Жаңалықтар

Қазақтың ұлттық спорт ойындары

Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы
 Қазақтың ұлттық спорт ойындары
08.10.2021 11:17 30501

Қазақтың ұлттық спорты мен ойындарының барлығы халық жаппай қатынасатын ойындар қатарына жатады. Осы орайда el.kz порталы М. Тәнікеевтің «Қазақтың ұлт-спорт ойындары» еңбегіне сүйене отырып ұлттық спорт ойындарының пайда болуы, дамуы жөніндегі мәліметтермен бөлісуді жөн санады.

 Қазақтың ұлттық спорт ойындары

Республикамызда жергілікті халықтар тұратын колхоздар мен совхоздардың барлығында ұлттық спорт пен ойындар кеңінен тараған. Бірақ, оқу-жаттығу жұмыстарын және көпшілік қатысатын спорттық жарыстарды ұйымдастыруда едәуір кемшіліктер бар. Спорттың ұлттық түрлерімен шұғылданатын спортшыларды үзбей жаттықтыру жолымен жетілдіріп отыру керек. Оған қарамастан спортшыларды әзірлеу, жарыстарды ұйымдастыру және өткізу ісінде үстірттік, кездейсоқтық орын алып келеді. Спорттың ұлттық түрлеріне төреші ұйымдастыру ісі де қанағаттанарлық емес. Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы Физкультура және спорт комитеті жасаған ережелер ескіріп, «спорттың халықтық-ұлттық түрлерінің қысқаша жыйнағы» қалың көпшілікке жетпеді. Мұның нәтижесінде осы уақытқа дейін төрелік етудің белгілі бір жүйесі жасалмай келеді. Бұл спорттың ұлттық түрлерін дұрыс бағытпен дамытуға кедергі келтіріп отыр. Спорттық жарыстарды өз ісін жақсы білетін, әзірлігі бар, колхоздың, совхоз бен МТС-тің басшылары ресми тағайындаған адамдар ұйымдастыратын болса олар сапалы өтетін болады. Жарыстарды өткізуде кездейсоқтыққа жол бермеу үшін аудандық физкультура комитеттері мен селолық спорттық қоғамдары ҡолхоздар мен совхоздарға, МТС-терге болашақ жарыстардың ережелерін күні бұрын жіберіп қоюлары керек. Бұл міндетті жеңілдету үшін біз қазір халық арасына көп тараған спорттың ұлттық түрі мен ойындарының кейбір түрлеріне анықтама берейік.

Аударыспақ

Аударыспақ – спорттың ұлттық түрлерінің ішіндегі ең бір қызықтысы. Ол жарысқа қатынасушыдан күшті, самдағайлықты, төзімділікті, батылдықты, тапқырлықты, ат үстінде өзін жақсы ұстай білуді талап етеді. Аударыспақ, атқа мінген екі жігіттің бірін-бірі аударып тастап не ерден жұлып алу үшін шайқасатын ойын. 

 Қазақтың ұлттық спорт ойындары

Осы уақытқа дейін аударыспақты ресми жарыстарда «сайыс» деп атайды. Бұл дұрыс емес. Аударыспақ пен сайыстың арасында едәуір айырмашылық бар. Қазіргі кездегі бар ережеге сай аударыспаққа қатынасатын адамдар салмақтарына қарай үш топқа бөлінеді. Жеңіл салмақ 64 килограмға дейін, орта салмақ 80 килограмға дейін, ауыр салмақ 80 килограмнан жоғарылар. Аударыспақ әдеттегі спорттық күреске едәуір ұқсайтын болғандықтан салмақты үш топқа бөлу жеткіліксіз. Себебі кей кездерде спортшылардың салмағындағы айырмашылық 20 килограмнан асып кетеді. Бұл жарысқа қатынасушылардың арасындағы теңсіздікті тудырады. Сондықтан аударыспақтағы салмақты кем дегенде бес топқа бөлу керек. Аударыспақ үшін атты таңдап алудың маңызы зор. Оған әрі күшті, әрі шапшаң аттар керек. Ірі және биік аттар аударыспаққа жарамайды. Себебі оның үстіндегі адамды оңай аударып алуға болады.

Бәйге

Бәйге – қазақтың ат спорты ішіндегі ел арасына ең көп тараған түрі. Бәйге ұзаққа шабатын – аламан бәйге және жақын жерге шабатын бәйге болып бөлінеді. Бәйгенің бір ерекшелігі қырлы дөңесі бар табиғи кедергілер арқылы өткізілетіндігінде. Бұл спортшыларға талапты күшейте түседі. Атқа шабушы тек күшті болып қана қоймай, атқа жақсы шаба және өз атының күшін дәл бағалай білуі керек. Бірақ соңғы кездерде жарысты тегіс жерлерде немесе ипподромдарда өткізетін болды. Мұндай жағдайда қашықтықты ұзартады. Бәйгеде спортшының тактикалық шеберлігінің орасан зор маңызы бар. Қөп жағдайларда аты жүйрік және мыкты спортшылар емес, жарыс жағдайын дұрыс түсініп, өзінің сәйгүлігінің күшін дұрыс біле білген адам ұтып шығады.

 Қазақтың ұлттық спорт ойындары

Жарысқа атты дұрыс әзірлеудің маңызы зор. Егер ат жақсы жаратылмаса бәйгеден озып шыға алмайды. Атты дұрыс жарата білу және оның ерекшеліктерін ажырату табыс кілті болып табылады.

Қазақтар ежелден өздерінің атты бәйгеге жақсы жарата алатындығымен көзге түсіп келеді. Бұлар тәжірибеде талай сыннан өткен түрлі әдістерді қолданады. Бұл әдістерді шамамен үш кезеңге бөлуге болады.

1) Атты аяңдатып, анда-санда шоқыта шаптыру. Жалпы алғанда бұл жаттықтырудың міндеті атты ширату болып табылады.

2) Атты біраз қатты шапқаннан кейін аздап демалдырып алу.

3) Алда болатын бәйгінің жағдайына қарай атты ұзаққа қатты шаптырып, жаттықтыру.

Атты дұрыс жаттықтырып қана қоймай сонымен бірге бәйгеге қосатын сәйгүлікті таңдап ала білу керек. Жақсы сәйгүліктердің мынадай ерекшеліктері болады: ат кеуделі болса оның жүрегі мен өкпесінің мықты екендігін көрсетеді. Шоқтығы биік, тірсек сіңірлері жетілген, аяғы сомдай берік болуы керек. Егер аттың жүрісі жайлы болса ол оның ұзаққа шабатындығын көрсетеді. Қысқаға шабатын аттар денесі ірі, жай жүргенде жұлқынып, тынышсызданып тұрады. Қазақстанның спорттың бұл түрін кеңінен дамытуға барлық мүмкіншілігі бар. Жақсы жігіттер мен тамаша сәйгүліктерді әрбір колхоз бен совхоздардан кездестіруге болады: республикамызда жылқы өсіретін көптеген заводтар да бар. Сондықтан да Қазақстан таяудағы уақыттың ішінде ат спорты өркендеген республикалардың бірі болуы керек.

Жамбы ату

Садақ ату – жер шары халықтарының барлығына ежелден мәлім. Ол қазір де спорттың бір түрі болып саналады. Садақ атудан ресми жарыстар Европа мен Азияның бірсыпыра елдерінде өткізіліп, дүние жүзінде бірінші орын алу жарыстары да ұйымдастырылады. Дүние жүзінде бірінші орын алу жарысы соңғы рет Финляндияның астанасы Хельсинкиде өткізілді. Ал болашақ жарыс спорттың бұл түрі халық арасына көп тараған Прагада 1957 жылы өткізіледі. Садақ ату бір кезде Қазақстанда да кеңінен тарап, спорттың ұлттық түрі ретінде барлық спорттық мерекелердің бағдарламасына енгізілетін. Қазақ жігіттері өздерінің мергендіктерін, шеберліктерін көрсетіп тіпті шауып келе жатқан аттың үстінен қарақшыға садақ оғын дәл тигізетін. Әдетте жарыс өткізілгенде жамбыны биік сырықтың басына қыстырып қоятын. Җамбыны алу үшін садақ оғымен кылшылбырды қыйып түсіру керек болатын. Әйткенмен соңғы кездерде спорттың бұл өте қызықты түрі Қазақстанда мүлде ұмыт қалып келеді. 

 Қазақтың ұлттық спорт ойындары

Егер өздерінің ескі дәстүрін қайтадан тудырса Қазақстан спортшылары дүние жүзінің таңдаулы мергендері мен бәсеке таласа алар еді. Республикамызда спорттың бұл ұлттық түрін кеңінен өркендету үшін ең алдымен тыңғылықты ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, садақ пен оның оқтарын көптеп шығару керек. Онсыз спорттың бұл түрі қажетті дәрежеде өркендей алмайды. Садақ атудан халықаралық масштабта өткізілетін жарыстардың ережесін ескере отырып, жарыстың ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек.

Жаяу жарыс

Жаяу жарыс – ойлы-қырлы жерлерде өткізілетін жаяу жарыс қазақ халқына көптен бері таныс. Бұған қарамастан жарыстың түрінен ереже әлі күнге дейін бір қалыпқа келтірілмеген. Осы уақытқа дейін жарысты өткізудің белгілі бір реті жоқ. Соңғы кездерде жаяу жарыс республикалық спартакиадаларда спорттың зачеттық түрінің бірі болғандықтан едәуір дұрыс өткізіліп жүр. Жаяу жарыстың кростан айырмашылығы шамалы болғандықтан кросты өткізудің ережесінің негізгі элементтерін жаяу жарысқа қолдануға болады. Бұл жарыстың кейбір өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еркектер үшін 1 000, 1 500, 2 000 және 2 500 метрлік қашықтықтарды, әйелдер үшін 500, 800 және 1000 метрлік қашықтықтарды ұсынуға болады. Жасөспірім жігіттер мен қыздардын 500, 800, 1 000 және 300, 400, 500 метр жерге жарысуына болады. Жарыстың бұл түрімен әсіресе 13-14 жастағы балалар мен қыздар көп шұғылданатын болғандыктан оларға 300 және 500 метр жерге дейінгі қашықтықтардың кез келгенін ұсынуға болады. Біз ұсынып отырған қашықтықтар кросс жарыстарының дистанцияларынан біраз кем. Мұнда Қазақстанның селолық жерлерінің жағдайлары мен ерекшеліктерін ескеріп отырмыз. Тағы бір ескеретін жағдай қазақ жастары өте ұзақ қашықтықтарға жарысып әдеттенбеген. Ауылдағы спорттық мерекелерде жаяу жарыс тиісті орын алуы керек. Егер жарыс ойлы-қырлы жерлерден өткен күннің өзінде оның мәресі мен сөресі көпшілік көп жиналатын клубтың, мектептің, колхоз басқармасының алдында болу керек. Сонда спорттың бұл түріне қалың көпшілікті қызықтырып, тартуға болады. Җаяу жарыс жалпы дене шынықтырудың өте құнды түрі болып табылады. Ол адамды күштілікке, батылдыққа, төзімділікке, тапқырлыққа, жергілікті жағдайды дүрыс бағалай білуге баулыйды. Җарысқа әзірленудің өзі адамның жүйке жүйесін жетілдіріп, денесін шынықтырады. Җаяу жарыс спорттың басқа түрлерінің өкілдері үшін де жаттығудың тамаша түрі бола алады. Оны спорттық жарыстардан кейін шаршағандықты жою үшін қолдануға болады. Спорттың бұл қызықты ұлттық түрін неғүрлым кеңінен дамыту керек. Бұл істі дамыту мектептегі әрбір дене тәрбиесі пәнінің оқытушысының, колхоз председателінің, МТС және совхоздардың директорларының, комсомол және физкультура комитеттерінің міндеті болып табылады.

Җорға жарыстың ерекшелігі мұнда атты шаптырмай тек жорғалатып отыру керек. Җорғалар екі түрлі болады. Қейбір жылқылар өздері туғаннан жорға болып туады. Ал кейбір жылқыларды жастайынан жорғалауға үйретеді. Бірақ, мұндай қолдан үйреткен жорғалардың жорғасы кесек, жүрісі жайсыз болады. Жылқыны жорғасы шыққан кезден бастап, яғни жас кезінен бастап тәрбиелеген жөн. Әйтпесе жорғасын жоғалтып алуы мүмкін. Жорға жарысы жақын аралықтарда ғана өткізіледі. Әйтпесе ат шаршап, шауып кетуі мүмкін. Жақсы жорғалар жарыс кезінде еш уақытта шаппайды. Үш рет шауып кеткен жорға жарыстан шығарылып тасталады. Әдетте жорға жарысқа қыздар мен әйелдер қатысады. Жорға жарыс спорттың ұлттық түрлерінің пайдалысының бірі. Ол адамды дене шынықтырып, спортқа деген, соның ішінде ат спортына деген құмарлығын арттырады. Оның тағы бір ерекшелігі жорға жарыс республикамыздың спорттық өміріне қыздар мен әйелдерді көптеп қамтуға жағдай туғызады. Бұл өте маңызды іс.

Қазақша күрес

Қазақша күрес – қазақтың ұлттық спортының тамаша түрлерінің бірі. Қазақша күрестен жарыс Октябрь революциясына дейін және революциядан кейін біраз жылдар салмақтық топтарға бөлінбей өткізіліп жүрді. Бұл оған қатынасушылардың арасында теңсіздік тудырды.

 Қазақтың ұлттық спорт ойындары

Қазіргі кезде қазақша күреске қатынасушылар салмағына қарай бес топқа бөлінеді. Бірақ оның өзі де жеткіліксіз. Қазақша күрес еркін күреске өте ұқсас болғандықтан мұнда да салмақтық топтар еркін күрестегідей болу керек. Спорттың ұлттық түрлерін мүмкіншілігінше қазіргі классикалық түрлерге жақындата түсу, оларды одан әрі өркендетудін және жетілдірудің негізгі міндеттерінің біpi. Спорттың ұлттық түрлерін бұл бағытта дамыту оны бұрынғыдан да мазмұнды және қызықты ете түседі. Бұл әсіресе еркін күрестің түрегеп тұрғанда аяқтан шалатын және қолмен белден төмен ұстауға болмайтын әдістеріне өте жақын. Қазақша күрес үшін тіпті маңызды. Мұндай әдістер орыстың, тәжіктің, қырғыздың, армянның, грузннің тағы басқа халықтардың күрестерінде бар. Бұл жағдай қазақша күрестің техникасын, тактикасын, жаттықтыру әдісін жетілдіре түсуге мүмкіншілік тудырады. Қазақша күрестегі бір ерекшелік шалу және қайыру сыяқты әдістердің өте байлығында. Мұнда түрегеп тұрып лақтыру немесе жатаберіс тастау, белге салып лақтыру сыяқты әдістері де қолданылады. Бұл негізгі әдістерге палуан аяғын жиі пайдаланады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға