Жаңалықтар

Өзбекстан мен Әзербайжан тәжірибесін меңгеру керек  

Латын әліпбиіне көшу жөнінде  Ерлан Сағадиевтің пікірі 
Өзбекстан мен Әзербайжан тәжірибесін меңгеру керек  
17.04.2017 11:08 3446

Латын әліпбиіне көшуде Өзбекстан мен Әзербайжан тәжірибесін меңгеру керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысында мәлімдеді.

 «Үрдіс өте ұзақ. Президент айтқандай,  барлығына баппен қарау керек.  Биыл мамандар және ғалымдармен келісеміз, ақылдасамыз.  Жыл соңына таман  бір шешімге келуіміз керек. Осыдан барып  мектептерді дайындау  бойынша  кесте жасалады. Нақты ақпарат  жыл соңына қарай белгілі болады», - деді министр.

Оның айтуынша, Өзбекстан мен Әзербайжан  тәжірибесін меңгеру үшін аталмыш  елдерге зерттеу мақсатымен  делегацияларды жіберу керек.

«Олардың жіберген қателіктерін есепке алып, тыңғылықты зерттеу жүргізу керек. Алдымен, сараптамалық жұмыс жүргізіліп, кейін меморган мен депутаттар талқылауы тиіс», - деді Е.Сағадиев.

Ақбота Күзекбай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға