Жаңалықтар

"Ертегілер еліндегі" жаңа жыл

Ертегілер әлеміндегі жаңа жыл
"Ертегілер еліндегі" жаңа жыл
20.12.2018 15:12 14518

Жаңа жыл қарсаңында балабақша немесе бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілік қойылым. 

Фунтик (торай)

Бамбино (маймыл)

Жалқау Блиц

Әтеш

Арыстан  

Аю

Қасқыр

Газелли

Қарша қыз

Аяз ата

 

 

Фанфар, музыка қойылады.

1-көрініс

Ортаға Фунтик шығады.

- Балалар қалдарың қалай? (амандасады, балалардың көп екенін және киімдерінің әдемі екенін айтып өтеді) Білесіңдер ме, мен баяғыдан бері осы Зверополиске келуді армандайтынмын. Бұл жерде барлық аңдар тату-тәтті өмір сүреді.  Барлық мерекелерді көңілді қарсы алады.  Ал, ең көңілді, қысқы мереке қандай мереке? (балалар жауап береді) Дұрыс айтасыңдар – Жаңа Жыл!  Ал, сендер Жаңа жылды қарсы алғанды жақсы көресіңдер ме? Билегенді ше? Олай болса Зверополистегі ең көңілді, ең танымал әнге бір билеп алайық. Кеттік!

(Фунтик пен балалар билеп жатқан кезде ортаға Аю шығады. Ол да биге қосылады)

Аю : – Барлығыңа жалынды сәлем. Балалар, сендер мені таныдыңдар ма? Менің атым –Аю .  Мен мына әлемдегі ең адал, ең сенімді және ең ақылды итпін. Ал, сендер келе жатқан жаңа жылдың менің жылым екенін, яғни, ит жылы екенін білесіңдер ме? Бұл дегеніміз, келер жыл мейірімге, сенімділік пен адалдыққа толы болады деген сөз. Достар, Джуди, Зверополис суық секілді ме?

Фунтик – Аю , қыста Зверополис суық болады. Солай емес пе, балалар?

Аю – Мен қазір жылы шарф пен қолғаптан, не болмаса пима киюден бас тартпас едім. (Шыршаны айналып жүріп шарф тауып алады)Міне, ғажап! Армандар Кейселде емес Зверополисте орындалады екен! Шарф тауып алдым. Өзі сондай әдемі және жып-жылы.  ( Шарфыны мойнына тағып, балаларға көрсетіп маңғаздана жүреді. Шыршаны айнала жүріп, жан-жағын иіскеп, өзгере бастайды. Арпылдап үріп Фунтик пен балаларға ұмтылады)

Фунтик– Аю , саған не болды? Жаңа ғана көңілді едің?Неге ашулысың?

Аю – Неменеге бақырайып қарап тұрсың , сопақ Сәбіз! Бар, тұрақтағы көліктерге айыппұл жаз!

(Фунтик Аюды баспақ болады. Ол болса ырқына көнбейді)

Фунтик – Аю , өзіңе кел, есіңді жи! ( Онысынан ештеңе шықпайтынын біліп, балаларға қарайды) – Балалар, біздің Аю ке бірдеңе болған секілді. Жаңа жылды бұлай қарсы алуға болмайды. Мәселенің анық-қанығын анықтауымыз керек. Бірақ, мен бұны жалғыз атқара алмаймын. Мен көмек шақырып келейін.Мен сендерге уәде беремін. Мен тез арада қайтып келемін және бәрі баяғыдай болады. Себебі, мен Зверополистегі ең мықты полицеймін 

2-көрініс

Аю қорқынышты ән сала бастайды. Сахнаға Қасқыр шығады.

Аю – О, Қасқыр достым! Қалайсың?

Қасқыр – Аю ??? (балаларға қарайды) Мынаған не болған? Басына бөшке құлаған ба? Балалар, Аю ке не болғанын түсіндіріп беріңдерші( не болғанын білген соң арам ойға беріліп жоспар құрады.)

Қасқыр– Аю , сен енді мерекелерді ұнатпайсың ғой, иә?

Аю – Жек көремін! Дүниеде мерекеден жек көретін нәрсем жоқ!

Қасқыр– Сен енді жақсы істер жасамайсың ғой?

Аю – Жасамаймын!!

– О, онда сен маған керексің! Менің саған тапсыратын мыңдаған шаруам бар. Дегенмен, алдымен құрыс-тырысымызды жазып алуымыз  керек. Балалармен тышқан мен мысық ойнайық.

Аю – Келістік, мен жүгіргенді ұнатамын! (ойын шарты түсіндіріледі. Ойын ойналады)

Қасқыр– Міне, етіміз қызды. Енді екеуміз мың жылда бір болатын үлкен Ұрлық істейміз.

Екеуі қосылып – Кеттік, банк тонаймыз!!! (екеуі Каспий банк жаққа кетеді)

 

3-көрініс

Жалқау шығады.

– Балалар, қалдарың қалай? Бізді тонап кетті !

(Мигалкасын қосып Бамбино жүгіріп шығады. Жалқаудан мән-жайдысұрай бастайды)

– Сәлем, Блиц! Полиция шақырдыңдар ма??

– Иәәәәә……

– Басынан бастап айтшы. Оқиға қалай болды?

Блиц – Енді.... Мен жұмыс істеп отырғанмын...

Бамбино – Тәәәк, жұмыс істеп отырдың

Блиц – Сосын, шәй ішіп алайын деп ойладым

Бамбино– Шәй ішпекші болдың...

Блиц – Шәйнекті қойып , күрешкемді әкелуге кеттім

Бамбино – Шәйнекті қостың, күрешкеңе кеттің… Блиц, сен бұндай ұсақ-түйектерсіз тез айта аласың ба? Не болды сонымен?

Блиц – Сен бұның барлығының өте маңызды екенін түсінбейсің! (осы сөздер айтылысымен сахнаға Фунтик шығады)

– Бамбино, таптым-ау сені ақыры!!!

– Сәлем ,торай! Автотұрақтағы жағдай қалай?  Сен кішкене тұра тұршы. Мен өте маңызды куәгермен сөйлесіп жатырмын. Бізде Банк тонау тіркелді!

Фунтик– Банк тонау??? Бақылау камераларындағы таспаны тексердіңдер ме?

Бамбино – Дұрыс айтасың. Камералардың таспасын тексеруіміз керек!!! Ақылды Фунтиксің!!!

Фунтик – Әй, қу Бамбино-ай! (таспаны қарап, тонаушылардың Қасқыр мен Аю екенін көреді)

Бамбино – Мәссаған мынау Қасқыр мен Аю қой. Аю тің мұндайы жоқ еді ғой?

Фунтик – менің саған айтқым келгені де осы ғой. Аю ке бірдеңе болған. Ол бір сәтте қаскүнемге айналды. Солай ма балалар?

Бамбино – Тәәәк, олай болса біздің «батырларды» қайдан іздейміз????

Жалқау – Орма...

Бамбино мен Фунтик – Аха, орманнан іздейміз!!!

– Онда не тұрыс, кеттік? Блиц, сен бізбен бірге барасың ба?

Блиц – Мен шаршаңқырап тұрмын..

Бамбино-  Мүмкін расымен де ептеп демалып алармыз? Балалармен бір ойын ойнап кетейік?

– Жақсы, олай болса ойнайық. Ойынның аты «Күн мен Түн» (Фунтик ойын шартын түсіндіреді. Ойын ойналады)

Фунтик– Кеттік, тездетейік

Жалқау– Тоқтаңдар, мен сендермен барамын.... (Барлығы сахна сыртына кетеді)

4-көрініс

Ортаға Газелли, арыстан  және аю шығады

Бір жағындағы Арыстан,– Газелли ханым, қараңызшы мен сізге ең соңғы үлгідегі киім дайындадым (Газелли тіпті қарамайды да. Маңғаз қалыппен жүреді)

Екінші жағындағы Аю –Газелли ханым, мен сізге арнап керемет ән жаздым. Жаңа жыл қарсаңында шырқауға тамаша ән , өзіңіз бағасын беріңізші!!! (барлығы шыршаны айналып барып тоқтайды)

Газелли – (екеуіне кезек қарап) Сіздің ойыңызша мынау қайыршының киімі Жаңа жылға киетін керемет киім бе?, Ал мына әніңізді хит деп ойлайсыз ба? Бұл мен айтатын ән емес. Арзан дүние! Мені сахнаға шықсын десеңіздер алтынды, әшекейлі тастармен көмкерілген микрафон алып беріңіздер.Ал, сіздер қазір флэшмоб деген дүниенің сәнге айналғанын білесіздер ме? Бұны тіпті осында отырған балалар да біледі. Солай ма балалар?

Арыстан мен Аю (бастарын шайқап, өздерін кінәлі сезініп) Жоқ, Газелли ханым, ол нәрсені білмейді екенбіз. Өзіңіз түсіндірсеңіз...

Газелли –сіздер де бір... Өздеріңізді керемет продюссермін дейсіздер. Қараңыздар, үйреніп алғандарыңыз да артықтық етпейді. (балалармен бірге флэшмоб билейді) (осы әннің соңында ортаға Қасқыр мен Аю келеді)

5-көрініс

Аю – Бұл не би! Бұл не деген бассыздық!!!!!!

– Неменеге жетісіп жүрсіңдер? Жаңа жыл келе жатыр деп мәзсіңдер ме? Ха-ха-ха…

Арыстан  – Балалар, банк тонаған қарақшылар осылар ғой!

– Міне, ақша толы қаптар. Кәне, жандарыңның барында беріңдер! (Арыстан мен Аю қапшықтарға таласады. Төбелесіп жүріп қапты тартып алады. Ішінде ақша емес, қар болып шығады. )

Арыстан – Аю мырза, мында қараңызшы. Мұның ішіндегі ақша емес!

Аю – бұлар не Тундра-Таундағы қар күзетшісін тонаған ба? Ақымақ немелер, одан да Сахара-Ситиге құмға бармадыңдар ма !!! Ха-ха-ха…

Газелли – Болмайтын дүниеге ұрыссуды тастаңыздаршы! Маған мына жер көңілсіз болып бара жатыр. Одан да балалардың көңілін көтеріп қармен атысып ойнайық. ( ойын тәртібі түсіндіріледі. Балаларды екі топқа бөледі)

Газелли – Сендер ойнай беріңдер. Мен маникюрға жазылып қойып едім. Кешігіп қалармын. Сау болыңдар!!! Чао!

(Қалғандары атыспақ ойнайды. Қарларды жинайды)

Ортаға мигалкаларын қосы Фунтик пен Бамбино шығады.

Бамбино – Әне қылмыскерлер! Ұста!!!

Фунтик – Сіздер тұтқындалдыңыздар! Қолдарыңды көтеріңдер! Тыпыр етсеңдер атып тастаймын! (Қасқыр мен Аю жыламсырап, ақтала бастайды. Бұның бәрі қалжың еді дейді)

Осы сәтте Әтеш шығатын музыка ойналады

Әтеш - Сәлеметсіңдер ме, балалар!! Сендер неге мені күтіп алмайсыңдар? Себебі, сендер бүгін мені шығарып салып келесі жылдың кейіпкері Аю ті қарсы алуларың керек қой. (Аю ке қарайды. Ол ырылдайды. Әтеш бәрін түсіне қояды) Түсінікті... Барашкис ханым өзінің залым әрекеттерімен саған да жеткен екен ғой. Ештеңе етпейді. Мен барлығын өз орнына қоямын. (Аю тің жанына келіп шарфты шешпек болады. Ит ырылдап көнбей қояды. Әтеш ақырында шарфты шешіп алады. Аю айналасына аң-таң болып қарап, баяғы жуас қалпына түсе қалады. Достарынан кешірім сұрайды. Қасқыр да кешірім сұрайды.)

Фунтик – Урра! Бәрі өз қалпына келді! Енді ешкімді тұтқындаудың қажеті жоқ! (сағатына қарайды) Балалар, біздің аз ғана уақытымыз қалды. Аяз ата мен Қарша қыздың келетін сәті де болып қалды. Кәнекей, бәріміз бірге Аяз ата мен Қарша қызды шақырайық! (осы жерде бәрі қосылып шақырады.)

Аяз ата мен Қарша қыз шығады

Аяз ата – Амансыңдар ма, балалар! Мінекей, тағы бір жыл өте шықты. Сендер бір жасқа есейіп, ақыл қостыңдар.Ер жете бастадыңдар. Бүгін барлығың сондай әдемі болып отырсыңдар! Шыршаларың да әдемі екен. Бірақ, осы уақытқа дейін неге жанбаған бұл шырша? Бұлай болмайды. Кәнекей, бәріміз қосылып сиқырлы сөзді айтып, шыршаны жағайық! (шыршаны жандырады)

 

– Ал, енді менің сүйікті әнімді орындайтын сәт келді. Бәріміз бірге ән салайық.Жаңа жылды қарсы алайық! (шырша маңында ән айтады)

 

 – Қарша қыз, мен шаршаған секілдімін. Мына /Зверополис өте үлкен қала екен.  

Қарша қыз – Әрине, бұның барлығы біздің жаяу келгенімізден ғой. Ал, біз қазір балалармен бірге сыйқырлы пойызға отырайық. Сөйтіп, әр түрлі елдерге саяхат жасайық. («Поезд» ойыны)

 

Қарша қыз – Ата, сен біздің саяхатымыз кезінде ештеңе жоғалтқан жоқсың ба?

Аяз ата – Сақалым орнында, шапаным үстімде, таяғым міне! Ештеңе жоғалтпаған тәріздімін. Неремем-ау, не жоғалттым сонымен??

Қарша қыз. – Қолғабыңды жоғалттың!!! Мен оны балалармен ойын ойнаған соң ғана беремін! («Варежка» ойыны)

 

Балалар ән салып, би билеп, тақпақ айтып өнерлерін көрсетеді.

Ертегі кейіпкерлерімен суретке түсу. Сыйлық тарату.

 

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға