Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі–Жолдаудың басым бағыты

Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі–Жолдаудың басым бағыты
29.01.2018 12:16 1647

2018 жылдың 26 қаңтары сағат 11.00-де «Достық үйі» ғимаратында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі–Жолдаудың басым бағыты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.        

Дөңгелек үстелге этномәдени бірлестіктердің мүшелері, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың барлық стратегиялық құжаттарында қоғамды ішінен зиян келтіретін жемқорлықпен күресу туралы ойымен бөлісіп отырады. 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынаң тоғызыншы бағытын жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне арнады.

Елбасы Жолдауында жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес қазақстандық қоғамның барлық деңгейінде жалғасатынын түсінідіріп өтті. «Соңғы үш жылда жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталып, олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірілген залалы өтелгенін және азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс екенін» атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева «Сыбайлас жемқорлық қазақстандықтардың негізгі байлығының бірі болып саналатын қоғамдық келісім мен бірлікке кері әсерін тигізуі мүмкін», - деп атап өтті.   

Іс-шарада сөз сөйлеген Тараз қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов жемқорлық сияқты ауқымды жамандықпен барлымыз бірге қоғам болып күресу керектігін айтты .

- Мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы елді жаңғыртудың негізгі ынталандыру күші  болып табылады және оның жүзеге асыру жұмысына барлық азаматтардың белсенді қатысуы қажет етіледі. Тиімді жемқорлыққа қарсы күресуге барлық азаматтық институттардың күшін біріктіре отырып  жетуге болады, - деді Абдурахман Юлдашевич.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ заңгері Шоиля Шаюнусова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының кейбір аспектілеріне тоқталып, жемқорлықпен күресуді жүзеге асыруға тартылған мемлекеттік құрылымның жұмыстары туралы және жастар арасында жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру мәселесін атап өтті.

- Қоғамның міндеті мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтап жолын кесу ғана емес, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақты жемқорлыққа қарсы рухта тәрбиелеу болуы керек. Бұл бізге мемлекет пен азаматтардың арасындағы қарым-қатынастардың жаңа стандарттарын қалыптастыруға көмектеседі. Жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық қабатының жүйелі күші қажет, - деп Ш.Шаюнусова ойын жеткізді.       

Дөңгелек үстел қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген іс-шара тақырыбына қатысты бейнероликтер көрсетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға