Жаңалықтар

Қазығұрттың басында кеме қалған

Қазығұрт өңірінің жер су атауларындағы этномәдени факторлар
Қазығұрттың басында кеме қалған
26.10.2021 11:15 13134

 

Адамзаттың алтын бесігі болған Қазығұрт өлкесінің топонимиясы туралы деректер көп айтыла бермейді. Аймақтық топонимияның қайталанбас өзіндік тілдік бетін, жүйесін жасауда өңірдің тарихи тағдыры, физика-географиялық (ландшафттық) өзгешелігі, көптеген саяси - әлеуметтік, этносаяси этнографиялық жағдайлары, этногенетикалық байланыстары мен тоғысуларының, шаруашылық және эконимикалық факторларының үлкен рөлі мен маңызы бар. Осы орайда, ғалым-зерттеуші Бақыт Тасполатов ілгеріде айтылған факторлардың барлығын негізге ала отырып, оңтүстік өңіріндегі қасиетті орын  Қазығұрттың топономикасы туралы өз еңбегінде кеңінен баяндап береді. 

 

Түркістан облысы өлкесі топонимиясын зерттеушілері атап көрсеткеніндей: «Аймақтық топонимдердің өзіндік ерекшелік пен қалыптасуына мынадай негізгі үш фактор әсер етеді. Олар: географиялық, этномәдени, тарихи-әлеуметтік. Осы үшеуі диалектикалық процесс үстінде бірлікте болады». Этномәдени фактор географиялық фактормен тығыз байланыста болады. Себебі этностың негізгі кәсібі, тұрмыс-шаруашылығы және соларға қатысты әдет ғұрыптары мен этно танымы белгілі бір географиялық ортада қалыптасады. Географиялық орта оларға алғышарт және негіз болады.

 

Белгілі Кеңес этнографы Ю.В.Бромлейдің айтуынша: «Халықтың қалыптасуы мен дамуына оның әр түрлі материалдық мәдениетінің сапаларынан бастап, этнонимдеріне дейін географиялық ортаның тікелей де, жанамалай да әсер жатқан территориясының физика географиялық жағдайы мен ерекшеліктері шаруашылықтың мәдени түрін (шаруашылықты жүргізу формасы) таңдау мен айқындауға шешуші ықпал етеді. Қазығұрт өңірінің физика-географиялық жағдайы мен ерекшеліктері бұл өлкеде көне замандардап бері көшпелі, жартылай көшпелі түрінде мал өсіру, түрлі дақылдар шаруашылықтарымен айналысу үшін өте қолайлы болған. Сонымен қатар бұл өңірде ежелден қала мәдениеті мен өркениеті дамыған. Шаруашылық жүргізудің әр түрі сол шаруашылық саласымен айналысқан халықтың материалдық және рухани мәдениетіне өз ізін қалдырады. Тіпті сол халықтық мәдениеттің негізі мен алғышарты болып келеді. Халықтың шаруашылық түрі, материалдық және рухани мәдениеті ұлттың лексикалық жүйесінде бейнеленеді. Ономастикалық сөз қорында өз көрінісін табады. «Әр этностың өмір сүру сипаты, ұлттың рухани ерекшеліктері, ойлау үғымдары мен бағыт байламдарын сипаттайтын тілдік жүйесі арқылы ана тілде сақталады. Ол әр халықтың материалдық, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты дамитын, қоғамдық санасына сәйкес негізделетін» ұжымның жадында жинақталған жүйе» (М.Лотман). Олай болса, мәдени атауларының жүйелі тілдік көрінісін мәдениеттің мета тілі ден қарауға болады», - деп жазады қазақ тіліндегі этномәдени атаулардан танымдық, негіздерін зерттеген ғалым, профессор Ж.А.Манкева. Қазақ мәдениеті метатілінің құрамдас бір бөлігі – қазақ тіліндегі ономастикалық сөздік қоры. Әрине, сол баға жетпес ономастикалық тілдік байлықта аймақтық топонимиялық бірліктердің де өз орны бар. Сонымен, аймақтық топонимиялық жүйені қалыптастыратын этномәдени факторлар қатарында шаруашылықтың мәдени түрлері болатын болса, Түркістан облысы өлкесінде ежелден отырықшы және көшпелі мәдениеттер дамыған. Тарихшы ғалымдардың Түркістан облысы өлкесінде осы шаруашылық түрлерінің дамуына ықпал еткен географиялық жағдай ерекшеліктері, экологиялық факторлар мен Түркістан облысы өңірінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасқандығы деп атап көрсетті. Мал шаруашылығын жүргізу этно мәдени фактор ретінде қазақ халқының өмір болмысына, тұрмыс тіршілігіне, танымына, әдет-ғұрыптарына шешуші әсер етті. 

Ал енді қазақ этносының бүкіл болмысына ықпал еткен төрт түлік малды өсіру шаруашылығы тікелей және жанама түрде де қазақ тілінің лексикасында, фразеологиялық қорында тайға таңба басқандай өз ізін қалдырды. Көшпелі мал шаруашылығының әдіс-тәсілдері қоршаған ортаны, табиғатты тиімді пайдалануға қатысты қалыптасып, дамыды. Көшпелі мал шаруашылығы географиялық ортамен тығыз байланысты. Сол себептен табиғаттың физика-географиялық жағдайлары мен ерекшеліктері қазақ тілінің халықтық географиялық лексикасында, ұлттық топонимиясында кеңінен және нақты бейнеленеді. Қазақ халқының табиғаттанымы өте жоғары деңгейде болған. Көшпелі өмірдің қоршаған ортамен тығыз байланысы және осы байланыстың нәтижесінде қазақ халқының географиялық терминологиясы өте бай түрде дамығандығы жөнінде Ғ.Қ. Қонқашбаев былай деп жазады: «Өмірдің өзі көшпелі қазақты өрістің ерекшеліктерін нақты білуге (бедер ерекшеліктерін, климаттың, өсімдіктердің, қоймаларының түрлерін, оларды мал шаруашылығында пайдаланудың маусымдықтық, ерекшеліктерін) ғана үйреткен жоқ, сонымен қатар көшу кезінде бағыт болатын, қолайсыз ауа райында малға пана болатын ландшафттық ерекшеліктерді білуге үйретті. Міне, сондықтан да өзен-сулармен, өсімдік әлемінің ереқшеліктерімен байланысты қазақ тіліндегі географиялық терминдер көп және әртүрлі.

Таудың, алқантың, өзеннің, көлдің, жайылымның, керек десеңіз солардың бір кішкене ғана бөлігінін өз алдына жеке атауы бар. Мұндай ерекшелік басқа халықтарда, әсіресе, жер өңдеумен айналысатындарда жоқ деуге болады». Қазақ халқы аса бай географиялық терминологияға ие екенін, сол ұлттық терминологияның бір бөлігінің (жер бедеріне қатысты) тізімінен де байқауымызга болады: қолат, қорым, қүз, қуыс, қия, мүйіс, әзек, ой, ойпаң, ойпат, өлке, ор, сара, сарыдала, сахара, сеңгір, доңғал, дөң, дөңес, дала, далашық, жазық, жапан, жертас, жыра, жыраша, жырашылық, заңғар, қапшагай, қапсағай, қатпар, кезең, кемер, қобы, бұлғақ, бұдыр, даба, дабан, індер, ола, рай, толагай, хамар, аңғар, алқап, адыр, айыр, атауларында топонимдер құрамында жиі кездеседі. Сырт, тақыр, тарам, тарау, арт, асу, байтақ дала, байыр, атанақ,ая, ылди, ық, шытырмен, шырым, шың, шым, шұрат, шүйгін, шұқыр, шұңқыр, шұқанақ, сораң, суағар, көтерме, құлама, құлау, қыспақ, жайылма, жар, ширық, жырық, қағыл, бүгілме, бөктер, боз, көгал, қоңыр, қоңырқай, көқ, қара, борбас, борбастық, борпық, тас, төмпей, төмпешік, томар, төбе, теріскей,тепсең, тебін, шабарты, айдала,алап, алан, алайатыр, алқаш, аңыз, былқылдақ, шөп, шөлейт, шоқат, шоқы, шиір, шет, шаңырақтас, шалғын, шақат, шабынды, үстірт, үрме, үңгір, үйік, түрме, түмық, бидайық, бұтақ,арқа, тастақ, биік, ашық, тау, сандықтас, балақтау, асқартау, алатау, қаратау, тазтау, қотыртау, төс, төскей, қорган, қорық, көк орай, жайлау, қараш, жалагаш. Осы тұста келтірілген жер бедері (рельеф) халықтық терминдері жердің егжей тегжейіне дейін, жайылым түрлеріне дейін, тағы да басқа көптетен географиялық сипаты бар ақпараттарды бойында сақтаған, Бүл терминдер қазақ жер су Қазығұрт өңірі топонимиясында жоғарыда көрсетілген терминдердің біразы жергілікті жер-су атауларының пайда болуына негіз болды. Мысалы, тас - Адам тас, Айнатас, Ататас, Ана тас, Биіктас, Емдіктас, Керегетас, Күйеутас, Келіншектас, Қаратас, Мешіт тас әулие,Монтайтас, Сырғыма су тас, Тасбұлақ, Тастұмсық, Түсіктас,Үйтас, Шілде тас. Тас орфографиялық термині арқылы құралған Қазығұрт өңірін топонимдік атаулары тек көшпелі мал шаруашылығының ықпалынан пайда болды деуіміз артық болар. 

Себебі таулы ландшафт сипатын көрсететін бұл терминмен топонимдер (тас, әдетте таулы аймақтарда көбірек кездесетін орфографиялық термин) басқада тарихи-мәдени мәліметтерге, ақпараттарға ие. Демек, мал шаруашылығынан басқа да этномәдени факторларга байланысты туындаған. Бұл тұста біз тас компоненті бар Қазығұрт аймақтық топонимиясында кездесетін географиялық атаулардың мәдени, тарихи тағы да басқа ақпараттарын ашып жатпаймыз. Ондай талдаулар диссертациямыздың тиісті жерлерінде жүргізілмек. Қазақ ономастикасының білгірі, профессор Т.Жанұзақтың айтуынша: «Қазақ тілі ономастикасының лексикалық құрылымы азды-көпті болса да,көне заманнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі халқымыздың тарихи мәдени өрісінің ізін толық көрсете алады. Олардың құрамында төл сөзімізден қойылған атаулармен қатар басқа тілдерден енген атаулар да бар». Қазақтың халықтық географиялық терминологиясына және топонимиясына еніп кеткен сөздер қатарындағы ирандық сентяр географиялық апеллятивті Қазығұрт өңіріндегі Қызылсеңгір тау атауынын құрамында белгілі. Қазыгұрт өңірі топонимдер құрамында кездесетін географиялық терминдердің бір бөлігі – мал шаруашылығы этномәдени факторга қатысты туындаған және географиялық, этномәдени сипаттағы ақпараттарға ие. Мәселен, ащы термині арқылы жасалған аймақтық топонимдердің географиялық этномәдени ақпараттарын алып қарайық. Ащы - Ташкент-Түрбат жолының Шарбұлақ ауылы тұсындағы жер аты. Ауылдан 4 - 5 шақырым жерде. Итөлген сайы арқылы өтетін жолдың бойындагы жолаушылар аялдайтын жалғыз елді мекен болған. Бұрын бұл жерде аумағы әжептеуір тұзды көл болыпты. Оған қамыс өскен. Тұщы бұлақ та болған. Ащы атауынан басқа да Ащы Қарабау - елді мекен аты, Ащысай аты, Ащы бұлақ және елді мекен атауы Қазығұрт өңірінде кездеседі. Г.Қ.Қонқашбаевтың «Казахские народные географические термины» атты мақаласында ащылар жөнінде былай делінген: «Ащылар жазықта ағатын өлендердің алқаптарында көп және солардың ойықты жағаларында орпаласады. Ащылардыңтопырағы тұзды, шөбі шүйгін келеді, малға жақсы жайылым. Ащы термині көптеген гидрографиялық объектілердің құрамында кездеседі: Ащы, Ащысай, Ащыбұлақ. Ащы терминінің синонимдері ащы лауыт, сортаң, тақыр, шақат». Төрт түлікті өсірудегі әдіс-тәсілдер тек жайылымдардың шөбіне қарай қатысты түзілмеген, сонымен қатар жайылымдардың маусымдық түрлері, жер бедерінің ерекшеліктері есепке алынып, көшпелі мал шаруашылығын жүргізу барысында іске асырылып отырған. Мәселен, көшпелілер көбінесе малды желден ық болатын таудың күнгей жағына жайған. Қары қалың жерлер нетаудың теріскей беттері қыстың бастапқы кезінде немесе аяғында, ал жазық жерлер мен таудың теріскей беттері қыстың ортасына қарай пайдаланылған. Жазғы жайылымдар мұнан өзгеше. Көшпелілер жайлауға шөбі ну, құнарлы жазық жерлерді немесе қыс кезінде қардың қалындығынан, боранның күштілігінен пайдалануға мүмкіндік болмаған биік тауларды таңдаған. Күздің алғашқы айларында-ақ бұл алқаптарды қар басып, суық, түседі де, мұнда қыс бойы мал аяғын баса алмайды. Жазғы жайылымның енді бір түрі - жерасты суы жақын, шөбінің құнарлығы күзге дейін сақталатын жерлер. Қырдағы өсімдіктер тек судың тапшылығынан тез қурап, құнарлығын тез жоғалтады.

Таулы алқаптарда көшпелілер малды желдің өтінде жаюга тырысқан және жайылымға таудың теріскей беттерін немесе күнгей жақтағы шатқалдың, шыңның табандарын пайдаланған. Құрғақшылық кездері күннің ыстығында малды таудың биік жерлеріне, желдің өті жайған». Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының географиялық нысандарға ат қоюында сол шаруашылық түріне қажеттіктер толық ескерілген. Біріншіден, жер бедерінің, өсімдік жамылғыларының, ландшафт ерекшеліктерін, табиғи су нысандарының мал өсіру мүдделеріне қарай малшы қазақ мұқият жіктей білген. Қоршаған ландшафтты танып-білу және күнделікті өмір тіршілігінде бұл білімді пайдалану барысында жинақталған тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа берілген. Міне, осындай географиялық және этнотанымдық ақпараттар Қазығұрт өңірінде де ғасырлар бойы халықтын жадында, танымында сақталып келген. Тек Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда қазақ халқының тарихи-әлеуметтік және экономикалық жағдайы (материалдық өндіріс түрі) күрт өзгеріп кеткен соң, мүндай ақпараттық құндылығы мол топонимдік микротопонимдік) жүйенің ішіндегі географиялық атаулардың байланыстық құрылымы әлсірей бастады. Мәселен, белгілі бір топонимдер (микротопонимдер) жайылым аттары екені ұмытылып, жай жер аты ретінде танылып қалды. Сол сияқты қыстау, жазғы және күзгі жайлауларының аты ретінде емес, белгілі бір бұлақ, жер,төбе, тау атаулары түрінде қолданылатын болды. Осы құбылыстың басты себебі қазақ өмірінде көшпелі мал шаруашылығы материалдық өндірістүрі ретінде жойылды. Тарихи құрдымға кетті. Мал шаруашылығын жүргізу тәсілдері мен көріністерін аймақтық топонимиядан да байқауымызға болады.

XIX ғасырдың соңы мен XXғасырдың басында Қазақстанжерінің табиғи жағдайындағы ерекшеліктерге, тарихи кезеңдерге байланысты қазақтардың шаруашылығында айтарлықтай өзгешеліктер: 1) көшпелік жағдайда мал өсіру; 2) жартылай көшіп мал өсіру, қыстау төңірегінде егін салу; 3) отырықшылық жағдайда мал мен егін шаруашылығын қатар жүргізу қалыптасты. Қазығұрт өңірінің табиғи-географиялық және климаттық жағдайларына байланысты қазақ шаруашылығының жоғарыдагы көрсетілген үш түрі де ежелден осы өңірде орын алған. Дегенмен, қазақ топонимиясында соның құрамдас бір бөлігі болып саналатып кез келген аймақтық (жергілікті) топонимиясында көшпелі мал шаруашылығына тікелей немесе жанама қатысы бар жер-су аттары күні бүгінге дейін сақталған. Топонимдердің осындай кумулятиптік қызметі арқылы талай ғасырлық тәжірибеден туындаған. Шаруашылықтың жартылай көшпелі түрі дала, орманды, таулы өңірлерде қысқы тұрақтарға қоныстану сақ, үйсін тайпаларында кең таралған болатын. Көшудің тағы бір түрі – вертикальді көшу таулы аймақтарға, әсіресе Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарына тән болды. Қыстаулар тау-өзен аңғарларында, суық желдерден қорғалған, ық, тосындау жерлерде, тауалды көктемгі жайылымдар болса, биік альпілік шалғындарға (жайлау) көтеріліп отырған». Қазығұрт таулы өлкесінің мал шаруашылығына жайлы жақтары жөнінде мынадай мәліметтерді келтіруге болады: «Ауданды үш жағынан қоршай орап Өгем, Қаржан (Қосмола) және Қазығүрт таулары жатыр. Бұл таулар елдің алтын аңқи сөзіқоры болып саналады. Климаты жайлы, қоңырсалқын. Жайлау ретінде шөбі шүйгін, мал азығы болатын өсімдіктерге бай. Елдің негізгі байлықтарының бірі болып саналатын малы суық түскенге дейін, тіпті, қар жауғанша жайылады. Сондықтанда олар қонды, мал қыстату науқанына шыдамды болып келеді. Нәтижеде мал басының кемуіне, өлім-жітімнің кем болуына септігін тигізеді». Қазығұрт өңірінің тау жайлаулары кезінде жергілікті елдің мал шаруашылығында кең түрде пайдалынылған. Сондай жайлаулардың қатарында Алақысырақ аңқи, Аңки жайлауларын атауға болады. Мәселен, Анқи - Қазығұрт тауынан 40-45 шақырым қашықтықта оңтүстік-батыста созылып жатқан тау аңғарындағы кеңжайлау. Көктем, жаз айларында шөп жамылғысы көрікті, қызғалдағы құлпырып, шырыш, сасыр, құлқайыры жайқалып, тартып тұрады. Аймақтық (жергілікті) тіл ерекшеліктерінің бір көрінісі (дерегі) ретінде Қазығұрт өңірінде жайлау атауы ретінде қолданылған.

Белгілі бір аймақта (территорияда) ма шаруашылығын ұйымдастырудың түрлері мен тәсілдерін, ерекшеліктерін көрсететін жергілікті кейбір топонимдер болса, солардың қатарында малдың қоражайына байланысты жер-су аттары бар. Көшпелілердің әдетте қыстау маңында арнайы қоршалған ашық немесе жабық қалқалары бар тастан, ағаштан, қамыстан, пымнан, қидан, шөп шаламнан жасалған қоражайлары болған. Шөл және шөлейт аудандары мен таулы өңірлеріндегі мал қораларының айырмашылықтары едәуір екені байқалады. Мәселен, Мойынқұм мен Қызылқұм жерінде сексеуілден, тоқылған қамыстан ашық қоралар салынса, таулы аудандарда тастан тұрғызылған, төбесі жабық қоралар немесе үңгірлер қоражайлар ретінде пайдаланылған. Осындай тас қоралар Қазығұрт өңірінде Қазығұрт қорасы, Қазығұрттағы қос үңгір, Жалтырүңгір, Айшақора, Тасқора сынды жергілікті топонимдермен аталған. Мал өсіру ісінде табиғи сулар, су көздері, суаттар үлкен рөл атқарған. Өзендермен бұлақтар тау өлкелерінде көп болғандықтан, мал шаруашылығында сол табиғи суаттар пайдаланылған. Қазығұрт таулы өңірінде табиғи су көздері - өзендер мен бұлақтар, бастаулар молынан кездеседі: Қотырыза, Ызабұлақ, Атбұлақ, Ортабұлақ, Жарбастау, Суықбастау, Базарбай бұлақ, Бөрішбұлақ, Сырлы, Көзді атабұлағы, Көктөбе бұлағы, Сасықбастау, Күмісбұлақ, Кезеңбұлақ, Көкбұлақ, Кемербастау, Қарабастау, Кекілікбастау, Қызылбұлақ, Қотырбұлақ, Құнлыбұлақ, Маржанбұлақ, Молбұлақ, Майбұлақ, Талдыбұлақ, Тасбастау, Тәттібастау, Тасбұлақ, Терісбұлақ, Ұябұлақ, Үшбастау, Шарбұлақ, Шошқабұлақ, Бадам, Доңызбұлақ, Борбас, Жалпақсу, Қаржап, Өгем, Рабат, Ұя және тағы да басқа кездеседі. Табиғи су суаттары жоқ далаларда мал суару үшін құдықтар қазылатын. Қазығұрт өңірі табиғи су көздеріне, табиғи суаттарына бай болғандықтан құдықтар өте аз кездеседі: Күбіқұдық, Болешқұдық, Тасқұдық болып табылады.

 

Қазығұрт өңірінің аймақтық топонимиясында үй жануарларына байланысты топонимдер кездеседі. Дегенмен төрт түлікке қатысты географиялық атауларкөп те емес. Қазақстанның орасан кең территориясында географиялық ортаның ерекшеліктеріне сай төрт түліктің белгілі бір түрлері геоэкологиялық, ландшафттық-климаттық зоналарға байланысты басым түрінде өсіріледі. Мәселен, шөл, шөлейт зоналарда басым түрінде түйе малы өсіріледі. Ал Сарыарқаның бетегелі, қауданды боз оттарында негізінен жылқы түлігі өсірілген. Халық жырындағы: «жылқыны мыңнан өсірген Арқаның тарлау бозы екен» - деген сөз тегін айтылмаса керек. П.С.Паллас қазақтардың мал шаруашылығымен шұғылданғанын айта келе, жылқы, қой, түйе, ешкі ұстайтынын, көшпелі мал шаруашылығында сүтті ірі қараның өсіп-өнуіне,әсіресе, қысқы уақытта табиғат жағдайларының кедергі келтіретінін, тек жылқы мен қоймалының басты орын алатынын атап жазады. Қазығұрт аймақ топонимиясында Қарақозы, Нарқұлаған, Ақбура, Алақысырақ аңки, Айғырұшқан, Айғыржыққан, Азартеке, Айғыржар, Биесыймас, Жылқыбайбұлақ, Итөлген, Қошқарата, Қошқарсойған, Текесу, Түйетас, Текеқамау тағы да басқа зоотопонимдербар. Осы келтірілген мал (төрт түлікке) атауларына қатысты топонимиялық тізбекте басым көпшілігі жылқы мен қойға қатысты атаулар. Осы кішкене тізбектің озінен де қазақ мал шаруашылығында жылқы мен қой тұлігінің басты орып алатынын байқауымызға болады. Дегенмен, аталған өңірде түйе менешкі малын өсіргендігі жөнінде дерек ала аламыз. Үй жануарлары аттарымен қойылған Қазығұрт өңірі топонимдері метафоралық атау болып келеді немесе белгілі бір жануарға байланысты тікелей сол жерде болған оқиғаны көрсетеді. Мысалы, Түйетас атауы ұқсату белгісіне байланысты қойылған болса, жергілікті халықтың этимологиясы бойына Би сыймас атауы сол жерде өскен қамыстың қалыңдығы соншалық, тіпті оның арасы мен бие де жүре алмайды дегеннен шыққан. Бірқатар етістікті топонимдер немесе сөйлем ыңғайындағы жергілікті географиялық атаулар белгілі бір жануарға қатысты тікелей солжерде болған оқиғаны көрсетеді: Айғырұшқан,Айғыржыққан, Нарқұлаған, Қошқарсойған тағы да басқа Қазығұртта құс атауларына байланысты да жер атаулары кездеседі. Мысалы, Кекілікбастау - су көлі, Ашынхана биік шың. Бүркіт ұяшың. Бүл зоопимдік географиялық атаулар Қазығұрт өңіріндеаталған құстардың болғанын, кездесетінін көрсетеді және сонымен бірге осы өңірде құсбегілік, саятшылық кәсіптің дамығаны жайында да хабардар етеді. «Көшпенді мал шаруашылығының дамуына алғышарт рөлін аңшылық кәсіп атқарған. Аң аулауда жергілікті қазақтар бүркіт пен тазы иттерді пайдаланған. Үйретілген аң аулайтын құстардың ішінде бүркіт, сұңқар, қаршыға маңызды рөл атқарған. Сұңқар құстарды кеудесімен қағып түсірсе, аллашын, ителгі, бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян, бөкен, үйрек, дала қаздарын аулайды. Олардың артынан тазы иттерді салып отырған. Тәулігіне кейде 5-15 бөкен, күзгі аң аулау кезінде қаршыға 50 үйрекке дейін аулайтұғын. Аң аулауда басты маусымдық ерекшелік қысайларында аңға бүркітпен, көктем күз аралығында қаршыға, ителгімен шығатын. Құсбегілер барлық жыртқыш құстардың ептілігін болжап анықтай алган. «Көшпелі мал шаруашылығын жүргізу барысында табиғи географиялық нысандар көптеген қызмет атқарған деп есептеуімізге болады. Мәселен, кейбіреулері жайылым, суат, қоражай тағы да басқа ретінде пайдаланылған. Ал енді кейбір табиғин ысандар мен оның атаулары (топонимдер), сонымен бірге мал өсіру жағдайында көші – қон кезінде белгі қызметін атқарған. Белгі қызметін атқару үшін топонимдер сол немесе басқа бір географиялық нысанның айрықша белгісін бөліп көрсетуі керек», - деп жазды кезінде белгілі географ-топонимист Ғ.Қонқашбаев.Қазақ топонимдерінің басым көпшілігі бағыт-бағдарды оңай айқындайтын табиғи (теографиялық) нысанның айрықша белгілерін көрсетеді. Сондай белгілердің қатарына аталған жер-су нысандарының түсін, түрін, пішінін, көлемін ерекшеліктерін жатқызуга болады.

Көшпенді қазақтардың географиялық, нысандарын мал жаю, көшу-қону мұқтаждықтарына сәйкес, яғни бағдар-бағытты айқындау үшін көзімен көру қабілеті айрықша, өте жоғары болған. XIX ғасырдың «орыстың Гумбольдті» деп атанған саяхатшы П.А.Чихачев былай деп жазған: «Қазақтарға тән өзгеше қасиеттердің ішінен естумен көргенін жадында сақтау қабілеттерінің айрықша екенін атау керек. Рас, көшпенді халықтардың бәрі мұндай қабілетпен ерекшеленеді. Бұған көптеген дәлелдерді Шығыс елдерін толассыз шарлаған кезімде алтайлықтардан, тувалықтардан және де басқа сібір халықтарынан ғана емес, арабтардан да, күрдгерден де және түріктерден байқадым. Бірақ бұл халықтардың ішінен осы кабілеттерінің шектен тыс дәрежеде дамуымен мені казақтардай таңқалдырғаны есімде қалмапты. Қазақтар бақылағандардың барлығыда олардың бұл ерекшелігін таңқалған». Қазығұрт аймақтық топонимиясында қазақтардың көзінің көргіштік қабілеті ерекшелігіне негізделген топонимдер жиі кездеседі. Қазығұрт топонимиясында, мәселен, түске байланысты географиялық атаулар аз емес. Бұлардың құрамында қара, ақ, қызыл, сары, көк, болсын етімдері ұшырасады. Бұл түсті білдіретін сын есімдер әдетте аталған нысанның түсін немесе түрін білдіреді де, тау, тас, төбе, бұлақ, су, құм,сай тағы да басқа географиялық нысандарды анықтау үшін қызмет етеді. Бағыт бағдарды анықтау үшін түс белгісімен аталған табиғин нысандардың аталған түске байланысты түстен бөлек сипаты бар екендігі жөнінде А.Н.Кононов, E.Қойшыбаев тағы да басқа ғалымдар жазған. Мәселен, Е.Қойшыбаев Ақтөбе, Ақдөң топонимдеріндегі «ақ» сын есім, «шөп», «шөпті» деген мағынаны білдіреді деп санайды. Геологтардың пікірінше, Ақтас, Ақтасты, Ақтау, Ақдөңсияқты топонимдеріндегі «ақ» осы аталған нысандардың құрамында гипс, әк, мәрмәр тағы да басқа бар екендігін көрсетеді. Ал академик А.П.Қононов өзінің мақаласында ақ лексикалық элементті гидронимдерде ежелгі түркі тілдеріндегі «ағу» деген мағынада қолданылып, осыдан кейін Ақсу - «ағынсу» дегенді білдіреді деп көрсетеді. Қазақ тілі лексикасындағы көп мағыналық сөздердің бірі қарасөзімен Қазығұрт жер су атауларынын құрамында төмендегідей топонимдер кездеседі; Қаратас, Қарабау, Ашықарабау, Қаракемер, Қарашоқы, Қара-бастау. Байқап отырсақ, бұл атауларда қара сөзі табиғи (географиялық) нысанды атайтын терминнің алдында келіп, анықтауыштық қызмет аткарын тұр, яғни аталған нысанның түсін айқындап көрсетуде. Сонымен бірге кейбір топонимдерде қара сөзі географиялык, нысаны түстен бөлек сипатын да меңзеп түр. Мәселен, Қаратас атты орографиялық объектілердің қара түсті болуы тастың кұрамында темір қосындылары болуынан деп есептеледі. Яғни қара түсті тастар темірі бар тастар, ал, мәселен, көк түсті тастарда мыс қосындылары (рудасы) болады. Ал ақ тастарда гипс, әк, ақ түсті мәрмәр болатындығын ақ сөзі (анықтауыш) кәрсетеді. Қазығұрттағы ақ сөзіне байланысты топонимдер (микротопонимдер) түрлі географиялық нысандарға қатысты қойылған: Аққұмтерең сай, аңғар (каньон), Ақбура - бұлақ, Ақбастау - бастау, Ақжар - жар, Ақсай - тақыр сай, Ақпарақ - өлең, Ақтасқырат, Аққұм -ауыл, Ақкөйлек – бұлақ. Ақ созіне қатысты жоғарыда келтірілген геологтардың пікірін, яғни ақ сөзі, түстен басқа мәндермен байланысты. Дәлдеп айтсақ гипс, ак, мәр-мәр сипаттарында да айқындайтынын Қазығұрттағы Аққұмканьоны арқылы да дәлелдеуімізге болады. Өйткені осыканьонның тастарын жергілікті түрғындар әк ретінде пайдаланады. Ақтас, Ақсай, Ақжар,Аққұм географиялық атауларындагы ақ аталған табиғи нысандарының ақ түсіне байланысты қойылған деп есептеуімізге болады. Мысалы, Ақбастау елді мекені ақ топырақты жер қойнауынан шығып жатқан суы мол (ақ) бұлақтың атымен аталса, Ақжар елді мекеннің атауы ақ топырақтан түзілген үлкен жарлар, Көкбек, Көқкор, Көкбұлақ, Көкжаңғақ, Көкмойын, Көктерек, Мұндагы Көкбек, Көкқор, Көкбұлақ, Көктөбе, Көкжаңғақ атаулары жердің түсіне байланысты қойылса, жергілікті тұрғындардың пікірінше, Көкбұлақ атауындағы көк «көкжөтел» мағынасында қолданылып, бұлақ «жөтелге қарсы емдік су» ретінде аталған атауларға байланысты туған. Қызыл сөзі Қазығұрттың аймақты топонимиясында көптеген жер су аттарында кездеседі: Қызылдала - елді мекен, Қызылсеңгір - елді мекен, тау; Қызыл бұлақ - бұлақ, Қызылата - өзен, Қызылқыртөбе, Қызылқия - ауыл, Қызылтал -ауыл, Қызылтаң - елді мекен, Қызылту – елдімекен, Мұндағы Қызылдала, Қызылсеңгір, Қызылқыр, Қызылқия атауларындағы қызыл сөзі сол объектідегі топырақтың, тастың, өсімдіктің түсіне байланысты алынса, Қызылтаң, Қызылту, Қызыл диқан атаулары Кеңес үкіметі орнау кезеңінде, яғни өңірдегі колҳоздастыру (коллектишизация) жұмысының барысында берілген.Қазығұрт өңірінде көк сөзінің қатысуымен жасалған атау құрамында сары сөзі бар топонимдер Қазығұртта санаулы ғана: Маңсары, Сарыүйсін, Сарыалма. Сарыүйсін атауы этнонимдік топоним болып саналады. Себебі жер ру атымен қойылған. Яғни сол жерді сарыүйсіндер мекендеген болуы керек. Алайда түркі (қазақ) топонимиясында сары түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан топонимиясында сары - «үлкенкөк», «кең» мағыналарында да белгілі екенін қырғыз топонимист ғалымы К. Қонқабаев та көрсеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға