Жаңалықтар

Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім

ҚХА XXV сессиясының жұмысына 1500-ден астам адам қатысты
Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім
Фото: Нұрбек Альманбетов 27.04.2017 10:46 5593

2017 жылдың 26 сәуірінде Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы болып өтті.

Ассамблеяның жұмысына 1500-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде Ассамблеяның барлық өңірлерден келген мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-ның басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар.

Яндиев Гелихан, ұйғыр-шешен бірлестігінің мүшесі:

— Менің ата-анам Қазақстанға 1944 жылы жер аударылып келген. Сол уақыттан бері біз Қазақстанда тұрып келеміз. Бұл мемлекет біздің отанымыз болып кетті. Бүгін өте маңызды кездесу өтіп жатыр деп есептеймін. Өйткені Қазақстандағы бірлік, татулық біздің ең басты байлығымыз!

Сессияда өңірлерден келген делегаттар, ҚХА мүшелері, шетелдік қонақтар, жұмысшы мамандықтарының, жастар ұйымдарының, азаматтық қоғамның өкілдері және басқалар сөз сөйледі.

Өз үндеуінде ҚХА Қазақстан халқын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық сананың жаңғыруы бойынша бастамаларын қолдап, осы бағытта қызмет етуге шақырды.

Здойнов Николай, ҚХА мүшесі:

— Атам соғысқа осындай киіммен кетіп, бір қолсыз оралды.  Ол уақытта адамдар жер аударылғандығы жайлы естеріне алғанды ұнатпайтын. Біз кейінірек ес кіре білдік. Петропавл қаласында ұлттар арасындағы достық өте жоғары деңгейде. Ешқандай ұрыс-керіс болған емес. Барлығымыз бір ананың баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі кездесуге келген мақсатым – біздің елде осындай ұлт өмір сүріп жатқанын көрсетіп, ата-бабамның аруағын разы ету.    

XXV сессияның қорытындысында Ассамблея қоғамдық сананың жаңғыруы қоғамның заңды қажеттілігі екендігі, бұл бастама еліміздің дамуына тұтастық беретіні атап көрсетілген үндеу қабылдады.

Сессияға жиналғандардың барлығы бір ауыздан: «Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау бүкіл Қазақстан халқына және біздің әрқайсымызға тән қасиетке айналуға тиіс» дегенге сайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы мерекелік концертпен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға