Алматы Универсиадасының ұтымды тұстары

08.02.2017 2975

Спорт

Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарының ұтымды тұстары бар. Универсиадаға дайындық және ұйымдастыру басқармасы ұсынған мәліметтер бойынша студенттер ойынының қаланың дамкына қандай үлес қосатынын тізбелеп көрсек.

Алматының таулы аймақта орналасқандығы дәстүрлі қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін табиғи ортаны қамтамасыз ететіндігі даусыз. Алайда, Азия ойындары мен Универсиада сияқты халықаралық мультиспорттық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ, қаланың спорттық инфрақұрылымдарына инвестициялар бөлу нәтижесінде, қазір шаһар халықаралық  федерация талаптарына сай спорттық нысандармен қамтамасыз етілген және кез келген спорттық жарыстарды, тіпті Олимпиада ойындарын өткізуге дайын. Универсиадаға қатысатын барлық нысандар  FISU стандарттарына сай жасалып, Алматы агломерациясының заманауи шаңғы кластерін қалыптастыруда.

 «Табаған» спорт және ойын-сауық кешені мен «Шымбұлақ» таушаңғысы курортында қайта жасақтау және жаңалау жұмыстарын жүргізу сырғанаудың қауіпсіздігі мен сапасын жақсартты. Сондай-ақ, шаңғы маусымын бір айға ұзартуға мүмкіндік берді, осылайша курорттардың әлеуетін арттырды», – дейді Универсиадаға дайындық және ұйымдастыру басқармасының басшысы Наиль Нуров.

Алматының спорттық инфрақұрылымы жарыстар арасында да толық жұмыс істеп тұрды. Халықтың, әсіресе, жастардың спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтына деген қызығушылығы жыл санап артып келеді. Қалалық басқарманың бағалауынша, өткен жылмен салыстырғанда «Медеу» және «Шымбұлақ» таулы курорттарында демалушылар саны екі есе өсті. Конькиде сырғанаушылар саны 60% -ға, тау шаңғысы мен сноубордшылар 30%-ға артқан.

Қаланың инфрақұрылымында пайда болған жаңа спорт алаңдарының арқасында белсенді демалыс Алматы тұрғындарына ғана емес, сондай-ақ облыс тұрғындары үшін де қолжетімді болды. Енді жарыстар арасында «Халық Арена» және «Алматы Арена» стадиондарында жаппай сырғанау басталмақ. Мысалы, «Алматы Арена» мұз айдыны билеттерінің құны ересек адамға 500-ден 1000-ға дейін болса,  Медеуде ересек адамға – 1600 теңгеге дейін. Алматы қаласы әкімдігінің есептеуі бойынша, жаңа алаңда сырғанау 4 балалы отбасы немесе жастар үшін жол шығынын есептегенде, шамамен 1,7 есе арзан болады.

Жаңа мұз айдындарында сырғанау екі есе арзанға түседі


 

Универсиадаға арналып салынған жаңа инфрақұрлымдар Алматы халқы үшін ғана емес, облыс тұрғындары үшін де қолжетімді. Енді жарыстар арасында «Алматы Арена» мен «Халык Аренада» жаппай сырғанау ұйымдастырылып тұрады.

Мысалға, «Алматы арена» мұз айдынында сырғанау ересектер үшін 500 теңге мен 1000 теңге арасында болмақ. Ал Медеуде 1600 теңгеден аспайды. Алматы қаласы әкімдігінің есебі  бойынша  жаңа аренада сырғанау төрт балалы отбасыға немесе жастардың компаниясына жолдың шығынын қоса есептегенде 1,7 есе арзанға түседі.

Халықтың, соның ішінде жастардың спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын сақтауға деген қызығушылығы күн санап өсіп келеді. Қала басшылығының санағы бойынша өткен жылмен салыстырғанда «Медеу» мен «Шымбұлаққа» баратындар саны екі есеге, конькимен сырғанаушылар 60% ға , шаңғы мен сноубордқа қызығатындар саны 30%-ға артқан.

«Табаған» спорт және ойын-сауық кешені мен «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында қайта құру және жаңғырту жұмыстарының жүргізілгенінің арқасында сырғанаудың сапасы артып қауіпсіз бола түсті. Осының арқасында сырғанау маусымы бір айға созылды», – деп атап өтті Универсиадаға дайындық және оны өткізу жөніндегі дирекция.

Алматы қаласы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне көтерілді

Қауіпсіздік – шетелдіктер туристік бағыт таңдау туралы шешім қабылдағанда, сынға түсетін факторлардың бірі. Алматыда Универсиаданың қарсаңында қауіпсіздік және төтенше жағдайларды жақсарту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Қолданған шаралар бірдей Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін де мегаполисті неғұрлым ыңғайлы ету мақсатында жасалған.

2016 жылы қаламызда материалды бюджет және коммуналдық құқық қорғау органдарының техникалық жабдықтарды ұлғайтуы 2 есеге артты. Қала билігі тиісті көлік құралдарын сатып алып, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қатары сарапшы-кинологтармен және жарылғыш техникамен толықтырды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қалаға қосымша 88 жол-патрульдік көлік құралдары, ІІД-нің жедел қызмет көрсетуі үшін  19 машина, жеке құрам үшін 5 автобус, 1 өрт сөндіруге арналған автобаспалдақ, 4 өрт сөндіру мотоциклі, 1 құтқару автомобилі,  дыбыстық-сиреналық қондырғылардан 77 жиынтық және 1 «ЛАВА» оқыту моделі сатып алынды.

Универсиада күндері қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының жеке құрамы 1,5 есеге көбейеді. Тәулік бойы кезекшілік ететін ТЖ қызметкерлері екі есеге артады, техника мен тікұшақтар саны 20%-ға ұлғаяды.

Универсиаданың қарсаңында қалалық жедел жәрдем қызметінің жұмысын нығайту жөнінде жұмыстар атқарылды. Жедел қызмет көрсету мақсатында төртінші және жетінші қалалық ауруханаларда тікұшақ қона алатын алаң салынды. 40 заманауи транкингтік байланысы бар реанимобиль сатып алынды. Жедел жәрдем қызметінің келу уақыты 11,5 минутқа дейін қысқарды.

Украиналық сноубордшы Тарас Бигус 2017-ші жылы 2-ші қаңтар күні жаттығу барысында жарақат алып қалған кезде дәрігерлер мен құтқарушылар үйлесімді жұмыс үлгісін табысты көрсетті. Жарақаттанған спортшыны тау баурайынан бірнеше минутта түсіріп, астында күтіп тұрған жедел жәрдем машинасы тікұшақ күтіп тұрған алаңға лезде жеткізді. Құтқарушылар мен дәрігерлер зардап шеккен спортшыны верталетпен жеті минутта №7 қалалық ауруханаға жеткізді. Ол жерде оған алғашқы көмек көрсетіліп, компьютерлік томография жасалынды. «Тасымалдаудың жалпы уақыты 20 минутты құрады. Бұл FISU белгілеген нормативтен екі есе аз», - деп атап өтті Универсиадаға дайындық және оны өткізу жөніндегі дирекциясынан.

Шетелдік қонақтардың жайлы орналасуы үшін Алматы қаласында көшедегі навигация жұмысы жақсартылды. Бүгінде шетелдік қонақтарға қызмет көрсетуге арналған қосымша  үш тілде 300 ақпараттық белгілер орнатылды.

Құқық қорғау органдарының материалды-техникалық жабдықталуы жақсарды

 Универсиада күндері қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының жеке құрамы 1,5 есеге көбейеді. Тәулік бойы кезекшілік ететін ТЖ қызметкерлері екі есеге артады, техника мен тікұшақтар саны 20%-ға ұлғаяды.

Универсиаданың қарсаңында қалалық жедел жәрдем қызметінің жұмысын нығайту жөнінде жұмыстар атқарылды. Жедел қызмет көрсету мақсатында төртінші және жетінші қалалық ауруханаларда тікұшақ қона алатын алаң салынды. 40 заманауи транкингтік байланысы бар реанимобиль сатып алынды. Жедел жәрдем қызметінің келу уақыты 11,5 минутқа дейін қысқарды.

2016 жылы қаламызда материалды бюджет және коммуналдық құқық қорғау органдарының техникалық жабдықтарды ұлғайтуы 2 есеге артты, қала билігі тиісті көлік құралдарын сатып алып, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қатары сарапшы-кинологтармен және жарылғыш техникамен толықтырды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қалаға қосымша 88 жол-патрульдік көлік құралдары, ІІД-нің жедел қызмет көрсетуі үшін  19 машина, жеке құрам үшін 5 автобус, 1 өрт сөндіруге арналған автобаспалдақ, 4 өрт сөндіру мотоциклі, 1 құтқару автомобилі,  дыбыстық-сиреналық қондырғылардан 77 жиынтық және 1 «ЛАВА» оқыту моделі сатып алынды.

Қауіпсіздік – шетелдіктер туристік бағыт таңдау туралы шешім қабылдағанда, сынға түсетін факторлардың бірі. Алматыда Универсиаданың қарсаңында қауіпсіздік және төтенше жағдайларды жақсарту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Қолданған шаралар бірдей Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін де мегаполисті неғұрлым ыңғайлы ету мақсатында жасалған.

Жедел жәрдем қызметінің келу уақыты қысқарды

Универсиаданың қарсаңында қалалық жедел жәрдем қызметінің жұмысын нығайту жөнінде жұмыстар атқарылды. Жедел қызмет көрсету мақсатында төртінші және жетінші қалалық ауруханаларда тікұшақ қона алатын алаң салынды. 40 заманауи транкингтік байланысы бар реанимобиль сатып алынды. Жедел жәрдем қызметінің келу уақыты 11,5 минутқа дейін қысқарды.

«Украиналық сноубордшы Тарас Бигус 2017-ші жылы 2-ші қаңтар күні жаттығу барысында жарақат алып қалған кезде дәрігерлер мен құтқарушылар үйлесімді жұмыс үлгісін табысты көрсетті. Жарақаттанған спортшыны тау баурайынан бірнеше минутта түсіріп, астында күтіп тұрған жедел жәрдем машинасы тікұшақ күтіп тұрған алаңға лезде жеткізді. Құтқарушылар мен дәрігерлер зардап шеккен спортшыны верталетпен жеті минутта №7 қалалық ауруханаға жеткізді. Ол жерде оған алғашқы көмек көрсетіліп, компьютерлік томография жасалынды. Тасымалдаудың жалпы уақыты 20 минутты құрады. Бұл FISU белгілеген нормативтен екі есе аз», – дейді Универсиадаға дайындық және оны өткізу жөніндегі дирекция.

Универсиада күндері қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының жеке құрамы 1,5 есеге көбейеді. Тәулік бойы кезекшілік ететін ТЖ қызметкерлері екі есеге артады, техника мен тікұшақтар саны 20%-ға ұлғаяды.

Универсиада Қазақстанда халықаралық шаралар үшін еріктілер қозғалысын қалыптастыруға септігін тигізді

Универсиада еріктілері өтініш берген 14 мың үміткердің ішінен таңдап алынды. Бүгін де олардың жұмысына арнайы оқу, яғни спорт нысандарында тренингтер, дәрістер мен квесттермен жаттыққан 150 координатор  жетекшілік етеді. «Еріктілер әртүрлі бағыт бойынша жұмылдырылған, көбісі спорттық жарыстар төңірегінде болса, кейбіреулері бақылау қызметінде, тасымалдау, баспасөз қызметі, медициналық қызметте, Атлеттер қалашығында, көрермендермен жұмыс, мәдени іс-шаралар, орналастыру, аккредитация, қауіпсіздік, басты ақпараттық орталық сияқты түрлі салаларда қызмет етеді», - деп хабарлайды Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарын өткізу мен даярлау басқармасы.

Еріктілер қозғалысы студенттік ойындармен бірге аяқталмайды. Бүгінгі таңда «Еріктілер лигасының» қолдауымен бес мыңнан астам кәсіби еріктілерді дайындап шығарды. Олар үшін ағылшын тілі курстары, топ құру білікітілігі мен қалалық экскурсияларды ұйымдастыру сияқты дәрістер оқытылды. Биылғы жылы Қазақстанда тағы бір ауқымды шара – EXPO көрмесі өткізілмек, соның аясында 1,5 мың адамнан құрылған еріктілер дайындықтан өткізілген.

Универсиада нысандарының құрылысына 31 мыңнан астам адам жұмылдырылған

Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, халықаралық деңгейдегі шараларды тиімді ұйымдастыру ұзақ уақытқа созылған инвестицилық қаржылық әсері болады. Алматы және Қазақстан үшін бұл өзекті мәселе, өйткені,  мегаполис қарқынды дамып келе жатқан және өркендеген қала, ал ел осының негізінде белсенді жобаларды жүзеге асырады.

Универсиада нысандарының құрылысы негізінде белсенді экономикалық қызметке 31 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Әртүрлі тапсырыс беру нәтижесінде 1,5 мыңнан астам  кіші және орта бизнес секторлары жұмыспен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, спорттық нысандарды салудағы қазақстандық үлес 53,5%-ды, («Алматы Арена» – 57,5%, «Халық Арена» – 51%, «Атлеттер қалашығы» – 52%), ал қалалық қазынаға 9,2 млрд. теңге табыс әкелді.  Универсиадаға дайындық барысына жұмысшылар саны 5 мыңды құрайтын 220 компания қатысса, оның 80%-ы – алматылық. Осылайша, жұмсалған 13,8 млрд. теңгеден шамамен 1,7 млрд. теңге қазынаға салық ретінде түседі.

Спорттық нысандарды салудағы қазақстандық үлес 50 пайыздан асады

Универсиадаға дайындық барысына жұмысшылар саны 5 мыңды құрайтын 220 компания қатысса, оның 80%-ы – алматылық.   Алматыда Универсиадаға арнап  2 спорт нысаны («Халық Арена» және «Алматы Арена»), сондай-ақ қысқы студенттік ойындарының тарихында алғаш рет Атлетикалық қалашық салынды.

Универсиада нысандарының құрылысы негізінде белсенді экономикалық қызметке 31 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Әртүрлі тапсырыс беру нәтижесінде 1,5 мыңнан астам  кіші және орта бизнес секторлары жұмыспен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, спорттық нысандарды салудағы қазақстандық үлес 53,5%-ды, («Алматы Арена» – 57,5%, «Халық Арена» – 51%, «Атлеттер қалашығы» – 52%), ал қалалық қазынаға 9,2 млрд. теңге табыс әкелді. 

Универсиада ойындары аяқталысымен Атлеттер қалашығының 1748 пәтері кейін сатып алу шартымен жалға беріледі. Бұл дегеніміз алғашқы 8 жыл ішінде шығынның 40 пайызы , яғни 15,5 млрд теңге қайтарылады деген сөз. Осы арқылы Алматыда баспана кезегінде тұрғандар саны 10 пайызға қысқарады.

Универсиада қысқы туризмнің дамуына түрткі болуы мүмкін 

Елімізді насихаттау оны брендке айналдыру туристер мен инвестиция тартудағы негізгі шарт болып табылады. Қысқы спорт түрлерінің орталығы ретінде танылып жүрген Алматы қаласы үшін Универсиада қысқы туризмнің дамуына түрткі болуы мүмкін. 
Универсиаданың әдемі әрі әсерлі ашылу салтанаты тікелей эфирде халықаралық спорт каналдарынан әлемнің 80 елінде сегіз тілде, шамамен 1 млрд аудиторияға таратылды. Универсиада ойындарын күн сайын әлемге танымал EUROSPORT және EUROSPORT 2, МАТЧ ТВ және басқа халықаралық спорт арналарынан көруге болады. Көптеген шетелдік спортшылар сұқбаттарында Алматыға қайта келгісі келетінін айтуда. Осыған қарап Алматы мен біздің ел алдағы уақытта қысқы спорт түрлерінің орталығына айналып, туристердің көп легін алып келеді деп үміттенуге болады. 
Саяхатшылар легін толық зерттей отырып, әлемнің 132 қаласында туристердің көзқарасына сүйеніп жүргізілген Global Destination Cities Index-ның жыл сайынғы есебінде 2016-ші жылы Алматыға келген әр турист күніне 250 доллар жұмсағанын көрсетеді. Басқа зерттеулерге сәйкес, тау туризімінен түсетін табыс күніне 50 долларды қажет ететін жағажай туризімінен 5 есе жоғары екен. Осылайша, тек бес күн ішінде 5 мың шетелдік қонақ қаланың шағын және орта бизнес өкілдеріне 2 млрд. теңге табыс алып келуі мүмкін.

Универсиададан соң тұрғын үй кезегі 10 пайызға қысқарады 

Универсиаданың арқасында Алатау ауданының дамуы жолға қойылды. 
Бір кездері аса қатты қызығушылық тудыра қоймаған Алатау ауданы бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарының басын біріктіретін жаңа орталыққа айналды. Дәл осы ауданда Универсиаданың басты нысандары «Алматы Арена» мен Атлеттер қалашығы орналасқан. 
«Алматы Аренаның» жанынан 15,6 мың пәтерлі жаңа ықшамаудан бой көтерді. Соның ішіне «Ескі үй» бағдарламасы бойынша салынған тоғыз қабатты екі үй де бар. Алдағы үш жыл ішінде 16 мың пәтерлі 279 үй салынады. Универсиада ойындары аяқталысымен Атлеттер қалашығы 1,7 мың отбасы үшін жайлы қонысқа айналмақ. Жаңа тұрғын үйлерде емхана, супермаркет, банк пен почта бөлімшелері, полиция пункті қызмет көрсетеді. 
Тұрғын үй мәселесі, әсіресі жастар арасында Алматыда өте өзекті. Универсиада ойындары аяқталысымен Атлеттер қалашығының 1748 пәтері кейін сатып алу шартымен жалға беріледі. Бұл дегеніміз алғашқы 8 жыл ішінде шығынның 40 пайызы , яғни 15,5 млрд теңге қайтарылады деген сөз. Осы арқылы Алматыда баспана кезегінде тұрғандар саны 10 пайызға қысқарады.

Алматы полицентрлі бағытта дамитын болады

Алматының қала құрылысы саясатына деген дәстүрлі моноцентрлік көзқарасы қаланың орталық бөлігінде кептеліс туғызып, орталық аудандар мен «тұйық аудандар» арасында инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық теңгерімсіздікке әкеліп соқтырды.   Мыңдаған қала тұрғындары таңертең сол аудандардан орталыққа жету үшін кептелісте тұруға, кешке сол кептеліс арқылы кері қайтуға мәжбүр. Қазіргі таңда, қала әкімдігі бұл мәселені шешу және Алматы полицентрлік даму бағытына бейімдеу үшін шаралар қабылдауда.

Универсиада сияқты ауқымды халықаралық іс-шараны өткізу құқығын алған қаламыз бұл мүмкіндікті  өз мәселелерін шешуде тиімді пайдаланды. Бір кездері аса қатты қызығушылық тудыра қоймаған Алатау ауданы бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарының басын біріктіретін жаңа орталыққа айналды. Дәл осы ауданда Универсиаданың басты нысандары «Алматы Арена» мен Атлеттер қалашығы орналасқан. «Алматы Аренаның» жанынан 15,6 мың пәтерлі жаңа ықшамаудан бой көтерді. Соның ішіне «Ескі үй» бағдарламасы бойынша салынған тоғыз қабатты екі үй де бар. Алдағы үш жыл ішінде 16 мың пәтерлі 279 үй салынады. 
Универсиада ойындары аяқталысымен Атлеттер қалашығы 1,7 мың отбасы үшін жайлы қонысқа айналмақ. Атлеттер қалашығының 1748 пәтері кейін сатып алу шартымен жалға беріледі. Бұл дегеніміз алғашқы 8 жыл ішінде шығынның 40 пайызы , яғни 15,5 млрд теңге қайтарылады деген сөз. Осы арқылы Алматыда баспана кезегінде тұрғандар саны 10 пайызға қысқарады. 
Жаңа тұрғын үйлерде емхана, супермаркет, банк пен пошта бөлімшелері, полиция пункті қызмет көрсетеді. Универсиада нысандарының аумағында жаңа мәдени ошақ қалыптасады.

8 жыл ішінде Алатау ауданына құйылған инвестиция 32 есеге ұлғайды 

Алматының Алатау ауданында Универсиаданың басты нысандары – «Алматы Арена» мен Атлеттер қалашығы орналасқан. «Алматы Аренаның» жанынан 15,6 мың пәтерлі жаңа ықшамаудан бой көтерді. Соның ішіне «Ескі үй» бағдарламасы бойынша салынған тоғыз қабатты екі үй де бар. Алдағы үш жыл ішінде 16 мың пәтерлі 279 үй салынады. Универсиада нысандарын ауқымды салу мен әлеуметтік инфрақұрылым арқылы Алатау ауданының инженерлі байланысы арта түсті. Универсиадаға дайындық барысында ауданда 160 шақырым электр желісі, 200 шақырым магистральді газ құбыры салынды. Осы арқылы ауданды электрмен жабдықтау мәселесі оң шешімін тапты. Сондай-ақ, 34 шақырым су құбыры жүргізілді. Ауданда жаңадан 30 шақырым жол салынды. Салынған жолдардың 70 шақырым-і қайтадан асфальттанды. Жаңа әкімшілік орталықтың толық инфрақұрылымы қалыптасты: әкімшілік, сот және прокуратура, салық комитеті, өрт сөндіру депосы, ХҚКО, мамандандырылған ХҚКО, мұрағат, аудандық ішкі істер басқармасы. Әлеуметтік нысандардан: 4 жаңа емхана, 9 мектеп, 12 мемлекеттік балабақша салынды. Ауданды аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары да ауқымды көлемде жүргізілді. 
Осы атқарылған шаруалардың арқасында Алатау ауданының инвестициялық тартымдылығы арта түсті. 8 жыл ішінде инвестиция 32 есеге ұлғайды. Өнеркәсіп өндірісі 12,3 есеге ұлғайып, мейрамханалар саны 1,7, қонақүйлер саны 1,5 есеге көбейді. Салықтан түсетін табыс 3 есе артты (7,3 млрд. теңгеден 22,5 млрд. теңгеге дейін)

Алатау ауданы – мегаполистің жаңа орталығы
Универсиада нысандарын ауқымды салу мен әлеуметтік инфрақұрылым арқылы Алатау ауданының инженерлі байланысы арта түсті. Универсиадаға дайындық барысында ауданда 160 шақырым электр желісі, 200 шақырым магистральді газ құбыры салынды. Осы арқылы ауданды электрмен жабдықтау мәселесі оң шешімін тапты. Сондай-ақ, 34 шақырым су құбыры жүргізілді. Ауданда жаңадан 30 шақырым жол салынды. Салынған жолдардың 70 шақырым-і жол қайтадан асфальттанды. Жаңа әкімшілік орталықтың толық инфрақұрылымы қалыптасты: әкімшілік, сот және прокуратура, салық комитеті, өрт сөндіру депосы, ХҚКО, мамандандырылған ХҚКО, мұрағат, аудандық ішкі істер басқармасы. Әлеуметтік нысандардан: 4 жаңа емхана, 9 мектеп, 12 мемлекеттік балабақша салынды. Ауданды аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары да ауқымды көлемде жүргізілді. 

«Бір кездері бұл халықты қатты қызықтыра қоймайтын қаланың ауағы болатын. Алайда, сегіз жыл ішінде істелген қыруар шаруалардың арқасында ауданға құйылған инвестиция 32 есеге ұлғайып 300 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп өндірісі 12,3 есеге ұлғайып, мейрамханалар саны 1,7, қонақүйлер саны 1,5 есеге көбейді. Салықтан түсетін табыс 3 есе артты (7,3 млрд. теңгеден 22,5 млрд. теңгеге дейін). Біз халық санының тұрақты өсуін байқаймыз.Алатау ауданының халқы бір жарым есеге артып, бүгінде 200 мыңнан аса халық тұрады», – деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігі.

Универсиада нысандарының аумағында жаңа мәдени ошақ қалыптасады 

Универсиаданың арқасында Алатау ауданының ары қарайғы дамуы жолға қойылып, қала тұрғындары мен қонақтарының көптеп жиналатын жаңа жеріне айналды. Дәл осы ауданда Универсиаданың басты нысандары – «Алматы Арена» мен Атлеттер қалашығы орналасқан. Қазірдің өзінде «Алматы Арена» үлкен концерттер («25 вершин Алматы» гала-концерті , Қайрат Нұртастың концерті, Филипп Киркоровтың концерті және басқалар) өткізетін нысанға айналды. 24-ші сәуірде футзалдан УЕФА кубогының «Төртеудің финалын» өткізу жоспарланған. 
Алатау ауданында салынған тұрғын үй кешендерінен өзге мұнда емхана, супермаркет, банк пен почта бөлімшесі, полиция пункті қызмет көрсетеді. 
Қаланың мәдени және сәулетті ошағына айналатын 7000 адамға арналған мешіт салу жоспарда бар. Қала тұрғындары мен қонақтарының болашағы үшін қазақ ұлттық тағамдарын ұсынатын мейрамхана, ұлттық аспаптар мұражайы, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, қолөнер шеберлерінің кәдесыйларын сататын орталық жұмысын жалғастыра береді. Атлеттер қалашығында жүзге жуық қолөнер шеберін жұмыспен қамтамасыз ететін орталық құрылады. Алатау ауданының кәсіпорындары Универсиада аяқталған соң қаламен салыстырғанда екі есе арзан заманауи кеңселерге ауысуға мүмкіндік алады. 
Ауданды аббаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары да ауқымды көлемде жүргізілетін болады. 
Қала басшылығы аудан халқының күн санап өсуін айтуда. Алатау ауданының халқы бір жарым есеге артып, бүгінде 200 мыңнан аса халық тұрады.

Бек ТӨЛЕУОВ, Алматы