Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 53, 43% референдумда дауыс берді

Фото: Egemen.kz
Қазақстандықтардың 53, 43% референдумда дауыс берді
05.06.2022 14:20 1137

Қазақстандықтардың дауыс беруге келуі туралы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 262 973 адам дауыс берді.

«Орталық референдум комиссиясына аймақтардан келіп түскен деректерге сәйкес, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың келесі саны дауыс беруге арналған бюллетеньдерді алды. Нақты айтқанда, Ақмола облысы – 56,89, Ақтөбе облысы – 45,64, Алматы облысы – 58,07 , Атырау облысы – 50,68, Батыс Қазақстан облысы – 53,58, Жамбыл облысы – 63,46, Қарағанды облысы – 61,08 , Қостанай облысы – 62,47, Қызылорда облысы – 65,03, Маңғыстау облысы – 43,36, Павлодар облысы – 57,79, Солтүстік Қазақстан облысы – 62,41, Түркістан облысы – 53,63, Шығыс Қазақстан облысы – 64,21, Нұр-Сұлтан қаласы – 41,13, Алматы қаласы – 23,06, Шымкент қаласы – 59,32 пайыз. Жалпы, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 262 973 азаматы бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 53,43 пайызын құрайды. Заңға сәйкес, егер референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса референдум өткізілген деп саналады. Осылайша, аумақтық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, заңмен белгіленген келушіге қол жеткізіліп отыр», - деді  Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға