Жаңалықтар

Көпбалалы аналар қолдаусыз қалмайды

«Талбесік» ұйымы – ана мен баланы қорғайтын қоғамдық күш
Көпбалалы аналар қолдаусыз қалмайды
05.03.2022 11:25 30462

2018 жылы Қазақстанда төртінші баласы өмірге келген аналарға «көпбалалы» деген мәртебені бермейтін болды (2020 жылы бұл мәртебе қайтарылды). 2019 жылы астанада бес бүлдіршін отқа оранып көз жұмды. Бұл оқиға Қазақстандағы барлық көпбалалы ананы тік көтерді. Бірнеше жерде жұмыс істесе де, баспанаға жарымай, несие құлдығына батып кеткен көпбалалы аналар өз мәселелерін бірлесіп шешу үшін бас қосты.

Көпбалалы аналар қолдаусыз қалмайды

2019 жылы 11 ақпанда журналист Ләззат Қожахметова Қарағандыда екі топ ашты. Біреуін облыс аналарына, екіншісін қала аналарына арнады. Сол кездегі облыс әкімі Ерлан Қошановқа аймақтағы аналардың үйсіз, күйсіз жүргендігін жеткізді.

– Ол кезде, қазіргідей әкімдер мен министрлер әлеуметтік желілерде парақша жүргізбейді, тікелей эфирге шықпайды. Әкімдердің қабылдауына кіру үшін халық айлап, жылдап кезек күтетін. «Талбесік» тобы алғаш рет Қарағанды облысында «Тыңдаушы мемлекеттің» кішкентай үлгісін құрды, – дейді қоғам белсендісі.

«Талбесік» тобы мемлекеттік органдар мен аналар арасында көпір болды. Аналарды сол кездегі облыс әкімінің орынбасарлары Асхат Аймағамбетов, Алмас Айдарұлы, Нұрсұлтан Жиембаев, Абзал Нүкенұлымен кездестірді. Аналарды басқарма, бөлім басшыларымен жүйелі кездестіруді жолға қойды.

«Талбесік» көпбалалы аналарға үй кезегіне тұру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, балабақша мен жолақы билетін рәсімдеу туралы кеңестер берді. Ләззат Қожахметованың қасына белсенді аналар бірікті. «Талбесік» қозғалысы  аймақтағы 300-ден аса ананың хатын жинап, Елбасыға, министрікке, Парламентке жолдап, көпбалалы аналарға табысын есептемей, біркелкі жәрдемақы төлеуді ұсынды. 2020 жылы көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы төрт есеге өсті.  Осы жылы төрт балалы аналарға «көпбалалы» статусын қайтарып берді. «Талбесік» 250 қарағандылық ананың несие қарызы туралы мәліметтер жинап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеткізді, нәтижесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үш санаттағы отбасылардың несиелерін кешірді.

Көпбалалы аналар қолдаусыз қалмайды

– Қарағанды облыс әкімдігі «Талбесік» көтерген ұсыныстарды қолдап, көпбалалы отбасыларға тегін жолақы билеті, мектеп формасы үшін 30 мың теңге қаражат, балабақшаға 50 пайыз жеңілдік енгізді. Бұған дейін бұл көмек тек астаналық аналарға ғана тән еді. «Талбесіктің» ұсынысымен Қарағанды – бұл жеңілдіктерді басқа облыстардан бірінші болып енгізді.

Ләззат Қожахметова Ерлан Жақанұлына ұсыныс жасап, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды тегін сүндеттеуге рұқсат алды. Акция үшінші жыл қатарынан өтіп келеді.

«Талбесік» қозғалысы ұйым ретінде тіркеліп, облыс орталығынан «Шаңырақ» атты орталық ашты. Жалпы алғанда 2019 жылы мұндай қозғалыстар Қазақстанның барлық облысында, Нұр-Сұлтан мен Алматыда да бастау алған еді. Бірақ тек Қарағанды облысында ғана көпбалалы аналар қозғалысы ұйымға айналып, орталық ашып, жұмысты жүйелі жолға қойды. Басқа өңірлердегі мұндай қозғалыстар тарап кетті.

–  «Талбесік» қозғалысы пандемия кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында дәнекер бола білді. Демеушілердің көмегімен 4 мыңға жуық отбасы қайырымдылық көмек алды. Тұрмысы төмен отбасыларды әртүрлі қорларға, кәсіпкерлерге ұсынып, баспаналы болуына жәрдемдесті.

Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек аймақта анықталған мәселелерді министрліктерге хабарлап, республика деңгейінде бірлесіп шешуге көмек көрсетіп отыр. Қарағанды қаласы әкімдігі апта сайын көпбалалы аналарды жеке қабылдау ұйымдастырды. Мұндай қабылдау тек осы облыста ғана жүзеге асып отыр.

Көпбалалы аналар қолдаусыз қалмайды

«Талбесік» ұйымы Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырысын орындайды. «Шаңырақ» орталығында тұрақты түрде көпбалалы аналарға мамандық меңгертетін курстар ұйымдастырады. Онда торт пісіру, тігін тігу секілді машықтарды меңгертеді. Бизнес бастау үшін қайтарымсыз грант ұту жолдарын үйретеді. Көпбалалы отбасылаpға заңгеpлiк, псиxологиялық және әлеyметтiк көмек түpiнде, оның iшiнде денсаyлық сақтаy, бiлiм беpy, жұмысқа оpналастыpy, кәсiпкеpлiк және тұpғын үй бағдаpламалаpын iске асыpy мәселелеpi бойынша тегiн консyльтациялық қызметтеp көpсетедi. Қайыpымдылық көмекке демеyшiлеp мен қайыpымдылық қоpлаpын таpтады. Қаpағанды қаласы әкiм аппаpатымен, өңipлiк кәсiпкеpлеp палатасымен, «Дамy» кәсiпкеpлiктi дамытy өңipлiк қоpымен, Қазақстанның iскеp әйелдеpi қаyымдастығымен және басқа да кәсiпкеpлiк қаyымдастықтаpымен бipлесiп, көпбалалы отбасылаpдың кәсiпкеpлiк бастамалаpын қолдаy мақсатында iс-шаpалаp өткiзедi. Көпбалалы аналаpға бизнес-жоспаpлаpды әзipлеyге және  өз қолдаpынан шыққан заттаpды сатy бойынша маpкетологияны меңгеpyге жәpдемдеседi, жаңа мамандықтаp меңгеpтy бойынша кypстаp жүpгiзедi.

Көпбалалы аналар қолдаусыз қалмайды

– Орталық тек әлеуметтік мәселелерді шешумен айналыспайды, отбасы құндылықтарын насихаттайтын шаралар ұйымдастырады. «Анам, әкем және мен, спортшымыз әулетпен», «Кәрім Сауғабай оқулары» секілді спорт, әдебиет, өнер сайыстарын өткізеді.

«Талбесік» ұйымының төрайымы Ләззат Қожахметова Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің, Президент жанындағы Әйелдер істері және демография жөніндегі комиссия мүшесі. Ләззат Таймырқызы Президентке арендалық баспана, білім гранттары, денсаулық мәселелері бойынша баяндама жасады. Заңдар мен мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар әзірлерді. «Әлеуметтік кодекс» жобасын дайындауға, Қазақстанның алдағы бес жылдық Ұлттық жоспарларын талқылауға қатысты.

Қозғалыс құрамында Бақытты Канапина, Назгүл Рашева, Қымбат Бұлқайырова, Айша Сүлейменова, Әсел Тореханова, Жанар Машабаева, Әсем Тоқмағамбетова, Жаннұр Қудашбаева, Гүлжанар Абдигулова, Баян Мамитова, Сағыныш Абилова, Кәмшат Нұрбекова, Алтыннұр Шашубайлар өз еңбектерін сіңірді.

- Жазда көпбалалы ана хабарласты. Ақ қан ауруына шалдыққан баласының жағдайымен астанада екен. Жалғызбасты. Басқа балаларын елордадағы дағдарыс орталығына орналастырған. «Алты айдың ішінде балаларымды алмасам,  балалар үйіне жібереді, тұратын баспанам жоқ» - деп орталықтан көмек сұрады. Біздің қызметкер Кымбат Булкаирова жалғызбасты анаға баспана іздеумен айналысты. Оылайша Нұра ауданы Жараспай ауылында көпбалалы отбасыларға тегін баспана мен 500 мың теңге көмекқаржы берілетінін анықтады. Әкімдікпен хабарласып, көпбалалы ананы сол ауылға жіберді. Сонда тұрақталды, алайда баласының жағдайына орай жұмысқа шыға алмады. Біз бұл отбасының жағдайын демеушілерге жеткіздік, олар өз кезегінде қаржылай көмек көрсетті. Сонымен қатар, ол отбасыға оқу формалары, кеңсе тауарлары мен азық-түлік себеттерін жеткіздік. Бізге хабарласқан әрбір ана демеусіз қалмайды, - дейді Л.Қожахметова.

Көпбалалы аналар қолдаусыз қалмайды

Көпбалалы ана Айша Сүлейменова 2019 жылдың наурыз айынан бері ұйымның белсенді мүшесі.

– Көпбалалы аналардың алдында тұрған үлкен мәселенің бірі – баспана. Мемлекет бұл статустағы аналарға жасаған мүмкіндіктерін насихаттап келемін. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көптеген ананың үйге қолжетуіне жәрдемді тигіздім. Тоғыз баласы бар отбасы «Асар уме» қорының арқасында жаңа үйдің кілтін алды. Ұйым құрылғалы көп отбасыға киім-кешек, ойыншық, кеңсе тауарларын, жаңа жылдық сыйлықтар, азық-түлік себеттерін үлестірдік. Сонымен қатар, спорттық жарыстар, әртүрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырумен де айналыстым, - дейді ол.

Айша Таймасқызы баспанаға байланысты мемлекеттік бағдарламалар болғанмен, үйдің құны тым қымбат екенін айтып отыр.  

Диана Тұңғышбаева – алты баланың анасы. Үш жыл бұрын әлеуметтік желіде көпбалалы аналардың тобына қосылып, «Талбесік» қозғалысы туралы алғаш рет естиді.

–  Ол кезде алтыншы балама аяғым ауыр еді. Жатақханада 16 шаршы метр болатын бөлмеде тұрып жатқан кезіміз. Жағдайымды Ләззат Қожахметова ханым түсініп, демеушілер іздей бастады. Аз уақыттың ішінде біздің отбасыға көмек беретін жан табылып, үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздік. Одан  бөлек пандемия кезінде ұйым мүшелері бірнеше рет азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етті. «Талбесік» ұйымы мен Ләззат ханымға алғыстан басқа айтарым жоқ! - дейді «Күміс алқа» иесі.

Ерікті аналардан құралған «Талбесік» қозғалысы бүгінде кеңес беретін, қайырымдылық көрсететін орган ғана емес, Қазақстандағы барлық көпбалалы аналардың мәселесін көтеретін қоғамдық бірлестік деңгейіне көтерілді. «Талбесік» қозғалысы – ана мен баланы қорғайтын қоғамдық күш.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға