Қандастар Ассамблея

Ауыл халқына үлкен септігін тигізетін жоба ашылады

Бүгін, Аманат партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Үкіметтің 2025 жылға дейінгі халық табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасын егжей-тегжейлі таныстырып өтті.

Эльдар Тынышбайұлының сөзінше, мұндай бағдарлама ауыл халқының табысын көтеруге үлкен септігін тигізетін жоба жүзеге асады.

«Бұл бағдарлама Үкіметте наурыз айында қабылданған болатын. Бірақ заңды күшіне 14 сәуір күні енді. Баршамызға мәлім Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке осы бағдарламаны дайындауға тапсырма берді. Бұл бағдарламаның пайда болуы, еліміздегі қаңтар оқиғасының нәтижесінде пайда болды деуге болады. Себебі азаматтардың табысының төмендігі осы қаңтар оқиғасындағы жағдайға алып келді. Мысалы ауыл халқы шамалары келгенше бақшаларында өз өнімдерін өсіреді. Ал, біздің мақсат сол дайын өндірген өнімдерді дүкен сөрелеріне қойып беруге жағдай жасау. Соған байланысты дүкеннің талабын алып, сол талап бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Яғни, азаматтарға өнімдерін сатуға да көмектесетін боламыз. Сондықтан аталмыш бағдарлама осы мәселені шешуге бағытталған»,- деп атап өтті «AMANAT» партиясының хатшысы.