Жаңалықтар

Әшірбек Сығай: «Шындық ешқашан өлмейді»

Ғалымның хаты өлмейді
Әшірбек Сығай: «Шындық ешқашан өлмейді»
11.01.2017 12:42 10873

Белгілі мәдениеттанушы,  өнертанушы, қоғам қайраткері, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, театр сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әшірбек Төребайұлы көзі тірі болғанда бүгін 70 жасқа толар еді. «Қазақ барда сіз барсыз, жарқын бейнеңіз бен жазған еңбектеріңіз мәңгілік халқыңыздың жүрегінде» деп айтқымыз келеді. Бүгін біз сын сардары – Әшірбек ағамыздың театр, өнер, адамгершілік, сын туралы айтқан қанатты сөздері мен көңіл күнделігіне сіңген өмірлік ұстанымдарын топтап ұсынуды жөн көрдік.

  • Мен ешкімді үлгі тұта алмаймын. Бәрі де пенде. Жас кезімізде оқыдық, еліктедік. Пір тұтып, жастанып жаттым деп айта алмаймын.
  • Кітап­ты қолтықтап жатып, жастанып ұйықтап жатамын. Әлі күнге дейін Шекспирді, Чехов­ты, Шиллерді ұстап жатпасам, ұйқым келмейтін сияқты. Сонау жастықтан қалған дағды. Менің де онда мақалаларым бар. Театр жайлы жұрт онда не жазып жатқандығынан бейхабармын. Қатарластарым бар шығар, тез үйреніп кеткен, бірақ мен көбіне кітаппен жұмыс істеймін. Баяғы сол мұрағат, газет қиындыларын қараймын. Ол, әрине, кертартпа ескіше де болуы мүмкін. Кітап қарап, газет оқудан қалысып жүрген жоқпын.
  • Актерлік және театртанушылық  білімім бар, әйтеуір, жаманды-жақсылы театр өнерінің қамы деп талай нәрсе жаздық. Нысанаға тиіп жатты ма, тимей жатты ма, тарих таразылар.
  • Қазір әдебиет саласында сын жоқтың қасы.
  • Заман қанша жерден қасқыр болып тұрса да, адамдықтан аттап кетпесек екен. Елдің, халқымның тыныштығын ойлаймын. Қазақ халқының мүддесін жоғары қоямын. Осы халықтың көңілі көтерілсе екен деймін.
  • Көктем – бірде шуақты, бірде жауынды, бірде дауылды.
  • Артист – кейде сыршыл, кейде жыршыл, кейде жарқын, кейде тұйық, кейде мұңды.
  • Суретші бояуына сенеді, әнші даусына сенеді. Ал актердің бар сенері - өзі, өзінің жан дүниесі, жүйкесі, жүрегі.
  • Актер – ерекше мамандық иесі. Ол күндіз-түні, үйде де, түзде де іздену үстінде жүретін тынымсыз жан.
  • Актерлік өнер – жеке бастың қадір-қасиетіне тәуелді мамандық. Ішің даңғыл, жаның жайсаң, жүрегің жомарт, ықыласың адал, жаратылысың мәрт болмайынша үлкен өнерге қол артам деушілік – құр даңғаза байбалам.
  • Талант – жаратылыстан сүйексіңді қасиет. Жас талапкер бойындағы бар талантын еңбек қорлықпен жалғастыра алса ғана мақсатына жетеді.
  • Нағыз актер – ешқашан шыққан биігіне қанағаттанып, тоқмейілсімейтіні белгілі. Өзін, өзгені сыйлайтын актердің үздіксіз ізденіс үстінде жүретіні хақ.
  • Талант жолы – кедір-бұдырлы. Сол тайғанақ қия-шатқалдардан батыл өтер тұста таймас табан, мұқалмас төзім, мазасыз бейнетқорлық, парасатты білім ауадай қажет.
  • Актер өнері – екінің біріне қонбайтын ерекше бақыт. Ол өзгенің өмірін жаңғырту жолында жүріп, өз өміріне тауқымет тауып алатын күрделі кәсіп.
  • Бір ғана команда бар, ол - қазақ, қазақстан командасы.
  • Қазақтың жері кең, қойнауы қазынаға бай. Бірақ сол ұлан-ғайыр даламыз бар. Санымыз аз. Осы олқылықтың орнын қалайда толтыру керек, қазаққа шұғыл түрде көбею қажет.
  • Халықтың санын көбейтуіміз тиіс. Егер халықтың саны 20 миллионға жетсе, онда қазақ халқының тіл мәселесі мұндай өткір күйінде бірінші кезекте тұрмас еді.
  • Қазақтың жүрегі тоқтамасын, өнердің жүрегі тоқтамасын деп отырғаным сол. Өнерін өлтіріп алған қазақ ел болып оңбайды, елінен айнып қалған жүрек - жүрек боп соғып жарытпайды. Екеуі бөлінбес бір бүтін, тұтас дүние деп есептеймін. Ендеше, жүрегіміз тоқтамасын!
  • Классикаға дұрыстап мойын бұра алмай жүргендердiң қадірі қашуы мүмкiн. Ал классиканың қадiрi ешуақытта қашпайды. Өйткенi, ол – классика. Классика деген – мәңгiлiк тағдыр тапқан, мәңгiлiк тарих тапқан рухани дүние.
  • Қалың көпке бiрдей жағу қиын нәрсе. Ол – өте сирек болатын процесс. Барлығына бiрдей ұнау деген болмайды. Өйткенi әркiмнiң өзiндiк "менi", өзiндiк талғамы, қисыны, қабылдау жүйесi, қорыту деңгейi, мүмкiндiгi болады.
  • Сахнада, экранда кілең шіңкілдек, ұсақ актерлер көбейді, екі иығына екі кісі мінгендей фактура жоқ. Кескін келбеті келіскен кермиықтарға зәруміз. Майда тартып барамыз. Шіңкілдеп, елпілдеп кеттік.
  • Қажымұқанды орта бойлы, сидиған жігіттер ойнайтын болып жүр. Қамарды көріп қарның ашады. Не дауыс жоқ, не рух жоқ. Дене тұрпаты ғана емес, қимылы, рухы кішкентай. Қарагөз болып толқытып, Қамар болып жылата алмайды, қыз Жібек болып егілтіп, Еңлік болып елжірете алмайды мені. Міне, барлық трагедия осында жатыр.

Көңіл күнделігінен…

  • Маман болмасаң, мейлі, ең бірінші Адам бол! Менің мұратым – алдыма келген шәкіртті адам етіп шығару.
  • Бір ғана команда бар, ол – қазақ, қазақстан командасы.
  • Қазақтың жері кең, қойнауы қазынаға бай. Бірақ сол ұлан-ғайыр даламыз бар. Санымыз аз. Осы олқылықтың орнын қалайда толтыру керек, қазаққа шұғыл түрде көбею қажет.
  • Халықтың санын көбейтуіміз тиіс. Егер халықтың саны 20 миллионға жетсе, онда қазақ халқының тіл мәселесі мұндай өткір күйінде бірінші кезекте тұрмас еді.
  • Классикаға дұрыстап мойын бұра алмай жүргендердiң қадірі қашуы мүмкiн. Ал классиканың қадiрi ешуақытта қашпайды. Өйткенi, ол – классика. Классика деген – мәңгiлiк тағдыр тапқан, мәңгiлiк тарих тапқан рухани дүние.
  • Қалың көпке бiрдей жағу қиын нәрсе. Ол – өте сирек болатын процесс. Барлығына бiрдей ұнау деген болмайды. Өйткенi әркiмнiң өзiндiк «менi», өзiндiк талғамы, қисыны, қабылдау жүйесi, қорыту деңгейi, мүмкiндiгi болады.
  • Сахнада, экранда кілең шіңкілдек, ұсақ актерлер көбейді, екі иығына екі кісі мінгендей фактура жоқ. Кескін келбеті келіскен кермиықтарға зәруміз. Майда тартып барамыз. Шіңкілдеп, елпілдеп кеттік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға