Жаңалықтар

Смартфон қосымшасында референдум туралы хабарландыру іске қосылды

Фото: inform.kz
Смартфон қосымшасында референдум туралы хабарландыру іске қосылды
02.06.2022 13:10 1459

Қазақстандықтар Kaspi.kz қосымшасында өзі дауыс беретін сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын таба алады, деп хабарлайды El.kz Kaspi.kz басшысына сілтеме жасап.

Егер сайлау учаскесі жоқ болса, байланыс орталығының телефон нөмірі автоматты түрде көрсетіледі. Сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз.

«Жақында біз қазақстандықтарға референдумда дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тікелей смартфоннан білуге ​​мүмкіндік беретін «Референдум» қызметін іске қостық. 5 маусымда бәріміздің болашақ ұрпақ үшін жаңа Қазақстанды құруға дауыс беретін бірегей мүмкіндігіміз бар! Біз Kaspi.kz командасы мемлекетке түрлі қызметтерді әрбір азаматтарға қолжетімді етуге көмектесу мен сүйікті тұтынушыларымыздың өмірін жақсартатын инновациялық қызметтерді жасауды жалғастырамыз»,- деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.

Айта кетсек, сервис Орталық референдум комиссиясы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен іске қосылды. Қазіргі кезде Kaspi.kz қосымшасын ай сайын 12 миллионға жуық адам пайдаланады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға