Қандастар Ассамблея

Қазақстандық спортшы үстел теннисінен алтын жүлде алды

09.06.2022 204

Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық додада жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды El.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Чехияның Гавиржов қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender» кезеңі бойынша халықаралық жарыс өтіп жатыр. Аталған әлемдік бәсекеге 30 елден 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда.

15 жастағы теннисшілер арасында Алан Құрманғалиев алдымен кіші топта бірінші орын алса, 1/16 финалда Равад Альнасерді (Катар) 3:1, 1/8-де Марсель Блашчикті (Польша) 3:0, ширек финалда Михаил Ловга (Украина) 3:0, жартылай финалда Жоана Величкованы (Болгария) 3:1 айқын басымдықпен ұтты. Ал финалда отандасымыз Жапониялық спортшы Казуки Йошияманы 3:1 (11:8, 11:13, 11:4, 11:7) есебімен жеңіп, есесін қайтарды. Айта кетерлігі, Алан Құрманғалиев 27 мамырда өткен халықаралық бәсекенің финалында Казуки Йошиямамен кездесіп, есе жіберген болатын. 

Сондай-ақ, үлкен жасөспірімдер санаты бойынша сынға түскен Санжар Жұбанов, Искандер Харки, Сағантай Құрмамбаев топтық кезеңнен өтіп, жарыстың 1/32 финалында тоқтады. 

Ұқсас материалдар