Жаңалықтар

Жаңа Қазақстанды қолдаймын – елорда тұрғыны

Жаңа Қазақстанды қолдаймын – елорда тұрғыны
05.06.2022 10:47 1998

Бүгін Қазақстанның барлық аймағында референдум өтіп жатыр. Таңғы сағат 7-ден бері азаматтар өз дауыстарын беруде, - деп хабарлайды El.kz.

– Мен еліміздің ата заңына енгізіліп жатқан барлық өзгерістерді қолдаймын. Сол үшін бүгін 341-ші учаскеге өз дауысымды беруге келдім. Бұл Қазақстан үшін және Қазақстанның азаматтары үшін маңызды сәт деп ойлаймын. Еліміз болашақта жарқырап, жайнауына тілектеспін, - деді азаматша Алтын Қайырбекқызы.

Сағат 09:00-дан бастап 341-ші учаскеде халық белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Референдумға ұлттық киіммен келгендер де болды. Ел тарихындағы маңызды сәтте ұлттық құндылықтарымыз да дәріптелуі тиіс деген пікірде.

– Бүгін дауыс беруге өзімнің сіңіліммен бірге келдім. Халықпен бірге жаңа Қазақстанды қолдаймын. Патриот азамат ретінде, барша қазақстандықтарды дауыс беруге шақырамын. Болашақта халықтың жағдайы жақсарса екен деп тілеймін,- деді елорда тұрғыны Бақыт Халықоразова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға