Жаңалықтар

ЖАМБЫЛ ЖҰМАБЕКОВ: ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА «ҚАЗАҚТАНУ», «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» ЖОБАЛАРЫ АЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОСПАРЛАР ҚҰРЫП ОТЫРМЫЗ

ЖАМБЫЛ ЖҰМАБЕКОВ: ЖАСТАР ЖЫЛЫНДА «ҚАЗАҚТАНУ», «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» ЖОБАЛАРЫ АЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОСПАРЛАР ҚҰРЫП ОТЫРМЫЗ
14.11.2018 12:23 4058

Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі зор.

Ассамблея мемлекеттің ұлттық саясатын іске асыруда біршама жұмыстар атқарып, азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттырып келеді.

Осы мақсатта еліміздің ЖОО-да құрылған ҚХА кафедралары бүгінгі таңда Ассамблея ұсынған жобаларды тиімді жүзеге асырып, нәтижелі жұмыс атқарып отыр.

Бүгінгі сұхбатымызда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Жамбыл Әзмұқанұлы Жұмабеков атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарымен бөлісіп, алдағы уақытта қандай бағыттар басымдықта болатынын ашып көрсетіп береді.

Ж. Жұмабеков – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Көптеген ғылыми еңбектердің авторы Қарағанды облысының тарихи жерлеріне үнемі экспедиция ұйымдастырып отырады. Облыстық ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі.

Жамбыл Әзмұқанұлы, өзіңіз басшылық етіп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының құрылған жылын, құрамы мен сол аралықта атқарылған іс-шаралар туралы тарқатып айтып өтсеңіз.

— Университетте Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы 2015 жылы құрылған болатын. Өзім сол уақыттан бері кафедраның меңгерушісінің қызметін атқарып келемін. Біздің кафедраның оқытушыларының әлеуеті өте жоғары – екі тарих ғылымдарының докторы, төрт ғылым кандидаты, бір PHd докторы, жеті ғылым магистрі жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта үш PHd докторын дайындаудамыз. Айман Жұманованың «Қазақстандағы тіл саясаты (1923-1991жж)» тақырыбы мен Шамиль Ильясовтің «ХІХ ғ. Дала өлкесіндегі отарлық басқару органдарындағы әкімшілік аппаратының қызметі» тақырыбындағы докторлық диссертациялары қорғалды. Ендігі әріптесіміз Нұртас Смағұлов «Ежелгі түркілердің «Мәңгілік ел» мемлекеттік идеологиясы» тақырыбында докторлық диссертациясын жазып бітіріп, қорғауға дайындалып жатыр.   

Осы уақытқа дейін кафедра ұжымы маңызды тақырыптарда отыздан астам дөңгелек үстел, төрт ғылыми-тәжірибелік конференция, бес ғылыми семинар ұйымдастырды. Кафедра оқытушыларының қаламынан оннан астам ғылыми монографиялар, оқулықтар, оқу-құралдары, жүзден астам ғылыми мақалалар жарияланды. Бұдан басқа үнемі ұйымдастырып отыратын іс-шараларымыз жеткілікті.

СҰХБАТТЫҢ ТОЛЫҚ МӘТІНІН МЫНА ЖЕРДЕН ОҚЫҢЫЗДАР

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға