Жаңалықтар

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ОРЫС ТІЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІРІНДЕ МАҢЫЗДЫ ОРЫН АЛАДЫ

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ: ОРЫС ТІЛІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІРІНДЕ МАҢЫЗДЫ ОРЫН АЛАДЫ
30.04.2019 00:00 2105

Нұр-Сұлтан қаласында орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының халықаралық қауымдастығының (ОТӘОХҚ) «Көптілді әлемдегі орыс сөзі» атты XIV Конгресі өтуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев қатысты.

ҚХА басшысының орынбасары алғы сөзінде Қазақстанда аралас тілді есептемегенде бір мың бес жүзден астам орыс мектебі жұмыс істейтіндігін, он бес тілде елу екі баспасөз басылымы шығарылатынын мәлімдеді. Ең ірі республикалық газеттер мемлекеттің қолдауымен жұмыс істейді. «ҚХА туралы» ҚР Заңында көрсетілген қазақстандық этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін, тілдерін дамытуға қолдау көрсету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлінеді.

Сонымен қатар телеарна эфиріне он бір тілде хабар шығарылады, елде он төрт орыс, өзбек, сондай-ақ ТМД-дағы жалғыз ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.

«Елбасы айтқандай, түрлі мәдениет пен тілдердің өкілдері – бәрімізді сүйіспеншілікпен біріктірген Қазақстан жерінің балаларымыз», – деді Жансейіт Түймебаев.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты белгілеген мемлекеттік тіл саясатына деген қатынасты атап өтті, оған сәйкес ең алдымен қазақ және орыс тілі қолданыста болады.

«Бұл біздің балаларымыз үшін өте маңызды. Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, ал орыс тілі ресми тіл мәртебесіне ие. Орыс тілі мемлекеттік саясатта ғана емес, бүкіл халықтың әлеуметтік тәжірибесінде де маңызды орын алады», – деп атап өтті спикер.

Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, орыс тілі ел мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады, ұлы Абай мен Достоевскийдің мәдениетін біріктіретін қазақстандықтардың көптеген ұрпақтарының тарихи және лингвистикалық мұрасы. Сонымен қатар қазақ тілімен қоса бірегей мәдени, тарихи қауымдастық ретінде Еуразияның қалыптасуының қуатты ынталандырушысы.

«Пушкин және Шәкәрім, Толстой және Абай, Достоевский және Уәлиханов, Лермонтов және Айтматов – олардың барлығы бір ел мен ұлтқа тиесілі емес. Олар жаһандық ауқымдағы мәдени феноменге айналды және бүкіл адамзатқа тиесілі. Сондықтан оларды әлем елшілері деп атайды», – деп атап өтті Ассамблея басшысының орынбасары.

Сөзінің тұжырымы ретінде ҚХА төрағасының орынбасары дүинежүзінде Әлем елшілерінің тәжірибесі кеңінен таралғанын және ол әлемнің көптеген елдерінде Біріккен Ұлттар Ұйымында бар екенін айтты.

«Ассамблеяда Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша бейбітшілік пен келісім саясатын ілгерілетудің бірегей халықаралық институты құрылды. Бұл ҚХА достығының елшілері», – деді Ж. Түймебаев.

2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімімен ҚХА алғашқы елшілері тағайындалды. Олар Қазақстанның достары – Ресей Федерациясының көрнекті қоғам қайраткерлері Руслан Аушев, Германияның Бундестагының экс-депутаты Генрих Цертик және Аргентинадағы (Росарио қаласы) қазақ мәдени орталығының жетекшісі Ирина Вагнер.

«ҚХА-ның Достық елшілері – түрлі елдердің халқын байланыстыратын халық дипломатиясының институты. Достық елшілерінің жоғары атағы халық арасындағы достықты нығайтуға үлкен үлес қосатын беделді қоғамдық мемлекеттік қайраткерлерге жүктеледі.

ҚХА Кеңесінің шешімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Елшісінің патентін беделді қазақстандық және ресейлік мемлекеттік қайраткер, Ресейдің қаржы-өнеркәсіп топтары қауымдастығының президенті Олег Сосковецке беру шешімі бекітілді», – деді ҚХА басшысының орынбасары.

Өз кезегінде Олег Сосковец бұл құрметке алғысын білдіріп, мәдениет пен орыс тілінің жанашырлары жиналған аудиторияда құрмет марапатын қабылдағанына өте қуанышты екенін жеткізді.

 

 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға