Жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасымен кездеседі

Фото: sports.kz
Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжан командасымен кездеседі
03.06.2022 09:31 1110

Бүгін УЕФА Ұлттар Лигасы аясында «Астана Арена» стадионында Әзербайжан командасымен кездеседі. Матчтан соң жанкүйерлерді тарату үшін қосымша автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Матч аяқталғаннан кейін қосымша бағыттар күшейтіледі. Сондай-ақ, «Астана Арена» тұрағында және Қабанбай батыр даңғылындағы автобус аялдамаларында жанкүйерлерді тарату үшін автобустар ұйымдастырылады. Жолақы 90 тг тарифі бойынша қолма-қол ақшасыз жасалады», - делінген әкімдік хабарламасында. 

Айта кетейік, ойын елорда уақытымен 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Тікелей көрсетілімді «QAZSPORT» телеарнасынан, qazsporttv сайтынан және Qazaqstan.tv мобильді қосымшасынан көруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға