қалып, баспасөзде спортшы туралы жылы лебiз бiлдiрiптi. Газет бетiнен «Еркiн күрес бәйгесiне ендi косылған жас толқын iшiнде Жақсылық Үшкемпiровтiң есiмiн бөле-жара айтуға болады. Аса жеңiл салмақтағы бұл жас балуанның болашағынан зор үмiт күтемiз» делiнген. 1970 жылдың көктемiнде Орта Азия және Қазақстан ауылшаруашылық институттары арасындағы аймақтық чемпионат та топ жарып, чемпион атанады. Бiрақ, еркiн күрестегi осындай едел-жедел жеткен жоғары нәтижелерге қарамастан сол жылдан бастап Жақсылық Үшкемпiров грек-рим күресiнде (бұрынғы классикалық күрес) бақ сынай бастайды.

Әлемдi мойындатқан қазақ балуаны (I бөлiм)

– Ол кезде жаспыз ғой. Жастық жалын бойды кернеп тұрғанда бар күшiмiздi күреске арнадық. Сол тұста алғашқы әдiлетсiздiктер де алдан шыға бастады. Албырттау, аздап адуындылау шағымызда сол әдiлетсiздiкке төзбеймiн деп, еркiн күрестiң есiгiн тарс жауып кеткенiмiз рас. Осының өзi кейiн бүтiн өмiрiме сабақ болды. Бiздiң жақта «Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несi бар», деген мәтел жиi айтылады. Сол секiлдi, еркiн күрестен мен ерiккеннен кеткенiм жоқ. Бапкерлер сонда көпе-көрнеу қысастық жасады. Мен баруға тиiс КСРО чемпионатына апармай, орынсыз шеттеттi. Ешкiмнiң атын атамай-ақ қояйын, бiрақ, сол бапкерлер күнi бүгiнге дейiн бар. Кейiн мен грек-рим күресiнде көзге түсе бастағанымда әлгi кiсiлер бармақтарын шайнап, қатты өкiнiптi деп естiдiм. Алғашқы кезде бiрталай қиындықтары болды. Әдеттенiп қалған басымыз, аяққа ұмтыла беретiн едiм. Бiрте-бiрте ол әдеттi ұмыттық. Бастапқыда алаңдағаным рас. Бiрақ, «классикадан» да көп ұзамай ұта бастадым. Оған алғашқы бапкерiм Ром Хасанұлы Ильматовтың сiңiрген еңбегi зор. Ром Хасанұлы маған «классикаға кел, сенiң бойыңда күреске деген қабiлет бар», деп алғаш ұсыныс айтқан, көмек қолын бiрiншi созған жан. Менiң еркiн күрестен тез қара үзiп кетуiме де сол нақты, жеке бапкерiмiнiң жоқтығы себепкер едi. Еркiн күресте көптiң бiрi ретiнде жүре беретiнмiн. Ал, грек-римде жағдай мүлде өзгеше. Р.Ильматов маған әу бастан қатты назар аударды. Менiмен жеке жұмыс iстедi. Нәтижесiнде мен сол 1970 жылы-ақ тәп-тәуiр өнер көрсете бастадым. Алматыда грек-рим күресi бойынша Қазақстан бiрiншiлiгiн ұттым ғой. Тағы бiрер шағын турнирлерде кезге түстiм. Әйгiлi бапкер Вадим Александрович Пcaрев сол кезде-ақ менi жақын тарта бастады. Владимир Яковлевич Утрениновтiң ұстаздық қамқорлығын қалай ұмытайын. Сондықтан жүректi сыздатқан өкiнiшке бой алдыра қойғаным жоқ. Мен алғаш барғанда грек-римде өзiм сыртынан жақсы танитын жiгiттер бiрден бауырларына тартты. Әдiлжан Хангелдиев, Қуандық Бәкенов, Елiк Сұлтанғалиев, Қайрат Оразалинов, Қайырбек Масалимов сынды балуандармен тез достасып кеттiм. Бакулин, Резанцев, Назаренкалармен бiрге жаттығу шеберлiктi тез шыңдады. Үздiктердi күнде көрiп жүрген соң, үйренерiң де көп болады. Жарыстарға жиi апарады. Оның өзi балуанды тез өсiрiп, тәжiрибесiн молайтады екен, - дейдi спортшы журналистке айтқан әңгiмесiнде.

Спорттағы алғашқы тырнақалды жетiстiктерi

Жақсылық Үшкемпiров 1971 жылдың алғашқы ойында Бүкiлодақтық ауылшаруашылық институттары арасындағы аймақтық бiрiншiлiктiң және «Қайрат» ерiктi спорт қоғамының орталық кеңесi өткiзген жарыстың чемпионы атанады. Сәуiрде Шымкент қаласында өткен ауыл спортшылары арасындағы КСРО чемпионатына қатысып, бас жүлденi жеңiп алады. Жаз айында Қазақстан чемпионы атанып, республика Құрама командасы қатарына қосылады. Жылдың аяғында Бүкiлодақтық орталық кәсiподақ ұйымдастырған дәстүрлi бiрiншiлiкте екiншi орын иеленедi. Ол уақытта спортшылар жылына оннан аса жарысқа қатысады екен. Әйгiлi «Қайрат», «Динамо», «Локомотив», «Буревестник» атты ерiктi спорт қоғамдары бар.

Әлемдi мойындатқан қазақ балуаны (I бөлiм)

Бұлар спортшылардың нағыз ұстаханасы секiлдi болған. Ерiктi спорт қоғамдарының қазанында қайнап шыққан спортшылардың талайы әлемдi аузына қаратты.

Спортшы басында «Қайрат» ерiктi спорт қоғамына мүше болады.

– Алматыға келгенде Вадим Александрович Псарев менi өзi қызмет iстейтiн «Динамо» ерiктi спорт қоғамына бiржола ауыстырып алғысы келдi. Шынында ол кезде «Динамоның» спорттық базасы өзгелерден әлдеқайда күштi, атағы дүрiлдеп тұрған. Сонда маған ара түскен де Ахметжан Қазымбетов ағам. «Қайрат» ауыл-село спортшыларының таңдауларынан құрылатын спорт қоғамы. Егер өзге қоғамдар бiз тәрбиелеген үздiк спортшыларды өздерiне тарта берсе онда бұл «Қайраттын мүлде жауып тастайық. «Динамо» керемет болса мықты балуанды өздерi даярлауы керек қой. Әрине, Жақсылық сияқты дарынды балуанның болашағын ойлау, ортақ парызымыз. Сондықтан Жақсылық «Динамода» жаттықса жаттықсын, бiрақ, күрескенде «Қайраттың атынан күреседi» деп дәлелдi сөз айтып, табандап тұрып алды. Сөйтiп мен республикалық бәсекелерде тек «Қайраттың» абыройын көтерiп, атағын шығарып жүрдiм. Әлгi аты аталған қоғамдар алдымен өз iштерiнде жарыс ұйымдастырады. Әрқайсысында әр салмақта кемiнде бес балуаннан бар. Одан сол ерiктi спорт қоғамдары арасындағы бәсеке басталды. Үздiк шыққандар республикалық бiрiншiлiкке жолдама алады. Клубтардың тәртiбi темiрдей едi.

Спортшылар бiрнеше дәстүрлi турнирлерге барып, сыннан өтедi. Қазақстан черпионатында бiрiншi орын алған балуан құрама команданың белдi мүшесi. Бiрақ, Қазақстан құрамасына оңайлықпен ала салмайды. Мысалы, Қазақстан құрамасына алынуым үшiн маған республика чемпионатын екi рет, «Қайратты» екi рет және ауылшаруашылық институтар арасындағы аймақтық чемпионат пен 1971 жылы көктемде өткен ауыл спортшылары арасындағы КСРО чемпионатын ұтуым керек болды. Сол жылы «КСРО спорт шеберi» нормасын орындадым. Мiне, көрдiңiз бе, 1970-1971 жыл қатарынан тек бiрiншi орынды иеленiп жүрген соң ғана кұрамаға қабылдандым. Бiле-бiлгенге бұл ете ауыр талап. Құрамаға алынған соң талап бұрынғыдан да күшейедi. Өз салмағындағы төрт-бес жiгiттен оқ бойы озық тұрмасаң тағы қиын. Онда сенi бапкерлер көзге iлмейдi. Одақ көлемiндегi жарыстарға барудан қағыласың. Он бес республика арасындағы «қырқыс пен майданда» көзге түссең ғана КСРО құрамасына мүше болуға үмiт бар. Аллаға шүкiр, өз басым КСРО құрамасына алынғанға дейiн көп кедергi көргенiм жоқ. Бар кедергi сол құрамаға кiргенiмнен басталды. Ал, КСРО құрамасы әр салмақта үш-төрт орын ғана ұстайды. Он бес республиканың бәрi сол үш-төрт орынға өз балуандарын орнықтыруға жанын салады. Әрi республиканың чемпионы атанғандардың осалы жоқ. Бүтiн бiр республика iшiнен суырылып шыққан чемпион қайдан осал болсын. Кiлең қасқыр жiгiттер.

Егер КСРО құрамасында бiрiншi немiрлi балуан атанғың келсе сол қарсыластарыңнан үстем болу керек. Жаттығуда алда жүр. Бапкерлердiң айындағысын айтқызбай бiлiп, ескерту жасатпау мiндеттi. Тұтас команда алдында жүзiң жарқын жүретiн бедел жинаудың да маңызы зор болған. Адамгершiлiк, кiсiлiк қалпыңды қандай қиындықта да сақтай бiлмесең тағы қиын. Тiптi, езге салмақтағы бiрiншi нөмiрлi балуандармен жақсы дос болудың да КСРО құрамасына орнығуға тигiзер себi бар. Егер көздегенiң әлем, Еуропа чемпионаты, Олимпиада екендiгi шын болса соның бәрiне шыдауға, соның бәрiнiң тiгiсiн жатқызуға тиiссiң. Жақсылық Үшкемпiров он бес жыл сол талап үдесiнен шығуға барын салған. КСРО құрамасының кiлемге алғаш аяқ басқаннан бастап санағанда, айналасы үш жылдың iшiнде КСРО құрама командасының мүшесi болып үлгередi. Сол кезде жарық көрген деректерге көз жүгiртсек, 1972-1975 жыл аралығында тұғыр төрiнен тiптi көп көрiнген. Әсiресе, 1972 жылы. Атап айтсақ, Саратов қаласында 1972 жылы өткен КСРО жоғары оқу орындары арасындағы жарыс чемпионы, Запорожьеде өткен бүкiлодақтық ауыл-село спортшылары турнирiнiң чемпионы, одан соң Тбили-сиде өткен ауыл спортшылары арасындағы КСРО чемпионатының жеңiмпазы атанады. Сол жылы Польша, Чехословакия, Финляндия, Франция сияқты көптеген елдер қатысқан Венгриядағы халықаралық турнирдi талассыз ұтып, 48 келi салмақта КСРО беделiн көтерiп қайтқан. Балуанның 1972 жылғы жалғыз сәтсiздiгi Ульяновскiде өткен КСРО чемпионатындағы бесiншi орын алуы.

Әлемдi мойындатқан қазақ балуаны (I бөлiм)

– Сол жылдардағы жаңағы айтқан жетiстiктерге алғашқы бапкерiм Ром Хасанұлының қосқан үлесi өте зор болды. Сөз ретi келгенде айта кетейiн, ол кiсiнiң өзi де 1951-1959 жылдары арасында жеңiл салмақта күрескен, республика чемпионатында бiрнеше рет бас жүлде алған балуан. Бiрақ, оның Одақ көлемiндегi жарыстарға қолы жетпеген. Сондықтан шығар, Рон Хасанұлы маған көп үмiт артты. Ерiнбей-жалықпай бiрнеше жылға арналған жоспар жасап шыққаны есiмде. Ұмытпасам, сол 1972-76 жылдар аралығы. Оның iшiнде не жоқ дейсiң. Менiң таңертеңнен кешке дейiнгi жаттығуым, тамақтануымнан бастап, апталық, айлық, тiптi жыл бойы не iстеуiм керектiгiн көзiнен тiзiп жазған. Iзденгiш бiлiмдi кiсi ғой. Өзiне өзi сенiмдi, қолға алған iсiн жерiне жеткiзбей қоймайтын табандылығы бар. «Дәл осы жоспар бойынша жүйелi жұмыс iстесек, бағытымыздан айнымасақ 1976 жылғы Монреаль олимпиадасына сенiң қатысатыныңа, әрi чемпион атанатыныңа дау жоқ. Тек сол көздеген мақсатқа жетер жолда қиындық кедергi көп кездеседi. Бiз оған да дайын болуымыз керек. Жақсылық, сенiң бойында Құдай берген күш-қуаттың, қайратың бар екенiн сезем. Сен күрес үшiн туғансың. Тек соны жетiлдiру ғана керек. Әрине мен балгер, көрiпкел емеспiн, бiрақ, сенiң тап осы балуандық жолда бақ-жұлдызыңның жарқырап жанатынына бәс тiгем» дейтiн. Рок Хасанұлы маған «адам үлкен мақсат-мүдденi көздеуi қажет және өлiп кетсем де соған жетуге тырысам деу керек» деп, ақыл-кеңесiн үйiп-төгiп айтатын. Жақсыны жақсы деу керек. Алғашқы бапкерiмнiң менi Олимпиада чемпионы атандыруға деген құлшынысы керемет едi. Бiр ғажабы сол кұлшынысты менiң бойыма да сiңiре бiлдi. КСРО құрамасына әбден орныққан соң да маған келгенде, оңай iстiң өзi қиындаған үстiне қиындап, ақыры алақанымда тұрған талай жүлде сынаптай сусып кете беретiн едi ғой. Мен баруға тиiс әлем, Еуропа чемпионатына Зубков, Шумаков, Нецветаевтар кезек-кезегiмен кетiп жатты. Сол кезде шыдам шегiне жетедi. Өзiңдi өзiң iштей мүжисiң. Санаңды «Егер iрi жарыстарға мүлде апармайтын болса КСРО құрамасында несiне жүресiң, кетпейсiң бе өз жөнiңмен, таста күрестi» деген әзәзiл ойлар жегiдей жейдi. Несiн айтасың. Өттi ғой талай ұйқысыз даңбекшirен түндер, құса боп қапаланған күндер. Сондай шақта Батима әжемнiң: «Жақай жарығым, сапарда жүрген жанға қиындық шiркiн кез келмей тұрмайды. Шаршайтын, қажитын шағында болады. Алла нәсiп етiп, мiне жұрт көзiне iлiктiң. Бұрын бiздiң ғана жалғызымыз болсаң, ендi бiз сенi елге бердiк. Өзiңдi елдiң ұлымын деп ойла. Қиындықта жiгерiң мұқалмасын, жарығым. Ондай кезде тек бiр Алладан медет тiле. Жаратушы Алла өзi сүйген пендесiн ұмытпайды. Сабыр бер, шыдам, төзiм бер деп тiле!» дейтiн ақылгөй сезi санамда жарқ ете қалатын. Қысастыққа қарсылық жасар шамаң жоқ. Содан әжем айтқандай бiр Аллаға сыйынып, iштен тынып жүре бердiк қой. Оның үстiне, Рам Хасанұлының сан мәрте құлағыма құйған ағалық, ұстаздық, кеңесi ойыма оралады. «Олимпиада чемпионы атансаң, көрген бар қиындығыңның бәрi бiр күнгiдей болмай, артта қалады, ұмытылады әлi, тек шыда» дегендi түйгенi өте мол екен, - деп жазады Төлеген Жәкiтайұлы Жақсылық Үшкемпiров аузынан естiген әңгiмесiн.

Жақсылық Үшкемпiровке Дiнмұхамед Қонаевтың көмегi

Бапкерiнiң көп жылдық жоспары қолмен қойғандай келген. 1976 жылға дейiн Одақтан тыс кiшiгiрiм турнирлердiң талайына барып, жүлдемен оралады. Бiрақ, соның iшiнде КСРО чемпионатын ұту - әлемдi ұтумен бiрдей едi. КСРО-ны ұтсаң Еуропа, әлем чемпионатына, Олимпиадаға жол ашылады. Сондықтан бұл жарыста он бес республиканың ең таңдаулы балуандар жанын салып күреседi. Күрес емес, мұны қарусыз майдан, қырғын шайқас десе де артық емес. Мiне, осы КСРО чемпионатының бас жүлдесiне спортшы бiртабандап отырып жеткен. 1972 жылы бесiншi орында болсам, 1973 жылы Талпинде үшiншi жүлденi иеленедi және сол жылы Ригада КСРО ауыл спортшылары арасындағы чемпионатта тағы бiрiншi орын алады. 1974 жылы күмiс жүлдеге жеткен. Ал, 1975 жылы Алматыда өткен КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасында бас жүлденi жеңiп алды. Сонымен қатар КСРО чемпионы атанады. Әрине, осы үш-төрт жыл аралығында бұдан өзге қырыққа жуық үлкен жарыстардың жеңiмпазы болады. Бiрақ олимпиадаға келгенде бәрi өзгерiп сала бередi. Осылайша 1976 жылы Монеральдағы олимпаиада Жақсылық Үшкемпiровсiз өтедi. Ал 1980 жылы Мәскеуде жалауы желбiрейтiн Олимпиадаға да спортшының барып-бармауы үлкен сұрақ тудырады. Негiзi Олимпиадаға таяу қалғанда «кеңесе» келе кiлең 48 келiдегi мықтылар арасында құрамаiшiлiк бәсеке ұйымдастырды. «Осы жекпе-жектi ұтқан Олимпиадаға даусыз қатысады» деп жар салды. Оған А.Бозин, В.Савчук, А. Шумаков, В.Аникин, Т.Казарашвилидi әкелiп қатыстырды. Бұл кiсi күлерлiк шаруа едi. КСРО чемпионатында Т.Казарашвили бесiншi орынға ие болса, В.Аникин мүлде айдалада қалған едi. Әдiлiне келгенде, Жақсылық Үшкемпiров тек КСРО чемпионатында екiншi орын алған А.Бозинмен, асса, үшiншi орында қалған В.Савчукпен ғана күресуi керек. Жоқ, бапкерлер әдiлдiктi белден басып, қазақ балуанын бәрiмен кезек-кезек белдестiредi.

– Абырой болғанда сол сында бәрiн ұтып шықтым. Талай жылғы төккен терiмнiң өтеуiн Алла тағала солай қиюластырып келтiрдi. Басшылар бәрiбiр «Олимпиадаға сен барасың», дегендi айтпады ғой. Мен болсам iштен тынып жүре бердiм. Шыдамның шегiне жеткен жерi сол болды. Мұндайда көп спортшының жүйкесi бiрден сыр бередi. Жүйке сыр берсе ұйқы бұзылады. Күнде салмақ қуып, ашқұрсақ жүрген балуан онсыз да аз ұйықтайды емес пе. Ал, сол аз ұйқы беймаза ойдан бұзылса бәрi бiттi дей бер. Әлiң құрып, күресу былай тұрсын, қарап жүрiп шаршайсың. 1984 жылы ол жағдайды да бастан кештiк қой. Құдай сақтағанда, iштей бiршама қобалжып жүрсем де ұйқым тыныш, жағдайым бiрқалыпты болды. Сөйтiп аяғына дейiн шыдадым ғой. Мұнда шыдамаған Шумаков болды. Сiрә, командадағы өзге жiгiттер де оған жерiне жеткiзiп айтса керек. Әрi өзiнiң де ұяты бар, бiрнеше жыл менiмен дос болып бiрге жүрген жiгiт қой. Түптеп келгенде дәтi шыдамады-ау деймiн. Олимпиадаға азғана күн қалғанда, бас бапкер Сапунов бастаған жаттықтырушылардың алдында әдiлiн айтыпты: «Бұл жолғы Олимпиадаға мен қатыса алмаймын. Маған ұят. Мен қатыссам да, бұрынғыдай күресе алмаймын. Осы қазiргi кезде Жақсылық бәрiмiзден күштi. Оны өздерiңiзде бiлесiздер. Үшкемпiров бiзден көп жоғары тұр. Оған сенуге болады». Алексей дәл осылай дептi. Мұны жiгiттiк, азаматтық деу керек. Сөйтiп, Алексейдiң жалғыз жолдамаға таласпайтыны анық болғанда, бiр бүйiрден Т.Казарашвили қосыла кеттi емес пе. Оны сүйреген бапкерi болғанымен, артында қалың грузин жұрты тұрды. Естуiмiзше грузинi бар, басқасы бар, бәрi жабылып жалғыз жолдаманы саудаға салған тұста, бiздiң спорт тiзгiнiн ұстаған басшылар Дiнмұхаммед Қонаев ақсақалға қолқа салыпты. Ол кiсi Мәскеуге тiкелей телефон шалып, «Олимпиадаға кiм күштi, сол қалыссын, әдiлетсiздiкке жол бергiзбеймiн», деп талапты төтесiнен қойыпты деген әңгiме бар. Жаны жәннатта болғыр, Димаш ағам жақсы iстiң, елге, ұлтқа пайдасы тиер талай шаруаның оңға басуына ықпал еттi ғой. Халқымыздың бағына туған азаматтың бiрi, бiрi емес бiрегейi менiң Димаш ағам едi. Кеңес тұсында тұтас қазақ ұлтының қорғаны болғанын кiм жоққа шығарады. Бiр ғана Алматы қаласының өн бойында сол кiсiнiң басшылығымен жасалған қандай керемет дүниелер тұнып тұр. Қазақ ұлтына жан-тәнiмен берiле қызмет еткен екi адам болса, бiрi – Дiнмұхаммед Ахметұлы Қонаев деп айтар едiм, - дейді Т.Жәкітайұлына берген сұхбатында.

Сөйтiп, Олимпиадаға екi күн қалғанда 48 келi салмақта Жақсылық Үшкемпiров белдесетiн болып шешiледi. Бұл шешiм шыққанда спортшы ешқандай әсерде болмағанын айтады.

– Сол кезде Олимпиада кiлемiнде күресетiнiме деген сенiмiм таза жоғалмаған. Iшкi бiр түйсiк түбi әдiлдiк үстем болатынын сездi-ау деймiн. Алғаш естiгенде бiр жымидым да, жаттығуымды жалғастыра бердiм. Менi таңдандырамыз, қуантамыз деп ентiгiп жүгiрiп келген жiгiттер бұл қылығыма одан сайын таң қалып, бастарын шайқап тарасқаны бар. Қуанған да, ренжiген де жоқпын. Мәскеудегi сабырлы қалпымда қабылдадым.

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен және Жақсылық Үшкемпіров кітабынан алынды)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға