Жаңалықтар

Конституциялық реформаның басты мақсаты – әділ қоғам құру

Конституциялық реформаның басты мақсаты – әділ қоғам құру
25.05.2022 14:18 2225

Әділ қоғам қалыптастыру үшін референдумға қатысып, дауыс беру өте маңызды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі жанында өткен «Конституциялық реформа нені көздейді? Неліктен референдумға қатысу маңызды?» атты брифингте айтылды. 

Референдумның сайлаудан басты айырмашылығы туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Жолдыбалина Алуа Серікқызы түсіндіріп өтті. Сондай-ақ Қазақстанда мұндай мәселелерге Конституцияға өзгерістер енгізу, президент өкілеттігінің мерзімі және мемлекеттің бір одаққа қосылуы я шығуы жататыны сөз болды.

Конституциялық реформаның басты мақсаты – әділ қоғам құру

«5 маусымда өтетін референдум институционалдық өзгерістерді – Парламент, Мәжіліс, Сенат, Мәслихат және президент өкілеттігіне қатысты сұрақтарды қамтиды. Мұнан бөлек, өлім жазасын алып тастау және  адам құқықтарына қатысты толықтырулар бар. Біз өткізген сауалнама нәтижесінде 76% жуық халықтың референдумды қолдайтыны белгілі болды. Оның 66% адам қатысуға ниет білдірген»,- деді Президент жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Серікқызы.

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры Оңғарбаев Еркін Әнуарұлының айтуынша, реформаның басты мақсаты – әділ қоғам құру және жаңа Қазақстан идеясы. Осыған дейін алдымен экономика, кейін саясат бағыты ұсталды. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев демократиялық қоғам құру үшін саяси реформа және модернизация жасау керектігін айтты. 

Сондай-ақ реформаның алғашқы нұсқасындағы бірінші президентке қатысты ұсыныстар қоғамда келіспеушілік туғызғандықтан, соңғы нұсқада саяси шешімдерге, азаматтардың белсенділігін арттыруға және адам құқықтары туралы түсініктің аясын кеңейтуге назар аударылған. 

Конституциялық реформаның басты мақсаты – әділ қоғам құру

«Қандай да бір нормативті акт адам құқығын бұзса немесе ол адам құқығым бұзылды деп санаса, ол Конституциялық кеңеске шағымдана алады. Ал ол шешім қабылданған жағдайда оны президент не болмаса парламент өзгерте алмайды, ол уақыт оздырмай  орындалуы тиіс»,– деді Еркін Әнуарұлы. 

    Суреттер ұлт.кз және Ольга Муравьеваның жеке қорынан алынды

(Материалды әзірлеген Құндыз Мұханғали)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға