Жаңалықтар

«Жомарт Жүрек» концерттік бағдарламасы қойылды

«Жомарт Жүрек» концерттік бағдарламасы қойылды
28.02.2018 04:04 2240

 

Бүгін 28 қаңтар күні МО ҚХА «Қоғамдық келісім» КММ және М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының ұйымдастыруымен облыстық мүгедектер мен қарттар үйінде  «АСАР» қайырымдылық шарасының бастау алуына арналған «Жомарт Жүрек» концерттік бағдарламасы өтеді. Мақсаты – жаны жайсаң, жүрегі жомарт, қайырымды жандардың қолдауымен, мұқтаж жандарға қамқорлық, қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасау. 

Бұл шараға, облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов, қарттар үйінен 98 адам, этномәдени бірлестік төрағалары және мүшелері, «Жас қанат» жастары, ҚХА қызметкерлері және БАҚ өкілдері, барлығы 200 – ге жуық адам қатысады. Шара барысында облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов сөз сөйлеп, облыстық мүгедектер мен қарттар үйіне арнайы сыйлығын (кондиционер) тарту етеді. 

Концерттік бағдарлама аяқталғаннан кейін облыс әкімі Е.Л. Тоғжанов және шараға қатысушылар сыртқа қарай шығады, кіре беріске микрофон орнатылып, Е.Л. Тоғжанов «АСАР» қайырымдылық шарасының бастау алғандығын жариялайды, бұл шара 1 ай көлемінде, 1 – 31 наурыз аралығында өтетін болады. «Жомарт Жүрек» жастардың көмегімен Пикап көлігіне орналастырылып, жүріп кетеді, ілесіп 10 көлікте қозғалады.

 

        

 

 

        

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға