Жаңалықтар

Оңтүстік өңірдің киелі жерлері

Қасиетті өлкенің әйгілі нысандары туралы не білеміз?
Оңтүстік өңірдің киелі жерлері

Еліміздегі киелі орындардың көпшілігі, соның ішінде, әулие адамдардың кесенелері оңтүстік өңірде орналасқан. Алайда бірнеше ғасырлар бойы тарих қойнауына алтын әріптермен енген бұл жерлер туралы мағлұматтар жеткіліксіз. Сонымен, еліміздің оңтүстігі көпшілікке таныс емес қандай нысандарымен мақтана алады?

Солтанбай батыр кесенесі

Бұл кесене – Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылында орналасқан. Көріпкелдік қасиетіне ие болған әулие, Солтанбай Жәдігерұлы XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың ортасында өмір сүрген.

Бірде Солтанбай батыр қасында бір адам бар, екеуі салт атпен Тоқсанның даласында келе жатыпты. Сол маңда бір байдың бірнеше келе түйелері жайылып жүріп, сол түйелердің ішінде адамдарға шабатын дәу бура жүріпті. Келе жатқан екі атты адамды көріп, құтырған бура қарсы шауыпты. Содан батырдың жол серігі бұлт Пәленбай деген байдың құтырған бурасы талай адамды шайнап тастаған бұдан қашып құтылмасақ бізді де жазым қылады депті. Екеуінің де қолдарында қамшыдан басқа қарулары жоқ екен. Сол кезде Солтанбай батыр бурадан қаша шабады. Содан бура батырды қуып жетіп, аузын батырға сала бастаған кезде, Солтанбай батыр бураны құлақ шегеден жұдырығымен бір ұрады. Батыр айналып қайтып бураға келсе, бура сеспей қатып қалыпты. Арада біраз уақыт өткен соң, әлгі жолдасы жақын ауылдан қаруланған адамдарды алып келсе, бура өліп жатыр, қасында Солтанбай батыр отыр екен. Бұл оқиға бураның иесіне жетіпті. Ол бай бәле қуған бір адам екен. Бураны жалаңаш қолмен ұрып өлтірді дегенге сенбей, қасақана шоқпармен ұрып өлтірді деп, билерге арызданып, біраз шу болыпты. Батырдың бураны қолмен ұрып өлтіргенін көрген адам жоқ. Содан бай дәу атан түйесін алып келіпті. Батыр тұрып, мен бураны былай ұрып құлаттым деп, атан түйені жұдырығымен құлақ шекеден бір ұрыпты. Атан түйе сеспей қатыпты. Халық шуылдап, батырдікі шындық деп тұрып алыпты. Аңызда айтылғандай, билер ақылдыасып, бай Солтанбай батырға жала жапты деп, ат-шапан айыбын төлетті.

Қарамерген қалашығы

Қарамерген қалашығы – Балқаш ауданы Іле-Бақанас өзендерінің маңайында орналасқан, XII-XIII ғасырда өмір сүрген ортағасырлық солтүстік аймақтағы ірі қала. Қазіргі уақытта бұл қалашық Алматы облысындағы туристік нысан ретінде саналады. Іле өзенінің бойындағы және өркениетті қалалардың ішіндегі ең көнесі. Қаланың ұлғайып, көркейген шағы XII-XIII ғасырларға сәйкес келеді. Ұлы Жібек жолы Қарамерген қалашығы арқылы Орталық Қазақстанға және Шығыс Еуропаға баратын маңызды сауда қызметін атқарады.

Бұл мекеннен табылған қыш ыдыстардың қалдықтарына қарап, оларды X ғасырға жатқызуға болады. Нақты деректерге сәйкес, Қарамерген қаласы XIII ғасырда моңғол шапқыншылығы кезінде тоқтатылды. Жойылу мен эрозияға қарамастан, қыш үйдің және ирригациялық жүйенің қираған үйінділері жақсы сақталған. Сол сияқты осы күнге дейін сақталған керамика ыдыстары мен басқа да бұйымдар – сол заманнан қалған мәдениеттің айғағы.

Отырықшылық қала аумағында жақсы дамыған. Ал аңшылық, қалың ормандарда жақсы деңгейде дамыды (қала атауы содан пайда болып, «Қара мерген атқыш» деген атауға ие болды). Тұран ойындары да осы жерде ұйымдастырылды. Сондай-ақ, балықшылар Іле мен Балқашта аң аулаумен айналысқан.

Смағұл қажы жерленген жер

Смағұл қажы 1858 жылы дүниеге келген. Ол Мекке-Мединаға 1908 және 1913 жылдары жол серік болып барған қажы. Жерленген жері Ақсу ауданы Ойтоған ауылынан солтүстікке бір шақырымдай жерде, Ақсу өзенінің жағалауында орналасқан. Қазір бұл жер үлкен табытқа айналды.

Смағұл он үш жасқа келгенде көрші ауылдың көп жылқысын жортуылшылар шауып кетіпті. Жылқы соңынан қуған көп адамның арасында Смағұл да болды. Ол жылқының ізімен жортуылшылардың еліне жетіп, сол елдің билеріне жолығып, жоғын жоқтапты. Сонда әлгі ауылдың бір қариясы:

Жылқымызды жау алған,

Қуғыншымыз тауып алған.

Тұяққа тұяқ ұқсайды,

Құм жоқ ізін жауып алған.

Үңіліп келген жолдарыңмен,

Түңіліп қайтыңдар, –

 

деп есе бермепті.

Сонда бала Смағұл суырылып ортаға шығып, алдымен үлкендерден жол сұрап, сосын:

Еліміздің бізге үйреткен сөзі бар,

«Ажалдының ақиреттік бөзі бар»

Жылқымыздың ізі тұрмақ еліңде,

Араласақ әрбір сайда көзі бар.

Қысырында бермесең, буазында бересің,

Арығында бермесең, семізінде бересің.

Өз бетіңмен бермесең, өнерімді көресің.

Оның жүз ғып, жүзін мың қып төлерсің.

Өтірік айтсаң, сен де бір өлерсің,

Жылқым жылан-шаян болып

Шаққанында көрерсің, –

деген екен.

Үйгентас жайлауы

Бұл жайлау – Алакөл ауданы Тентек өзенінің жоғарғы жағындағы Лепсі ауылынан Шығысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан. Үйгентас – табиғаттың қайталанбас сұлулығымен ерекшеленетін бірегей жер болып табылады. Бұл жерде 1723-1724 жылдары Қаракерей Қабанбай бастаған қазақтар мен жоңғарлар арасындағы тарихи шайқас нәтижесінде қазақ жері жоңғар басқыншыларынан азат етілді. Шұбарағаш Ойжайлау жеріндегі тас қорғандар жоңғарларды жеңудің айрықша көрінісін және шекара аумағындағы қорғаушылардың ерлік шежіресі іспетті.

Халық аңыздарында айтылғандай, Қабанбай бастаған қол жоңғарларды қалай тұтқынға аламыз деп кеңесіп, жоңғарларды қайта келместей етуді ұйғарды. Оларға үлкен бір шұңқырға өздері көтере алатын бір-бір тасты тастап, енді қайтып осы шекарадан өтпеуге ант берсін деп бұйрық берген. Жоңғарлардың көп болғандығы сонша, үйілген тас тауға айналды.

Деректердің бірінде Қабанбай батырдың бұл жақта болғандығы туралы хабар берілген. Сөйтіп, қазақ батырлары жауды бір жағы Жоңғар қақпасы мен тау-жоталары, ал екінші жағы Үйгентас үстірті арқылы Қытай жеріне дейін қуып, біржола тізе бүктірді. 1846 жылы бұл жерде үлкен орданың бес руы арасында Ресейге қосылу жөнінде бейбіт шартқа қол қойылды. Шартқа қол қойылғаннан кейін бұл жерде бекет орналасып, оған жақын жерден уездік қала Лепсі бой көтерді.

Алаш зиялысы Базарбай Мәметов кесенесі

Қазан университетінің түлегі, азаттық қозғалысына қатысушы, заңгер, Базарбай Мәметов 1888 жылы 20 мамырда бұрынғы Жетісу облысы, Лепсі уезінің Балқаш-Лепсі болысында дүниеге келген. Ол 1911 жылы Қазан университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, 1916 жылы оқуды бітіріп шықты.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін «Алаш» партиясының мүшесі болып, 1917 жылы шілде айында өткен съезде Жетісу өңірі қазақтарынан депутат болып сайланды.

Аңыздарда айтылғандай, Жетісу жерінде екі Базарбай болған. Солардың бірі, Құнанбай кезінде үкімет тізгінін мықтап ұстап, 40 жыл бойы болыс қызметін атқарған. Оның есімі сол кездегі халық аузында халықтың бірлігін қорғаған Құрымбай, Сиқымбай, Жақанбай, Тынышбай, Нияз батырлардың есімдерімен қатар жүрді. Кезінде ол албан Құлманбет, алшын Төребай, жалайыр Бақтыбай, төлеңгіт Жазық, садир Жидебай, матай Арслан және басқалар сияқты өнер адамдарын біріктіріп, олардың даңқын халық арасында таратуға атсалысты. Аға сұлтан Құнанбай, Барақ төре, Тезек төре Базарбаймен санасқан. Базарбай есімін ұлына қойды. Ал ұлы Алаш-Орда министрі лауазымына дейін жетіп, адвокат қызметін атқарды. Ал, адамдар оны құштарлықпен тыңдады.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда Алаш орданың съезі өтті. Оған Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Жанша Досмұхамбетұлы, Әлімхан Ермекұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманұлы, Жақып Ақбайұлы, Мұстафа Шоқайұлы, Базарбай Мәметұлы, Отыншы Әлжанұлы қатысты. Сол жылы Базарбай Мәметұлы Алашорданың депутаты болып сайланды. Кеңес заманында Базарбайдың артынан қуғын көп түседі. Ол заңға жетік болғандықтан көп жағдайда өзін қорғап қалып отырған.

Базарбай Мәметұлы Сарқан ауданы Лепсі кентіне қарасты Қаражи өңірінде жерленген.

Алаш зиялысы Барлыбек Сыртанов жерленген жер

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт зиялыларының арасында есімі ерекше аталатын тұлғаның бірі – Барлыбек Сыртанов.

Барлыбек 1890 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетін араб-парсы және түрік-татар тілдерінің мамандығы бойынша бірінші дәрежелі дипломмен бітірген. Студенттік жылдары Ресей империясының астанасында сан қилы саяси оқиғаларға куә болып, орыс халқының мәдениетін, өнерін таныған Барлыбектің сана-сезімі қарыштап өсті. Барлыбектің алған білімі, ортасы, көкірегіне түйгені оның нағыз ұлтжанды, халқына адал, елінің тәуелсіздігі үшін күрескер болуына ықпал етті.

Сонымен қатар, Барлыбек Сыртанов Жетісу өлкесінде келімсектердің жерді талан-таражға салып жатқан қимыл-әрекеттерін тоқтату үшін 1910 жылы 21 қазанда Ұзынағашта Жетісу болысының қазақтарын жинап, арнайы кеңес өткізді. Кеңесте өзі баяндама жасап, қазақ халқының өз жерінде отырып, жер тарлығынан зардап көріп отырғандығын батыл айтып, ортаға салды. Осы сөздерін іске асыру мақсатында 1911 жылы науқастанып қалғанына қарамастан Жетісу қазақтары мен қырғыздары, сарт, ноғайлары және басқа да ұлттардың атынан арнайы өтінішпен Санкт-Петербургке барды. Сондай-ақ, талай патша шенеуніктерінің қабылдауында болды.

1910-1914 жылдары «Айқап» журналына «С.Б.Алашинский» деген бүркеніш атпен озық ойлы материалдарын шығарып тұрған. Ал осының бірден-бір айғағы ретінде 1910-1913 жылдар аралығында құпия түрде қазақ өлкесін Ресейдің ішкі колониясынан шығарып, тәуелсіз республика мәртебесі бар мемлекет құрудың бас құжаты ретінде «Қазақ елінің Уставы» құжатын жазған.

Барлыбек Сыртановтың жерленген жері Ақсу ауданы Қызылту ауылы.

Мамания мектебі

Мамания мектебі татар жұртының «Медресе Мұхаммадия» (Қазан), «Медресе Ғалия» (Уфа), «Медресе Хұсайыния» сияқты оқу орындарының үлгісіндегі қазақ даласындағы ұлттық ағартушылық ордасы болған. Жетісу өңіріндегі алғашқы ұлттық дүниетанымдық оқу орны болған бұл білім ұясының басты ерекшілігі – заман талабына сай қажетті кезеңде бой көтеріп, қарапайым халықтың мектебі болғандығы.

Бұл мектептің тарихы тереңде жатыр. Ақын Сара апамыз айтқандай, мектепті салған Маман әулетінің ұрпақтары болса, Маман ұрпақтарының атақ-абыройын асқақтатқан Мамания мектебі еді. XX ғасырдың басынан Орта Азия мен Қазақстандағы қадым (көне) мектептерді жәдит оқу орны ауыстыра бастады, өйткені қадым феодалдық көзқарасты, ал жәдит буржуазиялық пікірді көздейтін оқу орны еді. Мамания мектебі 1899 жылы бой көтерген. Ескерткіш белгі 1999 жылы орнатылған.

Маман құттың ұлдары Қарағаштағы жәдиттік мектепті салдырып қана қоймай, «Айқап» журналына тұрақты түрде демеушілік жасады.

Сол кезде үшжылдық бұл медреседе 102 шәкірт оқыды. Оның ішінде Біләл Сүлеев, Ғали Орманов, Ілияс Жансүгіров сынды арыстарымыз да осында оқып білім алды.

Мамания мектебі Ақсу ауданы Қарағаш қыстағында орналасқан.

Тезек Төре қонысы

Тезек төре, Тезек Нұралин – Абылай ханның шөбересі, аға сұлтан. Жастық шағы Ресей, Қытай және Қоқан хандығының Жетісу жері үшін өзара тайталасқан уақытына сәйкес келді. XIX ғасырдың 40-жылдары Ұлы жүздің албан тайпасына билік жүргізген Хәкімбек сұлтан өмірден өткеннен кейін билік тізгіні Тезек төренің қолына тиді. Тезек төренің қол астындағы албандар Үйгентас пен Құлжаға дейінгі алқапты қыстайтын болғандықтан, қытайлықтарға салық төлеп тұрған. Қытай өкіметі өз кезегінде Тезек төреге III дәрежелі тәйжі лауазымын берген.

1847 жылы Тезек төре Ресейдің бодандығын қабылдап, 1849 жылы патша өкіметі оны алтын жіппен безендірілген шекпен, 1850 жылы «Ынталылығы үшін» деген жазуы бар алтын медальмен марапаттады. 1861 жылы подполковник, 1863 жылы полковник шені, 1865 жылы ІІ дәрежелі «Святой Станислав» ордені берілді. Ал, 1866 жылы Ресей өкіметінің тапсырмасымен Парижде өткен дүниежүзілік көрмеге қазақтар тұтынатын көптеген бұйымдар жіберді.

Тезек төренің тірі кезінде салған күмбезі шамамен 1900 жылы жартылай бүлінген деген танымал аңыз бар. Осы күмбезді бөлшектеген орыстар 1920 жылы осы кірпіштен өздеріне үй тұрғызды. Алайда, үйдің төбесі алғашқы күні-ақ құлады. Куәгерлердің айтуы бойынша, алты адам қайтыс болған.

Тезек Төре қонысы Кербұлақ ауданы Алтынемел ауыл округіндегі Қарлығаш ауылының маңында орналасқан.

Ақын Сара Тастанбекқызы кесенесі

Ақын Сара Тастанбекқызы 1878 жылы қазіргі Алматы облысы, Қапал ауданында дүниеге келген. Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің кекесіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр әрі күрделі. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өсті.

Кішкентай кезінен басы дау-шарға түскен ақын қыздың бағының ашылуына осы кезде найман елін аралап, серілік жасап жүрген әйгілі Біржан салмен айтысуы үлкен себепші болды. Бұл айтыс Сараның халық алдындағы беделін арттырып, атағын асқақтатты. Елдің құрметіне бөленіп, халықтың ыстық ықыласына ие болған ақын қыздың тағдыр тізгінің өз қолдарынан сусып шығып бара жатқанын сезген қажылар оның басына бостандық берді. Сөйтіп ақын Сара өзінің өнерінің арқасында теңдікке қол жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңі Бекбай Алтынбекұлы деген жігітке тұрмысқа шықты.

Теңіне қосылып, көзі ашылғандай болған осындай күндердің бірінде Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның) сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл айтуға келген Найман елінің игі жақсылармен бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көрісті. Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты бастан кешкен теңсіздіктің зардабын шегіп, қайғы-мұңды серік еткен ақын қыз көп ұзамай ауруға шалдығып, дүниеден ерте озды.

Ақынның «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», «Жайлауда», «Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

Сара Тастанбекқызының кесенесі Ескелді ауданы, Ақешкі ауылы, Алматы-Өскемен күрежолынан үш шақырым жерде орналасқан.

Ақын Сүйінбай Аронұлы кесенесі

Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса сұлу бөктерінде Алматыға тиіп тұрған Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүниеден озған.

Ол – қазақ халқының XIX ғасырда өмір сүрген өнерпазы, табиғи талант иесі, суырыпсалма ақыны. Жыр алыбы Жамбылдың пірі, шалқар шабытының көзі, ақындыққа баулыған жыр тұлпары. Жамбыл ақын Сүйінбай Аронұлын үлгі тұтқан. Оның поэзиясы әрқашан терең фәлсафасымен, ой сұлулығымен және тілінің поэтикалық өрнек айшықтарымен ерекшеленеді. Сүйінбай бабамыз тек ақын, жырау ғана емес, сонымен қатар жиырма үш жыл ел басқарған болыс және би болған адам.

Арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701-1791) жыршы, күйші, қобызшы болған. «Өтеген батыр» жырын шығарып, «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотының тоқсан тарауы» дастандарын мадақтаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына өзінің жыршы, қобызшы, күйшілігімен көзге түссе, кенже баласы Арон (1750-1835) зеректігімен, ділмарлығымен белгілі болды. Атадан балаға ұласқан ақындық, ділмарлық өнерлері Сүйінбайға дарыған.

Сүйінбай Аронұлының кесенесі Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында орналасқан.

Ақын Бақтыбай Жолбарысұлы жерленген жер

Жетісу өңіріндегі атақты ақындардың бірі Бақтыбай Жолбарысұлы 1842 жылы маусым айында өмірге келген. Атақты ақынның Тезек төремен айтысқа түсуі ақынның атақ даңқын шығарды. Сонымен қатар, Бақтыбайдың толғау, сықақ, жоқтау өлеңдері көп болған. Арыстан, Жүсіпбек, Әсет, Бейімбет, Қыпшақбай және тағы басқа ақындармен айтысы – суырыпсалма шеберліктің, тапқырлық пен батылдықтың айқын дәлелі. Оның жан-жары, айтыс ақыны Мәйге Бәйгеқызы Бақтыбаймен 17 жасында сынға түскен.

Бақтыбай жеті жасқа келгенде әке-шешесі бірдей өліп, ақынды нағашысы асырап алды. Жас баланың он жасқа келгенше тілі шықпаған. Он екі жасында нағашысының ешкілерін қасқырға талатып, қорыққанынан күздің суық түнінде өз еліне қарай қашады. Әрі тоңып, әрі қорқып келе жатқан бала айдалада әлі шоғы сөне қоймаған жер ошаққа кез болған. Соның күліне аяғын тығып жатса, көзі ілініп кетеді. Түсінде Қабан ақынды көреді. Ел Ескелді, Балпықпен қатар әулие санайтын осынау аруақты ақын: «Өлең аласың ба, көген аласың ба?» деп сұрапты. Бақтыбай: «Өлең аламын» деген. Қабан ауызына түкіріп, «Жұтып қой» депті. Шаттана оянған баланың сол күннен бастап тілі шығып, айнала дүниеге ақын көзімен қарай бастапты.

Бақтыбай Жолбарысұлының кесенесі Ескелді ауданы Өтенай ауылында орналасқан.

Жәлменде би Байшығаұлы жерленген жер

Жәлменде би даңқы шыққан, өте атақты адам болған. Болыс кезінде Құнанбаймен табақтас болғаны да тарихтан мәлім.

Жәлменде би Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен алғаш рет танысып, жақынырақ араласа бастады. Үржарда өткен 7 съезд өкілдіері бас қосқан съезде күрделі мәселелерді шешу үшін Абай Жәлмендені арнайы шақыртады. Съезде хатшылық міндетін атқарған Абай Жәлменденің сөздерін уезд бастығы Лосовскийге аударып отырған. Уезд бастығы осы жиында Жәлменденің басшылығымен шығарылған ережені бекітіп, сіңірген үлкен еңбегі үшін оны алтын медальмен марапаттаған.

Жәлменде қазақ халқының атақты адамдары Бөлтірік шешен, Маман бай, Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен жақын араласқан. Ол өзінің болашағын қалай болжау керектігін де жақсы білген. 1901 жылы бауыры Бименде екеуі Меккеге аттанып, сол жерде 55 жасында дүниеден озған.

Жәлменде би Байшығаұлы Қаратал ауданы Дөңши ауылы мен Талдықорған қаласының маңындағы Шайқорған деген жерде жерленген.

Жәлменденің ұрпағы Пышан да өте талантты және дарынды адам болған. Пышан Жәлмендеұлы – ақын, әнші, музыкант, сондай-ақ халықты басқаруға ерте араласа бастаған адам. Алғаш рет он сегіз жасында болыс басқарушысы қызметіне ие болды. Кейін Жетісу жерінде Кеңес өкіметі орнаған кезде ол осы лауазымға қайта сайланды.

Алайда жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті бар Пышан 1921 жылы мейірімсіз қызғаныштың салдарынан қамауға алынды.

Батыр Бөлек Тасыбайұлы кесенесі

Бөлек Тасыбайұлының кесенесі Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылында орналасқан. Ол 1805 жылы дүниеге келіп, 1885 жылы өмірден озған.

Бөлек Тасыбайұлы - ХХІ ғасырда Жетісу жерінде әйгілі болған көрнекті би, батыр. Оның өмір сүрген кезеңі Суан, Қожбанбет, Албан Тазабек Пұсырманов, Ботабай Диханбай батыр, Шымыр Дәутәлі Бохтыбаев, Сарыбай Айдосов сияқты сол кездегі ірі тарихи тұлғалардың өмірімен сәйкес келеді.

Бөлек батыр Қоқан хандығына қарсы шайқас кезінде орыс жауынгерлеріне көмектескен қазақ сарбаздарына жылқылар мен азық-түліктер ұсынды.

Аңыз бойынша, бір күні Бөлек батыр мал жайып жүргенде қалмақтардың Малайсары тауының баурайындағы қазақ ауылына қалай шабуыл жасағанын естіген. Ештене ойланбастан және көптеген жау күштерінен қорықпай, қолына найза алып, жауға жалғыз баруға шешім қабылдаған. Мұны көрген қалмақ қолбасшысы Бөлек батырдың батылдығы мен қорықпайтындығына таң қалып, ауылға да, малға да қол тигізбестен кері қайтты. Бұл оқиға Жетісу жеріне таралып, Батырды одан әрі дәріптеген. Мұны естіген Ескелді мен Балпық билер, қалмақтарға қарсы шайқаста әскерлерді басқаруды Бөлек биге тапсырды. Нәтижесінде ержүрек және батыл Бөлек жеңіспен оралды.

Қалмақтардың жоғары күшімен қорықпай күрескен Бөлек батыр туралы естелік тарих беттерінің жадында мәңгілік сақталған.

Қоғыл әулие, «Сөк төре» кесенелері

Қоғыл әулие мен Сөк төренің жерленген жері Ескелді өңіріндегі Талдықорған қаласынан 2-7 км жерде орналасқан. Мырза руынан шыққан екі кемеңгер адам болған. Олардың бірі – Қабылиса болса, екіншісі - Қоғылиса деп аталды. Қабылиса - әйгілі қабан жырау. Сонымен қатар, Қоғылдың әулие екендігі және пайғамбарлық қабілеттерінің болғандығы белгілі болды. Оның ғажайып қабілеттеріне назар аударған адамдардың бірі - Абылай ханның баласы Сөк төре. Қоғыл мен Сөк төре қорымдарының жақын жерде болуы кездейсоқ емес. Сөк төренің беделі Қазақстанда, Ресейде және Орта Азияда кеңінен танымал болды. «Көп шешеді, көп шешпесе, Сөк шешеді» деген сөз халық арасында қалған.

1818 жылы Сөк төре Абылайханов Қаратал мен Іле арасында көшіп жүрді. Қоқан хандығына бағынудан құтылу үшін, Қытайдан көмек алмай, Сөк Абылайханов ант беріп, 55 адамға орыс азаматтығы туралы қолхат берген. Қоқаннан қорғану мақсатында, ол Ресейден көмек сұраған. Ресей патшасы Сөктің ұсынысын қуанышпен және абыроймен қабылдаған. Патша Сөкті 8-дәрежелі шенмен марапаттап, Сөктің қасында болған ру басшыларына әртүрлі марапаттарды берді. Сонымен қатар, Қараталдың жағасында мешіт салу және Сөкке әскери көмек көрсету туралы жарлықтар шығарылды. Алайда, бұл жарлықтардың шығуы қазақ даласындағы өмірдің жаңаруымен тұспа-тұс келгендіктен, олардың орындалуы кейінге қалдырылды. Тек қана 7 жылдан кейін, 1825 жылы үйлерді салған Қаратал маңына орыс отряды жіберілді.

Әлмерек баба кесенесі

Әлмерек баба 1658 жылы қазіргі Алматы қаласындағы «Әлмерек тоған» (бұрынғы Гагарин ауылы) деген жерде дүниеге келген.

Қазақ даласы айтылған дұға, тіленген тілек қабыл болатын қасиет тұнған жерлерге бай екендігі анық. Өз заманының көсемі, абызы, батыры болған Әлмерек баба жатқан жер де осындай қасиетті жерлердің бірі. Әлмерек батыр 22 жасында қалмақтың Шонжы деген батырының басын шауып түсірген екен. Асқан батырлығымен көзге түскен жас жігіт өмірінің орта шағында рубасы, айтқаны айдай келген аузы дуалы данышпан болған. Исі қазаққа белгілі Райымбек батыр, мүйізді Өтеген, Малай сынды батырлар жорыққа шыққан кезде Әлмерек батырдан бата алды. Қартайған шағында әскерге сарбаз жаттықтырумен айналысты. Шәкірттерінен әйгілі Райымбек батыр, немересі Саурық батыр шыққан.

Сонымен қатар, жаратылысынан бойына сіңген қабілеттерді пайдаланып, әскери ұрыстарда адамдарды сауықтырған. Ал, бейбіт уақытта мұсылманша бала оқыту, имамдық, халықтық емшілік, емшілік жасау кәсіптерімен шұғылданған. Күші басым дұшпанды көзбайлау арқылы жекпе-жекте сөзсіз жеңу әдісін қолданған және шәкірттеріне үйреткен. Райымбек батыр күші басым жаумен жекпе-жекке шыққанда осы тәсілді қолданып, ешбір жағдайда жеңіліске ұшырамаған. Сондай-ақ, бейбіт заманда билік айтып, ел басқарған. Қазақ балаларын мұсылманша оқытып, Жетісу жеріне ислам дінін таратуға атсалысқан.

Кесене Алматы қаласының шығыс жағындағы кішігірім өзеннің жағалауындағы аңғарда, Алматы облысының аумағында орналасқан. Әлмерек баба 1756 жылы өмірден өтті.

Есім Төре кесенесі

Есім төре қазіргі Алматы облысы, Алакөл ауданы, Шоқты ауылында дүниеге келген. Сол кезде өмір сүрген адамдар, Есім Төре деген есімді естігенде, ең алдымен оның жомарттығын еске алды. Жергілікті болыс өзінің мол байлығын халыққа таратумен танымал болған. Қиын кездерде адамдар Есімнен көмек сұрау үшін, тіпті Шығыс Қазақстан мен Жезқазғаннан да келді.     Есім төре Лепсі маңындағы адамдардың жадында бай болыс, қайырымды және жомарт азамат ретінде қалды. Сондай-ақ, ол «Алаш» қозғалысын қаржылай қолдады. Қиын-қыстау күндерде аз қамтылған адамдарға мал үлестіріп, халықты жаппай қашудан айыру арқылы құтқаруға өз үлесін қосты.

Есім төренің жомарт азамат ретіндегі есімі тек қазақтар арасында ғана емес, сондай-ақ, Ресей, Қытай және Орта Азия елдеріне танымал. Оның есімі тарихта өзінің мейірімімен қалған. Сонымен қатар, Есім Төре Алаш-Орда қозғалысын қаржыландырды. Ол Әлихан Бөкейхановтың кітабын өз қаражатына Қазан қаласында басып шығарды. Патша өкіметі құрметті Алаш азаматтарын түрмеге жапқан кезде, ол кепілдікке босату үшін қомақты қаражат бөлді.

Есім төре, Романовтардың 250 жылдығын атап өту үшін, Санкт-Петербург қаласына арнайы шақырумен келді. Архивтердің бірінде Есім төренің Санкт-Петербургте түскен фотосуреті табылды. Ол суретте «Есім төре әйелдерімен» деген жазу бар.

Қазақстанда аштық басталған кезде ол кедейлерге астық таратып, мал берді.

Есім төренің кесенесі қазіргі Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында орналасқан.

Тәнеке батыр жерленген жер

Тәнеке батыр жерленген жер Алматы-Өскемен тас жолынан шығысқа қарай 60 км жерде, Ақсу ауданының аумағында, Қапал мен Арасан ауылдарының арасында орналасқан.

Ол 1884 жылы мамырда 77 жасында қайтыс болды. Батырдың зираты 1885 жылы салынған. Тәнеке батырдың өмір сүрген жылдары Н.Пантусовтың деректі мәліметтері бойынша нақтыланған. Оның көптеген туыстары Тәнеке батырдың зиратында жерленген. Зират кезінде адам баласынан биік саз кірпіштен қаланған, төртбұрышты үлкен қоршаумен қоршалған. Кірпіштен жасалған қоршаудың іргетасы ұсақ төселген тастардан қаланған.

Николай Пантусовтың фотосуретінде Тәнеке батыр жерленген жерден жоғары қабір төбесі бар. Қорымның жоғарғы алдыңғы жағы нәресте бесігі тәрізді затпен жабылған. Тәнеке Батыр қорымының артқы жағында жарты ай бейнесі бейнеленген. Зиратта қазақтың киіз үйіндей батырдың адал досы Тәнеке мен оның әйелі Алпысбайдың бауыры жерленген. Үшінші қорым батыр қабірінің алдында орналасқан. Бұл - 1893 жылы қайтыс болған Тәнеке батырдың ұлы- Әбибектің жерленген жері.

Тәнеке батыр зиратының жанында таза бұлақ – мұзды суы бар бұлақ бар. Ол «Тәнеке бұлағы» деп аталады. Тәнеке батырдың мазары пошта жолынан алыс емес жерде орналасқандықтан, шексіз адам тасқыны бұл жерге марқұмның рухына тағзым ету үшін барған. Олар бұлақта демалып, жолдарын жалғастырды.

Мықтыбек батыр кесенесі

Мықтыбек Тағайұлы 1760-1825 жылдар аралығында өмір сүрген би, батыр. Ол әрқашан әділдік пен халықтың намысы үшін қолына найза алып, билікке қатысқан. Ол халықты қорғайтын, кедейлер мен қолайсыз адамдарға қамқорлық жасайтын, туыстар арасындағы бірлік пен берекені сақтайтын адам болды. Мықтыбек батырдың ұлылығы туралы белгілі журналист Мұғалімбай Жылқайдаровтың (қайтыс болған) қолжазбасы назар аударуға тұрарлық.

Мықтыбек қайтыс болғанға дейін оның ұрпақтарында 50 үй болған, ал Бақай олардың арасында ең батылы әрі батыры болған.

Тұлғасы ұлттық мақтаныш саналатын Мықтыбек батырдың кесенесі 1995 жылы тікелей ұрпақтарының қаражатына салынған, ол Ақжар ауылының маңындағы Қанбақты ауылдық округінде орналасқан.

Кезінде Мықтыбек би Сырдария жағасында қыдыруға қарсы болған. Ол соғыс кезінде адамдар жолдан алыста болғандықтан апатқа ұшырайды деп сенген. Соған қарамастан Мықтыбек 7 үйімен көшіп келіп, Жалайыр руынан шыққан ұлы Балпық бидің қасына қоныстанды. Мықтыбек батыр халқын күндіз-түні сағынып, 8 жасар Тілеуғұлдың болашақта батыр болатынын, оның басшылығымен адамдар туған жерлеріне оралатынын болжады. Оның болжамдары расталды. Шамамен 8-10 жылдан кейін Тілеуғұл, Сақмүйіз, Барақ пен Қиық батырлардың басында адамдар Сырдария бойынан туған жерлеріне қоныс аударды. Халықтың қозғалысынан кейін Мықтыбек би атақты Мығым би деп аталады. Өз халқының Сырдария жағалауынан оралуы туралы қуанышты хабарды естіп, жылап тұрып, Мықтыбек би: «Олар қандай құнды батырлар болды, барлығы баға жетпес», - деп, ақбас қойды құрбан етті.

Айту би кесенесі

Айту Жаубасарұлы (1746-1790) әулие би, өз заманының даңқты шешені, білгір де білімді тұлғасы болды. Айту би өзінің көрнекті ата-бабаларының ізгі істерін алға қарай жалғастырушы болды және оларға сыртқы түрімен емес, дұрыстығымен ұқсас болды. Оны «Қасиеттілік нұрландырған би» деп атады. Сонымен қатар, ол халықты бірлікке шақырды, отырықшы өмір салтына көшуді және егіншілікпен айналысуды ұсынды. Оның тамыры Қалпе руынан, Жалайыр халқы қастерлейтін Ескелді, Балпық, Жолбарыс және Қарымбай билерінен бастау алады.

«Еріншек болмаған адамға сый беріледі және үйге құт-береке келеді» деп шашыраңқы адамдарды бірлікке, егіншілікке және руханилыққа шақырды.

Жергілікті тарихшы, жазушы Төлеген Шәріпбаев жинаған жас билер туралы фактілер назар аудартады. Жастар арасындағы қақтығысты шешу кезінде Айту бабамыздың «Арық пен Тыным, Кәлпе өз күштеріңді біліңдер, сендер сияқты адамдар көп емес, бір-біріңнің арасында достықта өмір сүріңдер» деген сөздері біздің заманымызға жеткен - мағынасы жағынан мағыналы және адамгершілігі мол сөздер. Айтудың атасы, Балпық пен Жолбарыстың бабаларынан елуге жуық жасқа кіші болған. Ол жас кезінен бастап Балпық бабаның сүйікті оқушысы болды, оның ақылдылығы мен көрегендігін бағалады және Жолбарыс атасы оны әрдайым қамқорлығына алып, соның арқасында екі рудың адамдары бейбітшілік пен келісімде өмір сүрді. Сондықтан, 1910 жылғы болыстық сайлау кезінде Кәлпе руының жеке болысқа айналуы үшін 1000 үйдің болуы міндетті шарт болды. Содан кейін Күшік, Андас, Сыпатай рулары әрқайсысына 100 үйден қосып, 1000 үйге дейін жеткізіп, Шалдың ұлы Қошымды болыс етіп сайлады. Сайлаушылар - Балпық пен Жолбарыс ұрпақтары болды.

Айту би кесенесі 1996 жылы Қаратал ауданы, Оян ауылына кіреберістегі тасжол бойында халықтық қаражатқа тұрғызылған.

Жолбарыс батыр кесенесі

Жолбарыс батыр Жылқыайдарұлы Жетісудың бетке ұстар, мақтан тұтар ардақтылары Ескелді би, Балпық әулиенің замандасы. Олар бір дәуірде өмір сүрген, бірақ жас жағынан айырмашылықтары бар. Дұшпан ниетті сыртқы жаулардың шапқыншылығына үнемі қарсы тұрған. Күштінің әлсізге, байдың жарлыға билеп-төстеушілік жүргізуіне бөгет қойған. Қас дұшпанға атойлап қарсы шабар батылдылығы көпшілікке белгілі болған. Ел аузында оның батылдылығы мен әулиелігі, болжампаздығы мен көрегенділігі турасында көптеген деректер сақталған.

Жолбарыс батырдың ерлігі жиырма жасында байқалды. Қаһарлы атта ол әкесінен ұрланған екі үйір жылқыны қуып жете алды. Ал жылқы ұрлауға жол берген ақсақал: «Мен сендердің малдарың үшін келдім, олар алдау жолымен емес, адал жолмен табылған», - деп, сол арқылы өзінің өжеттігін дәлелдеді. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ол Ескелді мен Балпық батырлардың қасында болды. Жолбарыс батырдың ер азаматқа тән қасиеттері, замандастары Ескелді мен Балпықтан кем емес. Ежелгі дерек көздеріне сәйкес, оған күш пен рух берген арыстаны болған.

Жолбарыс батырдың кесенесі Қаратал ауданы Кәлпе ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Балпық би кесенесі

Балпық Деріпсалыұлы – әулие, би, батыр ел басқарған көсем, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен. Есімі Ескелді бимен қатар айтылған. Балпық жоңғар шапқыншылығы кезінде өзінің замандастары Ескелді, Қабан жыраумен бірге Іле мен Қаратал арасындағы Жалайыр, оған көршілес найман, суан, ысты руларының біраз бөлігін шабуыл өтінен дер кезінде әкетіп, қырылып кетуден сақтады. Хантау мен Қаратаудан әрі асып, Сыр бойында тұрақтаған соң бірқатар жорықтарды басынан кешірді. Аңырақай шайқасына, Аягөз бойындағы Таскескен мен бүгінгі Текелі қалалары маңындағы соғыстарға қатысқан. Өзінің әділ сөзі арқылы жалайыр мен жыныс руларын табыстырған. Балпықтың ұлы Тіленші де беделді би болған.

Балпық би жас кезінен билікке де араласты. Бірде «Үй тентегі» аталып жүрген Кешубай өзінің келіншегін емдеп жүрген бақсының ақ некеге қиянат жасап қойғаны үшін басын балтамен шауып, өлтіріп тастады. Ердің құны елеусіз қалатын кез емес. Бақсының ел-жұрты тайлы-таяғымен келіп, Деріпсалыұлының ауылын шаппақ болды. Араға ағайындар түсіп, ел ағалары билер жиналды. Сонда бала Балпық суырылып алға шығып: «Бақсыға балта қылмыс үстінде сілтенді. Ұрыға құн жоқ, ұрыға құн болса, момынға күн жоқ! Тәукенің заманынан бері бура құнсыз, бұқа құнсыз, ұры құнсыз, бақсы құнсыз емес пе еді?!» деп қорытынды шешімге келді. Бақсының елі де, басқалар да бұл шешімге еріксіз көнді.

Балпық бидің кесенесі Қаратал ауданы, Оян ауылының шығыс жағында орналасқан.

Ескелді би кесенесі

Ескелді би 1692-1780 жылдар аралығында өмір сүрген әулие және батыр болған. Ұрпағына – ұран, даласына дана болған, шашақты найза қолға ұстап жердің тұтастығын, елдің амандығын сақтаған даңқты қолбасшы, суырылып сөз сөйлеген шешен, әділетті ту еткен би, сәуегей әулие. Айтыстың ақтаңгер ақиығы Бақтыбай бастаған ақындар тобы ел қорғаны болған Ескелді биге көптеген жыр арнады. «Батыр туар ел үшін, жақсы туар көп үшін», «Сабыр – ақыл серігі, бақ пен дәулет тең келсе, адамның толар кемелі», «Қас та, дос та адамның өзінен», «Жүрегің жұмсақ, пейілің кең болса, дос та көп», «Жүрек – адамның төрешісі» және тағы басқа жиі айтылатын қанатты сөздері болған.

Сырдан көшіп келген ел-жұртына жайлы қоныс іздеп шыққан Ескелді, Балпық би мен Қоғыл көріпкел Қаратал өңіріне келіп, ат басын тірейді. Толқындатып жатқан суына, беті- қолдарын жуып, рахаттанғаннан соң, төңіректі жіті шолып Ескелді би көкбурыл атымен Қараталдың арғы бетіне кешіп өтіп: «Па, шіркін, жер деп осыны айтсаңшы! Шеңгелі үйдей, қояны қойдай, балығы тайдай тулап жытыр екен. Арнасымен күндіз күміс, түнде алтын аққан, жетім мен жесірге беретін несібесі мол екен!» деп ризашылығын білдіріпті. Сыр бойынан көшіріп келгент елді тұрақтандыру мақсатында, несібесін жерден теріп жесін деген ниетпен, халықтың қамын ойлаған Ескелді би тоғандар қаздырады, солардың сілемдері әлі де тармақталып жатыр.

Ескелді би кесенесі Қаратал ауданы Ескелді би ауылынан бес шақырым жерде орналасқан.

Байтулақ батыр кесенесі

Байтулақ батырдың кесенесі қазіргі Ақсу ауданы Кеңқарын мен Басқан ауылдарыи аралығында орналасқан. Байтулақ батыр жерленген жердің бұрынғы атауы – Қарауыл.

Байтулақ батыр: «Қарауыл тұмсығына жерлеңдер! Не елу үй Садыр-Қарлығаштың аты шығар, не менің есімім аталар!» депті көз жұмар алдында. Мазарды салған өнерлі адам Сараның әкесі Сұлтанбектің (Тастанбек) әкесі Жанқұлы екен.

Үшемнің бірі Байтулақ Кенже елінің өз заманындағы басты батыры, ел арысы, биі болған. 1846 жылы, орыс-казактар: «Қайқы қылышты Байтулақтан сақаныңдар!» деп отряд бастықтарына ескертулер жасап отырған. Байтулақ батырдың зираты 1916 жылы ашаршылық, қуғын-сүргін жылдары көпке пана болды.

Ел ішінде «Байтулақтың асында шаппағанда, байқұлақтың тойында шабасың ба?» деген сөз қалған. Оған себеп, Байтұлақ батырдың асында ат бәйгесі ұзақтан жіберіліп, атқа шапқан алты бала қаза болып, мәреге жүздеген аттан бес-алты ат қана жетіпті. Байтулақтың зиратына бесіктің ілінгені сондықтан екен.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға