Жаңалықтар

Бейжің-2022: Олимпиада туралы деректер

4 ақпан күні Қытайдың Бейжің қаласында XXIV қысқы Олимпиада ойындары басталады
Бейжің-2022: Олимпиада туралы деректер
25.01.2022 20:28 3379

2022 жылғы Олимпиаданы өткізу құқығын Бейжің 2015 жылы 31 шілдеде иеленді. Қытай астанасы жазғы және қысқы Олимпиада ойындарын қабылдаған алғашқы қала.

Бәсеке «Таза мұз бен қардағы қуанышты күн» ұранымен өтеді.

Ұйымдастырушылар Пекин-2022 миллиондаған қытайлықтарды қысқы спорт түрлеріне қызығуға шабыттандырады деп үміттенеді.
 
Қысқы спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс үш аймақта өтеді: Пекин орталығы, Яньцинь және Чжанцзякоу.
 
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, Олимпиадаға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады.

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға