Қандастар Ассамблея

Адамзат тарихының арқауы және Ұлытау

Мақала Әбіш Кекілбаевтың 2005 жылы 15 қыркүйекте Сәтбаев қаласында өткен «Қазақ мемлекеті мен ұлт тұтастығының қалыптасуындағы Ұлытаудың тарихи орны» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конфоренциядағы сөзінен ықшамдалып алынды.


Ұлытау жеріне деген біздің ұлтымыздың ықыласы қашан да ерекше болған. Бұл жерге келгенде жалғыз өзі өлкенің нанын жеп, суын татып жүрген сіздер мен біздің тарихымыз емес, жалпы «тауарих тарих» деген үлкен ұғымды жасаған адам нәсілінің тарихы көз алдымызға келеді.

Өздеріңіз білесіздер, сіздердің қорек айырып отырған тіршілігіңіз – жердің астында миллиондаған жыл бойы өткен үлкен химиялық реакциялардың, биологиялық процестердің нәтижесі. Соның аузымызға дәулет болып бұйырғанына дейін қанша уақыт өтсе, соның барлығы сол өлкенің тарихы болып есептелінеді.


Ал жер жаралганына 5 млрд-тан астам жыл болды. Соның ішінде, жердің тіршілікке көз болғанына, тіршіліктің өрбіп кете алатынына, оның ішінде адам сияқты миы бар, ойлай алатын тіршілікке жетуі де миллиардтаған жылдарға созылды. Оның да тарихы қазір 2 ман. жылдан асады, оның бәрі де бір күнде болған жоқ және осы жерден басталған жоқ. Ендеше, біз сол үлкен лекке, жер бетіндегі үлкен тіршілікке ілесетін жолымызға миллиондаған жыл болды деп айтуымыз керек. Бұл процесс оңай болмағанын өздеріңіз білесіздер.

Жер бетіне адамзаттың жаралғанына 2,5 млн жыл болса, Адамата, Хауаана арғы тектерінің жаралған жері Шығыс Африка болса, содан өрбіген ұрпақтың осы жерге жетуінің де көпке созылғанын білесіздер.

Қазіргі тарихтың білетіні, экватордан бері қарай, тіршіліктің өрбуі мен әрі қарай тіршіліктің өрбуінің екеуі де бір-біріне ұқсамайды. Ырғақтық жағынан да. Экватордың бергі жағында 6-7 белдеу. Біз осы белдеуде тіршілік етіп жатқан адамдармыз. Осы белдеуде тіршілік етіп жатқан адам түгіл, хайуанның өзі әрқилы. Осы ретте келгенде, адамзаттың үлкен тарихы әлімсақтан, ұлы адамның таралуынан басталады. Содан кейінгі үлкен тарихы – сол жаралған адамзаттың жан-жаққа таралуынан басталады. Біздің жайлап жатқан өлкелеріміздің алғашқы, жабайы ойконимдерге ілігуі: миллион жыл бұрын басталған. Сол кезде жер бетінде жалпақ бір-ақ құрлық болған. Ол кейін жердің астынан көтерілген платформа. Оның жалғасқан жері – қазіргі Виссар, Памир қыраттары. Осы процесс өткенге дейін, бұл жер шылқып жатқан су, теңіз, бұрынғы алып мұхиттың орны болған. Жердің құрғауы, құрлықтың бітуі. ол құрлыққа белгілі қоғам және климаттық коллизиялардың орнығуы, сол климаттық коллизиялардың тіршілікке әсер етуі тағы да миллиондаған жылдарды Мемлекеттік сыйлықтың қажет еткен. Сөйтіп, адам емес, жер бетінде қорек айыратын, адам тақылеттес екі аяқты тіршілік иесінің осы өлкеге қадам басқанына миллиондаған жыл болған. Олардың алғашқы жеткен жері, қазақтың қазіргі Қаратауы, Оңтүстік аймағы. Алатаудың теріс беттері, содан таралған алғашқы адамдардың терім шөптің басындағы ырзықты жинап, аң қуып алғаш келген жерлерінің бірі – Жезқазған.


Өздеріңіз білесіз, қазіргі планетаның тарихын зерттеудің геологиялық тарихы бар. Одан өрбитін, оның тіршілікке айналуына байланысты шыққан өркениеттің тарихы бар. Өркенметтегі өмір сүрген адамдардың нәсілдік ұйымдасуын зерттейтін этникалық тарихы бар. Олардың саяси ұйымдасуын зерттейтін мемлекеттік тарихы бар. Осы бес тарихтың қайсысын қарасаңыз да, тарихи жолымызға 5 мың жылдай уақыт болды. Бірақ осы 5 мың жыл ішіндегі тарихтың бізге байланысты жерлерінің барлығы күңгірт. Өйткені сол 5 мың жыл ішінде біздің немен шұғылданып жатқанымызды көретіндей мүмкіңдіктер болмады. Біз оның бәрін басқа елдердің кітаптарынан, басқа ел жазбаларынан білеміз. Біз ең ескі тарихымызды баяғы скиф-сақ дәуіріндегі грек жазбаларынан білеміз. Гректердің ең ҡол зерттегені, көздерінің жеткен жері – қазіргі Қара теңіз маңайы, Орал тауының етегіне дейінгі алқаптар тана. Ал сақ-массагеттердің терістігінде кім бар, шығысында кім бар екенін ешқандай Птоломей, ешқандай Гомер жаза алмаған. Екіншіден, сақ дәуірінің тарихын біз де аз білеміз. Өйткені, жұрнақтары парсылар қолында қалған. Парсылардық жеткен жері – қазіргі Қаратау, Тұран аймағы. Одан кейінгі жазба деректер, бұл – арабтардың деректері. Олардың бұл аймақтарға жетуі осыдан ХІ ғасыр бұрын болды.

Біздің тарихымыздың көптеген беттері бізге күңгірт деуіміздің сыры осында. Дегенмен, қазіргі ғылым оны интеллектуалдық түрде реконетрукция жасай алатын мүмкіндіктерге ие. Өйткені, ойконимдер тарихы, ол саяси еріктен болмаған. Ойконимдер тарихы – арғы жағы қорек айырудан болған. Соған байланысты оны анықтайтын факторлардың біріншісі - географиялық фактор, екіншісі – климаттық фактор, үшіншісі – демографиялық-статистикалық фактор.

Аламдарға жылы белдеулердегі мүмкіндіктер ҡөп уақытқа созылған. Біздің өлкеміз сол Еуразияның солтүстік белдеулерін жайлаудың 2 миграциялық ағымның қақ ортасында тұрған. Адамзат бұл жерге екі түрлі жолмен: біреуі қазіргі Балқан, Қарпат аймағындағы жазықтар арқылы Қара теңіз алабымен, Гомер жырлайтын, Аристарх жазатын. скиф-сақтар ағымымен келген, Екіншісі Гималай, Тянь-Шань, Саян таулары арқылы. Қысқасы, Қара теңізден бастап, Қиыр Шығысқа дейін асу бермес биік таулар жатыр. Ол таулардан асып кететін мүмкіндік біздің ата-бабаларымызда болған жоқ және оған тырысқан да жоқ. Олар алдымен сол таулардың күнгей бетіндегі, оңтүстік Үнді мұхитының теріс бетіндегі, алапты игеруімен шұғылданған. Олардың тас белдеуден терістікке өтуінің жалғыз-ақ жолы болған. Ол қазіргі оңтүстік Қытай жазығы арқылы оту, сосын Уссури аймағы арқылы өту. Адамзаттың ең үлкен легі Шығысқа жылжып, айтып отырған алаптарды игеріп, кейін Уссури алқабы арқылы, Оңтүстік Сібірге бет алған. Оның батыстан келе жатқан екінші ағыммен тоғысқан жері – Оңтүстік Сібір. Сондықтан ол Еуразияның көптеген халықтарының жаратылуының раса-генетикалық процестерінің негізгі лабораториясы бөлған. Оңтүстік Сібірдегі қазіргі Буразияның барлық нәсілдері, біздер мен сіздерге түркі нәсілдері, сәл бұрынырақ осы жерді жайлап кеткен арий нәсілдері - барлығының да жаралған жері осы Кеңістік болады.

Біз бұл процестерді адамзат баласы көбейгеннен кейін, бірігіп, үлі тектес үлкен этникалық бірлестіктер құрғаннан кейін, этникалық бірлестіктер өздері сияқты бәсекелес күштердің санасуына мүмкіндік алу үшін мемлекетке біріккеннен кейін, оның тарихи дамуының үлкен оқиғалары – бұл кеңістікке соқпай өтпеген. Себебі, ойконимдер қоржынының екі басы бар десек, бірінші басы – қазіргі Атлант мұхитынан Орал тауына дейінгі жерлер, екінші басы – Орал тауынан, Тынық мұхитқа дейінгі жерлер. Осы екі қоржынның басын байланыстыратын жалғыз белдеуі бар, Ол – қазіргі Қазақстан жері. Ал Қазақстанның, қазіргі жерін көріп отырсыздар, бел омыртқасы біреу емес, екеу. Біріншісі – Тянь-Шань тауларымен жалғасып жатқан, Алтай, Саян тауларымен жапсарлас таулардың солтүстік етегіндегі жазықтар. Екіншісі - Алтай тауларының солтүстік сілемдері, Тянь- Шаньнан бөлініп шыққан Орталық Қазақстан тау сілемдерімен, Орал тауы етегімен Еуропалық жазыққа шығатын дәліз. Сол дәліздің екеуінде де біздің ата-бабаларымыздың өмір тарихы жатыр. Оған 5 мың жылдай уақыт болған. Осы дәлізді біздің ата-бабаларымыз бір күнде иемденген жоқ.

Тарихта із болып қалған түс – ғұн заманы. Ал, ғұн заманы – біздің өмір сүріп жатқан мыңжылдықтың алғашқы ІІІ-ІV ғасырын ғана қамтитын тарих. Ғұн заманынан бастап қағазға түскен тарих қытайлардың қолыңда. Қытайлардың үлкен хандар, кіші хандар тарихы, соңғы Юаньдар тарихы деп алатын дүниесі бізге осы өңірдің көптеген сырларын ашады. Бірақ қытай тарихшылары да дәл қазіргі Қазақстан отырған жерлерді зерттемеген. Қазақстан жерінен олардың Жайлаған жерлері – қазіргі Жетісу, Балқаштың күнгей беттері. Олардың елшілерінің аяғы қазіргі Қызылорда облысына дейін жеткен. Ғалымдарының назары Каспий теңізіне дейінгі жерлерді қағазға түсіре алған. Осы жазбаларға қарап отырып білетініміз, олар үйсіндердің батыс жағындағы мемлекеттің атын «Кангой» деп атаған. Олардың айтуынша, қанғюй жерінде қалалар да бар, жасыл шөпті оазистер де бар, қайың әсетін, самырсын өсетін ормандар болған. Осы ретпен келгенде қытайлар ғұндарды күнгейдің ғұндары, теріскейдің ғұндары деп екіге бөлген. Күнгейдің ғұндары күн батысқа қарай тау етегімен, Жетісу бойымен, Хорезм бойымен жылжып отырған. Каспий теңізіне дейінгі ыстық бойлықтармен барған. Олардың көбі Каспийге жетпей, осы аймақтарға тоқтап қалған. Олардың көпшілігі - қазіргі біздің рулар ішінде жүр. Қазіргі қазақтың албан суан, шөмекей, тама, табын рулары бір кездері қытайдың тері бетіндегі күнгей ғұндарға жататын халықтар. Екіншісі – Саянның теріс бетін жайлаған тайпалар.

Бүкіл түркі дүниесінде 2 үлкен бағыт бар: жартылай көшпелі түріктер; көшпелі түріктер. Түріктердің бізге жақыны - ұйғырлар мен оғыздар. Олардың құрған мемлекеттері Ыстықкөл, Жетісу, Тараз, Қызылорда, Сайрамның маңында, қысқасы, біздің оңтүстік өлке. Екіншісі – олардың теріс бетінде жатқан қаңлылар бөлігі. Олар кейін бірнеше тараптарға бөлінген. Әуелі қимақ, сосын қыпшақтар, тағы бірнеше ру-елдерге бөлініп, Еділ далаларына өткен. Бұлардың батысқа өткен үлкен дәлізі сізбен, біз жайлап жатқан Сарыарқа болған. Түркілердің, угрофиндердің, бірінші рет араласқа түсетін жері осы Жезқазған, Қостанай, Ақтөбе, Оңгүстік Башкирия болып есептеледі. Аттиланың өзі осы алаптан шығып, Римге келген.

Біздің бүкіл күнкөрісіміз көшпенді малшаруашылығына байланысты болған. Көшіп қонатын қауым болғандықтан біздің күшеюіміз бен сөнуіміз бір-біріне ұқсап тұрған. Мұндай процесс түркі заманында да қайталанған. Моңғол заманындағы қайталанудың үлкен белгісі – Шыңғыс ханның өлер алдында балаларына жер бөліп беруі. Шыңғыс хан Батуға алтын босағалы - Алтын Орданы, Орда Еженге күміс босағалы Көк Орданы, Шибанға болат босағалы Боз Орданы берген. Үшеуі осы алқаптарға ие болып, қалған төртеуіне енші бермеген. Мінеки, осы үш орданың шекарасы – Ұлытау. Ұлытаудың солтүстік беті, қазіргі Орал, Ақтөбе облыстарының жерлері – Шибан жерлері. Астанасы кейін Сарайшықта болды. Шығысы Қарқаралыдан әрі қарай жерлердің бәрі – Орда Ежен елі. Орталиғи Қазіргі Алакөл маңында болды. Батуға бертен жері Алтын Орда атанды. Бірақ осы үш елдің де құрығы Ұлытауға жетіп тұрады. Алтын Орданың басынан дәурен көшкен кезде, адамдардың әскер жинайтын, күш біріктіретін, саяси іс-қимылды жүзеге асыратын негізгі кеңістігі Ұлытау болған. Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен емес, суының көптігінен емес, ол тарихтың үлкен оқиғаларында бүкіл үлы қауымның бас қосқан ортақ шешімге келген жері болғандықтан Ұлытау атанған бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан Ұлытау атанған.

Бір кезде Ақ Орда, Көк Орда көсемдері билікке таласты. Оған Ақсақ Темір араласты. Сөйтіп, Алтыл Орданы әлсіретті деген деректерді айтатын болсақ, бұл әңгімелердің көп шешімдері осы жерде табылган. Сөзімнің соңында айтарым: біздің жеріміз кең, санымыз аз. Кең-байтақ далаға енді өзіміз қожа болуымыз керек. Бірлікті нығайту керек, бірлік нығайса, дәулетіміз де, мүмкіндігіміз де жетеді. Сондықтан, осындай үлкен кемелденудің шекарасында тұрғанда, біздің ұлтымызды өткеніне тәубе етіп, болашағына тәуекел артатын жері – осы Ұлытау.

«Мәңгі ел» мұраты

Тарихымыздың алтын тұғыры боллан, байтақ тарихымызды кеудесінде сақтай аллан қасиетті жер – Ұлытау.

Өткенге көз жіберсеңіз, бодандықта болған үш ғасырда тарихымыз тәркіленді, ал Кеңес заманында ол саясат құралына айналды. Бұл – адам жадын адастыру, үрпақты, сәбиді анасының емшегінен айыру. Еліміз тәуелсіздік алып, жаңа тыны: заман басталган ана бір жылдары Өзбекәлі Жәнібеков екеуміз анасын аңсаған перзенттей, атасын аңсаған ұрпақтай күй кешіп, Ұлытауға келіп, аунап-қунап кетуіміздің сыры осында деп білемін.

Ұлытаудың түбінде тұрған Хан ордасы, Домбауыл, Алаша хан, Жошы хан сияқты тарихи жәдігерлер - өткеніміздің белгілері, таңбалары.

Қазақ халқы – Ұлы Даланың байырғы тұрғындары. Қазақ халқының құрамына кірген тайпалар бағзы заманнан осы Даланы мекендеген. Арғы тарихты айтпағанда, түрік қағанаты заманы кезінде суреттелетін оқиғаның бәрі, айтылатын тарихтың барлығы осы өңірлерге қатысты. «Ертіс өзенін кешіп өттік, Алтай тауын асып өттік» деп айтылады таста қалған жазуларда. «Барған жерің - Балқан тау, ол да біздің барған тау», «Ұлың Ұрымға, қызың Қырымға» деген сөздердің мәнісін зерттеп, мағынасын ұққан адамға көп сыр жатыр. Ұлы Далада хандық құрған, мемлекет орнатқан және «Мәңі біздің бабалар. Тасқа қашалып жазылған, ешкім өшіре алмаған алтын сөздер біздің қолымызда бар. Оны кешегі саясат дауылы да, Кеңес заманының солдаттары атқан оқ та өшіре алған жоқ. Өйткені ол «Мәңгі ел» арманы, «Мәңгілік ел» мұраты болатын.

Рас, кеше тіліміз байланды, тіземіз дірілдеді. Барымызды түгендей алмадық. Бүгін басқаша. Біз Тәуелсіздік дегеннің қадір құнын осы тұрғыдан бағалауымыз керек. Жоғалтып ала жаздаған бабамның тарихы енді еркін өскен ұрпақтың қолына тиді. Жақыпда Қаржаубай Сартқожа екеуіміз «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» деген еңбегімізді баспадан шығарып, жұрт қолына ұстаттық. Бұл – менің 40 жылдық, Қ.Сартқожаұлының 30 жылдық еңбегі. Тарих - тоқсан тараулы, мың қатпарлы. Рас, өзбек, қырғыз, түркімен біздің бауырымыз, туысымыз. Оны ешкім бөле алмайды. Алайда сол бауырларымыз таласа алмайтын үлкен шындық бар, ол – түрік қағанатынан жетке мұралар. Олар кімдер, қағанатты кімдер құрды?

Түрік қағанатын құрған тайпалар, рулар кейін қазақ халқы құрамына кірді. Олар, өздеріңіз білетін он оқ халқы еді. Олар басмыл еді, олар чигилдер еді, олар 9 оғыз еді, олар түркештер мен арғындар, 9 оғызының керейлері мен 8 оғызының наймандары еді. Осы алтауы «алты Алаш» деп аталды. Мен осы деректі 40 жыл бойы таба алмай жүріп, атласты жазар кезде таптым. Алты Алаш сөзі тасқа жазылыпты. Елтеріс қағанның баласы, Күлтегіннің ағасы Білге қаған өлгенде «біздің бірлігіміздің белгісі болсын» деп алты Алаш тасқа қашап таңбасын салған. Түрік қағанаты Орхон жерінде, яғни моңғол жерінде болған. «Моңғол» сөзі «мың қол» сөзі емес, «мәңгі ел» деген сөз бе деп қалатынымды жасырмаймын. Неге? Шыңғыс хан билікке келгенде отың мөрін ұстаған - керей руынан шыққан ақылды кісі. Ол моңғол мемлекеті құрылымын, әскери әдісін жасап берген адам. «Алты алаш» деген сөзді түркімен де, өзбек те, қырғыз да айтпайды. Керісінше, Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты асыл ағаларымыздың аузынан түспеген сөз – осы сөз.

Түркі қағанаты – қазақ халқының қағанаты. Елтерісті қазақтың тұңғыш ханы дейміз. 731 жылы 47 жасында Күлтегін қайтыс болғанда күллі жұрт жылап-еңіреп басына ескерткіш қояды. Оған өшпейтін сөз жазылады. «Биікте тәңірі, қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған. Адам баласы үстінде менің ата тегім Бумын қаған, Естеми қаған отырған. Қаған отырып елді түзеген, дүниенің төрт бұрышы соларға қараған. Азды көп қылған, кедейді бай қылған, тату елге жақсылық қылған. Сосын не болды, ей, түріктің бектері, халқы, сендер таққа кіріптарсыңдар ғой, сендер алауызсыңдар. Бір заманда анау көрші табғаштар (қытайлар), солардың сөзі тәтті болады, дүниесі асыл болады, соған сен алданып, бала мен әке дауласып, аға менін дауласып, бек пен халқы жауласып сен не істедің? Сен хандығыңнан, қазаныңнан айырылдың. Ей, түріктің бектері, халқы, өкін», - деген ақылды соз қалған. Осы сөз еліміздің тұңғыш Президентінің де аузынан түскен емес. Тек бірлік, бәтуа, ымыра рухыңды асқақтатады. Асқақ рух мемлекетті құдіреттендіре түседі. Мәңгі ел солай жасалмақ. Рас, біріміз аш, біріміз тоқ күн кешіп жатқан шығармыз. Алайда көрші елдердегідей аласапыран жоқ. Қора қойға, дала тойға толып жатса, ел тірлігінің түзелгені.

Үй салғанды, завод салғанды көрдім, ал қала салғанды, қала болғанда ел астанасын салғанды көрген жоқпын. Өз Жолдауларында ел болашағын бажайлаған Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдік даму күшінен алатын орнын да межелеп отыр. Бұл – «Мәңгілік ел» мұраты Міне, осы жерде, Ұлытауда, қазақ хандығының алтын қазығы қағылды. Міне, елдігімізді, тарихи тағдырымызды танытатын оқиға.