Жаңалықтар

Азаматтарды референдумға мәжбүрлеп қатыстыру саясаты жоқ– Сенат төрағасы

Азаматтарды референдумға мәжбүрлеп қатыстыру саясаты жоқ– Сенат төрағасы
05.06.2022 10:28 935

«Референдумға азаматтарды мәжбүрлеп қатыстыру деген саясат жоқ. Қазақстандықтар таңдауды өздері жасайды». Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өз таңдауын жасағаннан кейін БАҚ-қа берген сұхбатында айтты,- деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«1995 жылы өткен референдумға қатыстым. Ал бұл жолғы референдумның жөні бөлек. Аталған саяси шара ашық әрі демократиялы түрде өтіп жатыр. Халықтың өз ойын айту мүмкіндігі бар. Сынау мүмкіндігі де бар», - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, халық ел өміріне қатысты саяси реформаларға белсене қатысуы тиіс.

«Референдумға отбасыммен келдім. Жұбайым және қызым бар. Қызым 18-ге толып алғаш рет дауыс беріп жатыр. Сенат мүшелері референдум өтеді деген сәттен бастап жұмысқа қызу кірісті. Әріптестерім өңірлерді аралап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді», - дейді ол.

Айта кетейік, Мәулен Әшімбаев референдумға сағат 9:00-де келіп, №111 учаскеде дауыс берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға