Жаңалықтар

Психологиялық тест. Сіз үшін не маңызды?

Өзгені емес, өзіңізді жақсы білесіз бе?
Психологиялық тест. Сіз үшін не маңызды?
20.02.2018 12:56 56459

Бұл тестіден өту үшін логиканы уақытша ұмытыңыз. Берілген сұрақтарға еш ойланбастан, ойыңызға бірінші келген жауаптарды жазып отырсаңыз жеткілікті. Сонымен, бастайық.

1. Елестетіңіз, сіз біреумен орманда келе жатырсыз? Ол кім болуы мүмкін?

2. Сіз орманда келе жатырсыз, жақын тұстан аң көрдіңіз. Ол қандай аң болуы мүмкін?

3. Ол аңмен бетпе-бет жолыққанда, сіздің әрекетіңіз қандай болды?

4. Орманмен жүріп келе жатып, ашық алаңқайға қарай шықтыңыз, ал ол жерде сіздің арманыңыздағы үй тұр. Оның көлемін қалай сипаттар едіңіз?

5. Сіздің арманыңыздағы үй қоршалған ба?

6. Үйдің ішіне, одан ары ас бөлмеге кіресіз. Тамақ ішетін үстелдің үстіне назар аударыңыз. Оның үстінен және айналасынан не көріп тұрсыз?

7. Сіз үйдің артқы есігі арқылы сыртқа шықтыңыз, дәл алдыңызда шөптің үстінде тостаған жатыр. Оның материалы қандай?

8. Сіз ол затты көрген кезде не істедіңіз?

9. Үй ауласының сыртына шықсаңыз, алдыңызда су ағып жатыр. Ол қандай су болды екен?

10. Сіз ол судың арғы бетіне қалай өтер едіңіз?

Ойыңызға бірінші келген жауаптарды түртіп алды деп ойлаймыз. Ендеше, сол сұрақтардың астарында нендей ой жатыр екен, соған көшелік:

1. Сіздің қасыңызда келе жатқан адам – өміріңіздегі ең маңызды адам.

2. Ал көрген аңның үлкен-кішілігі сіздің ішіңіздегі, санаңыздағы проблемалардың көлемімен сәйкес келеді.  Аңның көлемі үлкен болған сайын, сізге өмір сүру ауыр деген сөз.

3. Ал онымен жолыққандағы іс-қимылыңыз проблемалаңыздың шешу жолыңызды көрсетеді (агрессивті, пассивті немесе қашып кету).

4. Үйдің көлемі – амбицияңыздың көлемі. Егер ол тым үлкен болса,  өмірден өте көп нәрсе күтесіз.

5. Егер арманыңыздағы үй қоршаусыз болса, сіз ашық, еркін адамсыз. Қоршалған үй ішкі әлеміңізді құпия сақтайтыңызды, басқалардың да өміріне рұқсатсыз кірігіп кетпейтіңізді білдіреді.

6.  Егер ас бөлмеде адамдарды, тамақты елестетпесеңіз, үстелде ештеңе болмаса – сіз іштей бақытсыз жансыз.

7. Материалдың сапасы сіздің отбасыңызға деген қарым-қатынасыңызды білдіреді. Шыны? Қағаз стақан? Онда, отбасыңыз үшін алаңдауға негіз бар. Ал тостаған темір не фарфор болса, сізге уайымдайтын ештеңе жоқ.

8. Сіздің іс-қимылыңыз, 1 сұрақтағы адаммен тікелей байланысты.

9. Судың көлемі сіздің сексуалды тәбетіңізге байланысты.

10. Арғы жағаға қаншалықты «су» болып өтсеңіз, сіздің өміріңізде жақын қарым-қатынастың соншалықты маңызы бар деген сөз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға