Қандастар Ассамблея

Ұлытау – ұлт киесі

Ұлытау – Қазақстанның інжу маржаны

Ұлтымыздың алтын бесігі саналған Ұлытау даласында  Жошы хан, Едіге би секілді билеушілер жерленген киелі мекен. «Қасиетті Қазақстан» картасына кіретін Ұлытау өңірінің тарихы мен өзгеше қасиет-бітімі туралы сөз еткенді жөн көрдік. 2017 жылы жарық көрген «Уық шаншылған Ұлытау» атты кітабына сүйене отырып, киелі мекеннің өткеніне үңілдік. 

    

Құндылығы өлшеусіз тарихи ескерткіштердің бірі – жер-су атаулары екені даусыз. Сол атаудың шығу төркініне үңілсе, атаудын пайда болуының тарихын тарамдап тани түссе, бүтін елдің тұтас тарихынан сыр шертіп беретін шежіре ақтарылып түсер еді.

Қасиетті Ұлытау! Қазақ елінің қара шаңырағы болған Ұлытау! Уық шанышқан Ұлытау! Сары даланың төсінде орналасқан, айнала жұртының тірлігін қалт жібермей қарауылдап тұрған осы киелі таудың Ұлытау деген атауы қайдан шықты екен?

Белгілі бір ұлт пен ұлыс, ру тайпа мекендеген өңір сол халықтың өткен-кеткенінен сыр тарқатып жататын тарих куәгері іспетті. Тас бетіне таңбаланып түскен жазба ескерткіштердің біз үшін берері қандай болса, әрбір тау, жыра, сай, көл, бұлақ, құдық пен төбелерге қойылған атаулардың да мән-маңызы одан бір мысқал да төмен болмақ емес.


Өйткені ол атау тегіннен тегін, кездейсоқ қойыла салмайды. Онда сол жердің не табиғи ерекшелігі, не өзгеше қасиет-бітімі, болмаса тарихи оқиғалар ізі жатады. Бір кездері ел еркесі, жұрт сыйлысы болған даңқты тұлғалардың есімдері табылады.

Сол атаудың пайда болуын ғылыми түрғыда зерттей қалсаңыз, өңірдің бізге белгілі-белгісіз тарихының сарғайған, таңбалары көмескілене бастаған парақтары ашылғандай болады. Сергек ұрпақ осы сүрлеу соқпаққа түсіп, парақ беттеріне үңіліп, үңги зерттеп, тілсіз куәгерлерден сыр суыртпақтап, оны ақ қағаз бетіне түсіріп, кәдеге жаратуға ұмтылса қерек, Әйтпесе, бізге сыртын беріп, бүк түсіп жатқан тілсіз куәгер ашылып сыр айта қоймасы анық.


Ұлытау - Жезқазған өңірі – тарих тұнбасы сияқты өңір. Тым көне, бізден алыс замандардың өзінде осы өңірді ел мекендеп, құтты қоныс еткен.

Ұлытау – тарихы ғасырлардың терең қойнауына кететін, ел басына күн туған шақтарда халқымызға пана болған, хандарымыз ақ боз ордаларын тіккен, билеріміз бен батырларымыз бастарын қосып, ел болып ғұмыр кешудің келелі: мәселелерін шешкен, киелі де құнарлы, әрі қазыналы өлке. Белгілі тарихи тұлға, ғалым П.Н.Савицкийдің: «Қазақстанның інжу-маржаны Ұлытау қандай керемет! Мұғалжар қандай ғажап!... Бұлардың бәрі – байтақ даладағы қорықтар, жай ғана дамудың орталықтары емес, этностардың өсіп-өну орталықтары, «киелі орындардың» ең бір құдіреттілері», деп - таң қала суреттеуі – Ұлытаудың тарихи орнын тани түсуге тартатын зор бағалау. Ендеше осы киелі таудың атауының тарихына қөз жіберейік.


Бұл ХІ ғасыр жазбасында айтылған дерек. Осы жазбадағы атауларға түсінік берген ғалымдар Кендіртағы тауын Ұлытау деп түсіндіреді. Араб талымы Әл-Идрисидің ХІІ ғасырға тиесілі жазбасында Ұлытаудың кезінде қайнаған тірліктің мекені болғандығы жөнінде деректер келтіріледі. Осы өңірді мекендеген оғыз тайлалары мал шаруашылығын да, метал өндіріп, өңдеу ісін де кәсіп қылған. Бұл деректі «...Көшпелілер отты қару шыққанға дейін дүниенің дөңгелегін шыр айналдырған тарихтың дырау қамшысы болды» деген тарих атасы Геродоттың (б.д.д 484-425 жылдар) да жазбаларынан кездестіреміз Академик Ә.Марғұланның: «Осы байлықтың арқасында Орталық Қазақстан б.д.д. П мыңжылдықта Еуразиядағы ірі металлургиялық орталық болды. Олар алтын мен мысти жергілікті халықтың пайдалануы үшін ғана емес, тайпааралық айырбас үшін де шығарды», - деген археологиялық жұмыс қорытындысына негізделген пікір көне дәуірдің деректерін қуаттай түседі. Ғалым пікірінде айтылған Орталық Қазақстанның кіндік тұсы - Ұлытау, Әбу Саид Гардизи айтуынша, Кендіртағы Тарихшы- шежіреші Әбілғазының «Түрік шежіресі» атты жазбасында Ұлытаудың тағы бір тарихи атауы жайлы сөз болады. Ел тарихының білгірі Әбілғазы: «Қазіргі Ұлытау мен Кішітау дегендерді ол кезде Ертағы және Кертағы деп атайтын», - деп егіз таудың ежелгі атауын атайды. Тарихи жазба деректерге сүйенсек, үш жүздің бас біріктіріп, ел қамын ойлаған хандар мен билер бас қосқан, келелі кеңестерін өткізген қазіргі Ұлытаудың екі көне атауы бар. Олар: Кендіртағы, Кертағы.

Ал Ұлытау атауы қай кезеңнің еншісінде? Бұл жайлы пікірлер көп, болжамдар жетерлік. Бізді ойландыратыны - иісі қазақтың осынау қарапайым да қасиетті тауға Ұлытау атауын тегін бермегендігі. Ұлытау бауырында орналасқан тарихи монументтің ашылуына орай өткен ғылыми конференцияда сөйлеген сөзінде Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Ә.Кекілбаевтың: «Ұлытаудың үлы атануы тауының биіктігінен емес, суының көптігінен емес, тарихтың үлкен оқиғаларында бүкіл үлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан Ұлытау атанған. ...Қазіргі Ұлытау - ежелгі рухани самтаулар мен саяси шоғырлануға куә болған қашанты қара орын», - деген түйінді сөзі - Ұлытаудың ұлт тарихындағы тарихи орнын тағы бір рет танытып берген сөз.

Ғалым, Ресей Ғылым академиясының және ҚР Ұлттық Ғылым экадемиясынын академигі Төрекелді Шарманов ағамыз Ұлытау туралы айтқан «Ұлытаудың атауындағы Ұлы деген создің астары тереңде жатыр. Азиядағы Алтай таулары мен Еуропадағы Карпат тауларының арасындағы он мың шақырымға созылған Ұлы далалық аймақтың кіндік орталығы болғандықтан, «Ұлы» атағы берілген, бабаларымыз стратегиялық, манызын сол ежелгі уақыттан бағалай білген. Кейбір тарихи деректерге жүгінсек, Ұлытаудың тарихы екі мың жылдан асады, себебі. Ұлылауда ғұндардың Тәңірқұты - Оғыз қағанның жаз жайлауы болған деседі. Қазак халқы кейінгі тарихында ең маңызды тарихи ескерткіштерін Ұлытаудың төңірегінде орналастырған: Едіге тауы, Әулие тау (Асанқайғы жерленген), Әмір-Темірдің керткіш тасы, Ханордасы. Осылайша қазақтын Сарыарқадай кең-байтақ, сары алтын даласының төсіндегі шағын таулы мекен халқымыздын дүбірлеген тарихи шежіресіне айналғандай»,- деген сөзі бар.

Ұлытау өңірі – тарихи өңір, тарихи белгі – бедерлерге бай аймақ. Өйткені бұл өңір қазақ этносының қалыптасу, даму, кемелдену оқиғаларының алып сахнасы болған. Жер қайнауына жасырынған тас дәуірінен, қола дәуірінен қалған белгілер, жер үстіне орналасқан мазарлар, балбал тастар, обалар, қорған, тұрақ орындары - сол тарихи оқиғалардың таңбалары. Талдысай, Сорқұдық, Милықұдық жерлері ерте замандардағы кен өндіру ісінің ошағы, Алаша, Домбауыл, Жошы, Дүзен, Ерден, Қойлыбай т.с.с. мазарлар - тарихи тұлғалар жайлы сыр шертер ескерткіштер. Теректі әулие - тастағы таңбалар мен суреттер галереясы. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Өңір тарихынан сыр шертетін біраз деректерді Ұлытау азаматы, тарих ғылымдарының кандидаты Ө.Бекмағанбетовтің деректерге негізделген ғылыми топшылауларынан да көп жайттан хабар алуға болады.

Ғылыми мақала мазмұнымен таныса отырыңыздар. «Бүгінгі Жезқазған, және Сәтбаев оның іргесіндегі Ұлытау ауданы тұрған жердің тарихы сонау көне замандардан бастау алады, - дейді ғалым, - Табиғи климаттық жағдайы және қазба байлықтарының молдығы ертеден көшпелі және жартылай көшпелі тайпалардың осы өңірді мекен етуіне алғышарттар жасаған. Қазіргі Жезқазған қаласының Арқа төсіндегі ірі өндіріс ошақтарының бірі ретінде қалыптасуы мен тарихтың сан ғасырлы белестерінен өтіп қала мәртебесіне ие болуы ата-бабаларымыздың осы жерді өз мекеніне айналдырып, кен өндіріп, оны өз пайдасына жаратқан кезеңінен басталады. Қала маңындағы ежелгі тас дәуірінің ескерткіштері әлі зерттелмеген. Өңірдегі ең ежелгі ескерткіштердің көрнектісі – қола дәуіріне жатады. Кеңгір, Қара Кеңгір, Сары Кеңгір, Жыланды сияқты өзендердің бойында ежелден-ақ тайпалар қоныс тепкен.

Қорыта айтқанда, елдіктің ұясы атанған Ұлытау жерінің тарихы – ұлт ретіндегі даму тарихымыздың бір бөлшегі. Оны зерттеп, ғылыми- Зерттеулерге негізделген тұжырымдар жасау, сөйтіп ақиқат тарихтың іздерін айқындау – маңызды іс. Елбасының қазір «Ұлт бірлігі монументі» ескерткіші орналасқан жерге белгі тас қояр кезінде: «Ұлытау тарихын зерттей түсу керек», - деуінің сыры осында.

Ұлытау – ұлылар мекені

"Біз Томда оқыған кезде, яғни, 1912 жылдары университетте үздік тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин В.Я.Шишков, В.М.Бахметьев, Аволейский, Бауәр сынды ірі ғалымдар дәріс берді. Олар Ресейдің озық ойлы интелегенциясы болатын. Санкт-Петербург университетінің профессор-оқытушылары, «саяси сенімсіз жандар» деп тауып, Сібірге жер аударылғандар еді. Сол ғалымдарға еліктеп біз, жастар орме, итальян, трек, француз, неміс тілдерін құлшына үйрендік. Сабақтан тыс уақытта ғалымдардың адамзат қоғамының жаратылуынан бастап, көне, өткен дәуір тарихы жөніндегі ғылыми (1891-1970) баялдамаларын тыңдайтынбыз. Пір «Алаш» партиясының ғажабы сол кездегі ғалымдар тарихи қайраткері шындықты жасырмай ашық айтатын. Сол зиялылар өздері зерттеген Шығыс Қытай, Индия, Араб, Парсы, Алтай, Сібір өлкелерінің тарихы жөнінде бұрын-соңды естімеген әңгімелер шертетін, Сонау Көрей теңізінен бастап Дунайға дейінгі аралықты Ұлы Дала деп атаған. Осы Ұлы Далада, оның ішінде қазіргі Қазақстан жерінде б.з.д. бірінші мыңжылдықтың ортасында Орталық Азиядан тайпалар келе бастаған. Олар көне тұрғылықты адамдармен араласып, ортақтаса бастаған. Скиф-сақ, сарматтар мекен еткен. Грек, Рим тарихшылары Геродот, Страбон, Птоломейлер оларды Ғүн тайпалары деп атаған. Олар өздерін Күн еліміз деп есептеген. Осыған орай Күнге, Айға, Суға, Отқа табынған. Шамамен айтқанда, осыдан 35 ғасырдай бұрын, яғни біздің заманымыздан 1500 жылдай бұрын Еділ өзенінің шығыс аймағында, яғни Үйшік даласында көшпелі халықтардың (Қазіргі Батыс Қазақстан) жерінде Зәрдеш есімді ұлы бабамыз дүниеге келген",- деп жазады бір естелігінде "Алаш" партиясының қайраткері Әлімхан Ермеков .

Бұл есім әлем ғылымында Заратуштра – (парсыша «түйе мінген адам») есімімен белгілі. «Ұлы Даланың ұлы перзенті Заратуштра – әлем таныған адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар және жалпы адамзаттың ұлы ұстазы, қазақ даласында бұрын-соңды өткен ұлылардың ұлысы», - деп жазады зерттеуші ғалымдар мен жазушылар.


Келесі бір аңызға назар аударсақ, Заратуштра 20 жасқа дейін айға, күнге, суға, отқа, жұлдызға табынған, ғылымы дамымаған тайпалар арасында, Тұран жерінде өсті делінеді. Зәрдеш 29-ға қараған шағында жанында Ширақ есімді серігі бар Ертағы тауының етегіндегі ағашы мен тұнық мөлдір бұлақты Үңгіртастың ішіне келіп түнейді. Бірнеше айлар бойы шаршап шалдығып жол жүріп келген екеуі ұйықтап кетеді. Түн ортасы ауа үңгірдің іші жарқ-жұрқ еткен жарықтан Ширақ оянып кетеді. Жарқ еткен сәуледен жан-жағына қараса қасында жатқан Зәрдеш жоқ. Сыртқа шығып Зәрдешті іздейді. Өздерінің бірін-бірі іздегенде беретін белгісі қурай сыбызғысын тартады. Ешбір белгі білінбейді. Ширақ әлден уақытта жоғары қараса Ертағы тауының биік ұшар басынан бір жарық сәуле найзадай тіп-тік көкке өрлеп бара жатқанын көзі шалады. Ширақтың өзі шығып отқа табынып, кешірім сүрайды. Қайтадан қорқыңқырап үңгірге келіп тығылады. Біраз қорқынышын басқан соң далаға шығып жан-жаққа зер салады. Таңғы шақтың мезгілі. Енді Кертағының биік шыңының басында ғажайып жарық көрінеді. Сол жарық Кертағының биік басына көзді ашып жұмғанша жетіп қонады. Көзін ашып қараса, шыңның басында адам бейнелі, басынан жарық сәулелі нұр тараған жанды көреді. Ширақ қара терге түсіп, сескенген бетінде үңгірдің ішіне кіріп, шапанына оранып жатып қалады. Ішінен өзінше күбірлеп, сиынып, көзі ілініп кеткен екен, қолы жанындағы бір затқа тиіп кетеді. «Бұл не екен» деп басын көтеріп қараса, қасында Зәрдеш жатыр. Өзіне-өзі сенбей, не істерін білмеген Ширақ аң-таң болып отырып қалады. Дұрыстап қараса, Зәрдештің өзі. Жүзіне қараса, бал-бұл жанған, нұр шашып тұр. Ұйықтап жатыр. Ширақ білдірмей, үңгірден тысқа шығады. Күн шыққан. Таудан самал жел баяу еседі. Шілденің орта кезі. Сылдырап аққан мөлдір бұлаққа барып жуынған Ширақ, есін жаңа тана жинап, көгалда дем алады. Зәрдешті оятуға батпады. Үңгірге екі рет басын сұғып қарап еді, бұрынғы қара түнек болып тұратын жер жарық сәуле шашып тұрған соң батпады.


Бұл ғажап сәуле ғаламды жаратушы ие – Тәңірі, яғни жалғыз да және мәңгілік бір Алланың өзі екен. Қасында алты періштесі бар. Зәрдеш алғаш рет Құдайдың жүзін көрді. Құдай Зәрдешке аян берді. Зәрдештің кеудесіне ой мен ғаламның нұрын құйды. Дүниені жаратушы жалғыз Құдай екеніне берік сенді. Барлық даланың иесі Құдай деп сенді. Зәрдештің ақыл-ой жүйесі Алланың аянымен естіген, білгенімен ұлы шындықты өзінің мал баққан көшпелі Слитама жұртына, яғни Түран даласын мекен еткен халқына жеткізуге жол тартты. Сөйтіл, Зәрдештің алғаш рет Алламен жүздескен жері Ертағы мен Қертағы еді.

Адамзаттың алғашқы рухани басшысы – Зәрдеш бұдан былайғы жерде батыс, парсы, шығыс тарихында Заратуштра деп аталатын дана бабамыз. Алланың алғашқы уаһиін уағыздаушы, Алла сөзін халыққа жеткізуші, алғашқы дала пайғамбары аталды.

Eділ мeн Aлтaй, Оpтa Aзия apaсын мeкeндeгeн хaлық Зәpдeштің Aллaмeн aлғaшқы кeздeскeн жepіп, қaсиeтті мeкeнін бұдaн былaй Ұлытaу дeп aтaды, Aдaмзaттың ұлы пepзeнті, ұлы дaнaсы Зәpдeштің Aллaдaн eстігeн aлғaшқы aяны осы Ұлытaудa eстілгeн. Тұpaн дaлaсындa нeшe түpлі биік тe әсeм тaулap бap eмeс пe? Aлтaй, Aлaтaу, Тapбaғaтaй, Қapaтaу, Көкшeтaу, Қapқapaлы, Бaян, Қызылapaй сияқты. Біpaқ солapдың бәpінeн бөлeк Ұлытaу дeп aтaлу epeкшeлігі осындaй болaтын.

Еуропалықтар Заратуштра есімін бұдан екі-үш ғасырдай бұрын білген. Бірақ, ондай дананы өзінің туган отаны емес халыққа беруге қимаған. Біресе парсы, біресе трек деп есептеген. Бірақ та, Зәрдештің туған жері Тұран екеніне ешбір дау айта алмаған. Зәрдеш Алла айтқан аяндарды өзінің атақты «Авеста» атты шығармасында парсы тілінде жазып қалдырған. Мінеки, біз естіген аңыз, оқыған тарих осылай деп айтатын. Тұранның, яғни қазақтың ұлан-ғайыр даласы небір керемет даналарды: Зәрдешті, Алашты, Еділді (Атила), Атаны (Атей), Зораны (Зарина), Тұмарбике (Томирис) сияқты асыл да ұлы дана тұлғаларды дүниеге келтірген. Ал осы ұлы даланың кіндігі Ұлытау болған.

Академик Серік Қирабаев атамыздың «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан «Ел мен жер киесі» атты мақаласынан үзінді бергенде жөн санадық. Автор мақалада «Ұлытау аты қазақ арасына моңғол билеушілігі заманынан бері кеңінен таныс. Жошы осы жерді мекендеп, осында жерленген. Жошы кесенесі – қазақ жеріндегі ең бір көне және бай салынған ескерткіштің бірі. Бату Еуропаға жорығын осы жерден бастаған. Ұлытау жоталарында Алтын орда ханы Тоқтамыс пен ноғай ұлысының билеушісі Едіге бидің сүйегі жатыр. Әмір Темір осы өлкеде болып, Алтын шоқыда белгі қалдырған. Қазақтың төл хандары Керей мен Жәнібек ұзақ уақыт Ұлытау бойын жайлаған. Қасым мен Тәуке хандардың сайлау жиындары да осында өткен. Абылайдың ордасы Ұлытауда тігілген. Жоңғарға қарсы күрестерде ел басшылары мен батырларының көбі осында бас қосып ақылдасқан. Ақтабаншұбырынды, Алқакөл-сұлама оқиғасынан кейінгі қалмаққа берілген алғашқы соққы Қалмаққырылған мен Аңырақайда өткен. Қазақтың соңғы ханы Кенесары орыс отаршылдығына қарсы күресін осында ұйымдастырып, көтерілісшілер оны ақ киізге көтеріп хан сайлаған. 1752 жылы Ұлытауда қазақтың үш жүзінің өкілдері бас қосып, ендігі ел жағдайы жайлы кеңескен. Осының барлығы Ұлытаудың қазақтың қасиетті өлкесі болуының үстіне, қазақ тірлігінің, қазақ бірлігінің бастауында тұрғандығын әйгілейді»,- дейді.

Ұқсас материалдар