Жаңалықтар

Алматыда көлік тұрағы тегін болады

Фото: 24.kz
Алматыда көлік тұрағы тегін болады
03.06.2022 09:47 1012

Алматыда республикалық референдум күні көлік тұрағы тегін болады. Бұл туралы Alan Parking және «Алматыспецтехпаркинг» компаниялары мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz 

«5 маусым күні алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады. Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады. Ресми дауыс беру уақыты - жергілікті сағат бойынша таңғы 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға