Жаңалықтар

«Болашақ» стипендиаттары конституциялық реформаларды талқылады

«Болашақ» стипендиаттары конституциялық реформаларды талқылады
25.05.2022 18:22 1445

Бүгін, Білім және ғылым министрі Қуаныш Ерғалиев «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттарымен онлайн отырыс өткізді. Кездесудің қатысушылары «Жаңа Қазақстанды» құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылап, саяси өмірді әртараптандыруға бағытталған конституциялық реформалардың халықаралық тәжірибесі туралы сөз қозғады.

Шараға АҚШ, Еуропа және Азия елдерінің үздік университеттерінен 30-дан астам «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатысты.

Жиын барысында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары шетелдік мемлекеттердің саяси реформалары мен стратегиялық даму бағдарламаларының үздік тәжірибесін, жетістікке жету мен өзектілікті қамтамасыз ету үшін жергілікті жағдайларға бейімделуін талқыға салды.

Болашақ степендиаттары Мемлекет басшысының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында айтқан Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізу туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға