Жаңалықтар

Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшысы: «Қазақстанды қолдауға дайынбыз»

Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшысы: «Қазақстанды қолдауға дайынбыз»
05.06.2022 18:27 1847

Қазақстанға бірнеше елден халықаралық байқаушылар келіп, референдумның әділ өтуін бақылауда, - деп хабарлайды El.kz.

Елімізде өтіп жатқан референдумға Ислам ынтымақтастығы ұйымының сайлау жөніндегі бөлім басшылары мен мамандары байқаушы ретінде қатысты.

– Біз Қазақстандағы референдумды ұйымдастыру жұмыстарын жіті бақылап отырмыз. Елордадағы бірнеше учаскілерге барып комиссия мүшелерінің біліктілігі мен қызметін көріп қайттық. Ислам ынтымақтастық ұйымы Қазақстандағы референдумды қолдай отырып, Қазақстан халқына, үкіметіне алға қарай ілгерілеуді және дамуды тілейміз. Учаскілерді аралау барысында заң бұзушылық және азаматтардың құқықтарынын бұзылғанын байқамадық. Сайлау орындарында азаматтардың қауіпсіздігі үшін де жағдай жасалған. Алдағы уақытта қорытынды нәтижелер шығып жатса, біз Қазақстанның қарқынды дамиды дегеніне сеніммен қараймыз. Болашақта Қазақстанды қолдауға дайынбыз, - деді ИЫҰ сайлау жөніндегі бөлімінің бастығы Шакир Махмуд Бандар.

Сонымен қатар, таңертеңнен бастап қазақстандықтардың, соның ішінде жастардың референдумда белсенді дауыс беруге келіп жатқанын және халықтың көңіл күйі жақсы екенін байқағанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға