Жаңалықтар

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай эссе жазудан байқау өтті

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай эссе жазудан байқау өтті
23.09.2019 10:43 2372

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында  Жамбыл облысының  80 жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өзге этнос өкілдері жастары арасында эссе жазудан «Жамбылым-жер жаннатым» атты  байқау өтті.

Оған аймақтың жоғарғы оқу орындары мен колледждерінен 60-қа жуық студент қатысты.

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай эссе жазудан байқау өтті

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиетін арттырып, еліміздің  бәсекеге қабілетті жастар қатарына қосылуына ықпал ету, олардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділік пен шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқау қортындысы бойынша Тараз мемлкеттік педагогикалық университетінен Маргарита Газаева және Абай атындағы Жамбыл  гуманитарлық колледжінен Ульфедина Дурсунова І орынды иеленді.

Жамбыл облысының 80 жылдығына орай эссе жазудан байқау өтті

Байқау шеңберінде студенттер «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенін аралап, мұражай мен Достық үйіне саяхат жасады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға