Жаңалықтар

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер
23.07.2021 16:48 10679

«Қасиетті Қазақстан» тізіміне кіретін тарихи орындар мен табиғи ескерткіштер қатарына Байтулақ батыр кесенесі, Балпық би кесенесі, Баянжүрек петроглифтері, «Бесшатыр» қорымы, Бесіктас – археологиялық ескерткіштері, Есiк сaқ қоpғaны жатады. Аталған ұлттық құнды мәдени мұралардың сипатына қысқаша тоқталғанды жөн көрдік.

Бaлпық би кeсeнeсi – 1994 жылы Қapaтaл aудaнындaғы Оян aуылының шығыс жaғындaғы тeмipжолғa тaяу қоpымғa сaлынды. Оның қaбыpғaсы күйдipiлгeн кipпiштeн қaлaнып, сыpты мәpмәpмeн қaптaлғaн. Сыpтқы пiшiнi күмбeз тәpiздeс, бaсынa гpaниттeн құлыптaс қойылғaн. Ipгeсiндe жaсыл жeлeккe бөлeнгeн бaқ бap. Бaсынa кeлiп түнeушiлepгe apнaйы оpын жaсaлғaн. Кeсeнeнiң тұpaқты шыpaқшысы бap.

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер

Баянжүрек петроглифтері – археологиялық ескерткіш, ежелгі дәуірлерде жартасқа салынған суреттер. Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған. 1993 жылы Халықаралық қазақ-француз археологиялық экспедициясы зерттеген. Суреттер құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Мұнда қола дәуірінен кейінгі орта ғасырларға дейін осы өңірді мекендеген тайпалар мен халықтардың тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімдері мен дүниетанымын, философиялық,эстетикалық көзқарастарын баяндайтын жеке бейнелер де, көп бейнелі күрделі композициялар да кездеседі. Суреттердің орналасуы да, саны да әртүрлі: олардың неғұрлым көп шоғырлануы орталық бөліктерден байқалады. Көп фигуралы композициялар жасауға ыңғайлы тас беттері қола дәуірінде-ақ өнер туындысына айналған. Баянжүректегі қола дәуіріне жататын петроглифтер,өзге орындардағы сияқты,басқа кезеңдерге жататын суреттерден сан жағынан асып түседі және түрлік құрамы мен сюжеттік желілері бойынша әртүрлі болып келеді. Ерте темір дәуіріне жататын петроглифтер көп емес, бірақ олар әдемілігімен бірден көзге түседі.

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер

Көне түрік заманының бедерлері де аз емес: олар ту ұстаған салт аттылар және алуан түрлі ортағасырлық қарумен шайқасып жатқан жаяу әскер бейнесімен көрініс тапқан.

Айрықша қолайлы табиғи жағдайларының, су көздерінің көптігі,жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің алуан түрлігінің арқасында Жетісудағы Баянжүрек жотасының айналасындағы шағын ауданды адамзат түрлі тарихи кезеңдерде қарқынды игерген, оған петроглиф кешеніне қуатты мәдени-хронологиялық мағына дарытып тұрған түрлі археологиялық ескерткіштер куә.

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер

Баянжүрек петроглифтік кешені таудың батыс қыраттарының жартастарында жасалған. Ал шығыс қыраттарында жартас өнерінің Тасбас кешені орналасқан. Протомүсіндер жасауға гранитті тастар қолданылған. Бұл екі кешен де Жоғары биен археологиялық кешенінің құрамына кіреді. Баянжүрек кешенінде 250-ден аса гравюра бар, олар Баянжүрек батыс қыраттарының 1600 метрден 1800 метрге дейінгі биіктігінде кездеседі. Кешеннің ерекшелігі – суреттердің жартасқа біркелкі болып орналасуында. Петроглифтер бұл жерде ерте қола дәуірден бастап ортағасырлық түркілік кезең аралығын қамтиды.

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер

Ерте және орта қола дәуірі петроглифтеріне дөңгелекті көлік, соның ішінде жауынгерлік қос доңғалақты арба бейнесі жатады. Қос доңғалаұты арбаның бірнеше суреті Баянжүректің батыс жонынан табылды. Тұтас алғанда, ерте кездегі Баянжүрек петроглифтері стиль жағынан Жетісудың, оның ішінде Ешкімөлмес, Таңбалы жартас өнерінің басқа ескерткіштерінен елеулі айырмашылықтары бар және қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстанның,Сібірдің оңтүстігін және Моңғолияның батыс жартастағы суреттерімен ұқсастықтары көбірек екенін табуға болады.

«Бесшатыр» қорымы – Қазақстандағы көне қорымдар тобына жатады, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Қорымды 1957 жылы және 1959-1961 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеді. Көне ескерткіш Іле өзенінің жағалауына 3 шақырым жердегі Желшағыр Тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында орналасқан.

Бұл жерде үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 шақырым солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 шақырым алқапты алып жатыр. Қорым шартты түрде екі бөлікке бөлінеді. 21 оба таспен жабылса, оны қиыршық тас араласқан топырақ үйінділерінің астында жатыр. Бесшатыр зиратының солтүстік бөлігігіне ең ірі үлкен екінші және үшінші обалар кіреді. Үлкен обаның диаметрі – 45 метрден 105 метрге дейін жетсе, биіктігі – 6-17 метр болады. Ал орташа обаның диаметрі – 25-38 метрді құраса, биіктігі – 5-6 метр деген болжам бар. Кіші обаның диаметрі – 6-18 метр болса, 0,8-2 метрге дейін биік болып келеді.

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер

Зерттеушілердің пікірінше, көне ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуінде бір өзіндік мағына бар. Осы аймақты мекендеген байырғы тұрғындардың әлеуметтік даму деңгейі осы үш өлшем арқылы көрініс тапқандай. Тарихшылардың айтуынша қазба жұмыстары барасында 18 оба қазылған. Археологтар табылған обаларды үш үлкен, бір орташа, бір кіші оба ретінде жіктеген екен. Зерттеушілердің пайымынша, оба орнынан табылған ғылыми деректер ежелгі сақ дәуірінен хабар береді. Олардың әлеуметтік топтарға жіктелуі, айналысқан шаруашылығы, архитектуралық жетістіктері, тұрмыс-салты, салт-дәстүрі мен діни наным-сенімдері, тұтынған қару-жарақтары туралы құнды мәліметтерді қазба жұмыстары барасында тапқан. Үлкен Бесшатыр обасының маңындағы кейбір қоршаудың плиталарында таңба тәріздес әрқилы кескіндемені аңғаруға болады. Археологтар бұл бейнені күнге      сондай-ақ қазақтың «көз» таңбасына ұқсайды деп болжаса керек. Көне жәдігерлер қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ салт-жоралғылар өткізетін ерекше рәсім орны болғанын аңғартса керек.

Бесшатыр қорымының Үлкен обалары көне дәуір архитектурасына тән, сирек кездесетін айрықша ескерткіштері қатарына жатады. Ғалымдар бір ғана Үлкен Бесшатыр обасының үйіндісіне 50 000 м3 тас пен топырақ жұмалған деп болжайды. Ал, маңындағы тас тізбектерге 3 шақырым жерден әзірленіп әкелінген мыңға тарта плита қаланған деген болжам бар. Зерттеушілердің пайымынша, ірі обалардың жерлеу камераларына пайдаланылған Тянь-Шань шыршасының бөренелері қорымнан 200-250 шақырым жердегі Іле Алатауының бөктерінде кесіп, дайындалып, өзен арқылы салмен жеткізілген. Үлкен оба камерасының биіктігі 4-5 метр болса, ұзындығы – 10 метрден асады. Тарихшылардың айтуынша, бұл аса мықты техникалық шеберлікпен салынған құрылыс көрінеді. Камералар үш бөліктен тұрады.

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер

Бесшатыр зиратының адам жерленген бөлмесінің аумағы – 3 метр. Сондай-ақ осы бөлменің кіреберісінде кішігірім қосалқы тағы бір бөлме бар. Бесшатыр қорымының біз жоғарыда сөз еткендей үлкен обалары сол заманда сақ рубасылары мен әскери көсемдерінің жерлеу орны болған деген жорамал бар. Ал, орташа обаларда бұлардан кейінгі әскербасылар мен атақты жауынгерлер жерленсе, кіші обаларға қатардағы жауынгерлер мен қарапайым адамдар жерленген. Қорымнан табылған көне жәдігерлер Бесшатыр қорымы б.з.б 6-5 ғасырларға тән екенін білдіреді.

Бесшатыр қорымы бірнеше жүз жыл Іле өзені алабындағы сақтар тобының киелі де қастерлі орны болды. Мұнда келушілер ата-баба рухына және жаратушыға тағзым етті, құрбандық шалды, культтық ғұрыптарын жүргізді, ас беріп, күнтізбелік мейрамдарын тойлады. Діни іс-шаралар мен жосын-жоралғылар өткізілетін жерлерде менгілер мен қойтастардан көлемді кромлехтер тұрғызылды. Мұндай құрылыстар алуан көлемдегі обалармен бірге біртұтас архитектуралық жерлеу ғұрыптық-культтық кешенді құрайды.

Бесіктас – археологиялық ескерткіштер, қабір тастар. Оның тарихы қола дәуірінен басталады. Тұрпаты жәшік тәрізді мұндай қабір тастар Қазақстан аумағының біраз жерлерінде ұшырасады.Әдетте,көп жерлерінде жерді қазып, оған қиюын келтіріп, төрт бұрышты егін үстін келтіріп, төрт бұрышты егін үстін қақпа таспен жапқан тас жәшіктер орнатады. Кейде жел үріп, су шайып, бұл тас жәшіктердің қабырғалары жер бетіне шығып тұрады. Жабылған түрі бесікке өте ұқсас болғандықтан, қазақ халқы оны осылай атаған. Бесіктас орта ғасырлар тұсында және жаңа заманда көптеп жасалынған. Әсіресе орта ғасырда өмір сүрген ақын-жырауларға, ойшылдарға арнап жасалған тас қабірлер көптеп кездеседі. Олардың сыртқы түрі сағана тамға өте ұқсас келгенімен, одан гөрі ықшам да өрнекті келеді. Бесіктастың сыртқы беттері кілемнің түріндей безендіріледі, кей жағдайда шебердің фантазиясына қарай күрделене түсе береді. Көп ұшырасатын жері – Маңғыстау, Жем,Сағыз бойлары,Орталық Қазақстан, Жетісу төңірегі.

Есiк сaқ қоpғaны – сaқ дәуipiнен сaқтaлғaн apхеологиялық ескеpткiш.

Есік қорғаны Aлмaты облысы, Еңбекшiқaзaқ aудaнына қарасты Есiк қaлaсының мaңындa, Есiк өзенiнiң сол жaқ жaғaлaуындa оpнaлaсқaн. Есік обасын 1970 жылы apхеолог Б.Нұpмұхaнбетов тaуып, aшқaн.

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер

Археологтар Есіктің кемінде бір жарым мың жылдық тарихы бар деген болжамдарын алға таратады. Өйткені дәл осы жерде Ұлы Жібек жолы өтті деген пікір бар. Ал біздің дәуірімізге дейінгі 5-ші ғасырда қазіргі Есік аумағын сақ тайпалары мекендеген. Бұған Есік аумағынан табылған сақ обалары дәлел бола алады.

Бірегей олжа шағын ғана Есік қаласына әлемдік даңқ әкелді. 1970 жылы археологтар ежелгі қорғанды солтүстікке қарай ​​қазып, таза алтыннан жасалған салтанатты киіммен жерленген сақ жауынгерінің қалдықтарын тапты. Бұған қоса сақ дәуіріне тән тұрмыстық заттар: зергерлік бұйымдар, өрнекті шөміштер, күміс, қола кеселер мен тостақтар, сондай-ақ алтын сақиналар, мүсіншелер, қола және алтын қару-жарақтар, түрлі ыдыстар табылды.

Қасиетті Қазақстан: Алматы облысындағы тарихи кесенелер

Қорғандардың көп бөлігі бір кездері қазіргі Есік қаласының саяжай аумағында болған. Алтыншы оба — әлемдік маңызы бар «Алтын адамның» табылуына байланысты ғылым мен мәдениетке «Есік обасы» деген атпен енді. Қанатты барысы бар «Алтын адам» Қазақстанның ұлттық құндылықтарының біріне айналды. Сақ жауынгерінің көшірмелері Қазақстанның көптеген қалаларында орнатылды, олардың бірі – Алматыдағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі. Алтын адам табылған жерде жарты ғасырға жуық уақыт бұрын «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі салынды.

Есiк обaсы сaқ кезеңiнiң әлеуметтiк-экономикaлық деңгейiн, дүниетaнымы мен ғұpыптық шapaлapын көpсететiн қaсиеттi де қaстеpлi еpекше ескеpткiштеp қaтapынa жaтaды.

(Суреттер ашық ғаламтор көздерінен алынды).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға