Жаңалықтар

«Жүрегімдесің, Астана!»

«Жүрегімдесің, Астана!»
01.06.2018 01:59 1805

Ағымдағы жылдың  26 мамырында «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Рухани жаңғыру»бағдарламасының аясында еліміздің бас қаласы Астананың 20-жылдығына орай «Астана,сен менің жүрегімдесің» атты мерекелік концерт өтті.

Мерекелік іс-шараны «Чинсон этномәдени Корей орталығы»ҚБ-гі ұйымдастырды. Мерекелік кешке Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары және оқушы жастар тамашалады. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов барша кешке келген қонақтарды мерекемен құттықтап, Астанамыздың гүлденіп, жарқырай беруіне атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар кешке арнайы келген Қазақстан Республикасындағы Корей елшілігінің консулы Тэ мырза барша қонақтарды, Қазақстан Республикасының тұрғындарын шын жүректен құттықтап, достық тілегін жеткізді.

«Чинсон этномәдени Корей орталығы»ҚБ-ның жетекшісі Лим Людмила барша келген қонақтарға, өнер ұжымдарына алғыс білдіріп, толқынысын жасырмады. «Мисон» би ұжымы, «Чен-Рю» халық хоры, «Жұлдыздар» вокалды студиясы және тағы басқа өнер ұжымдары мерекелік көңіл сыйлап, кеш соңы салтанатты марапаттаумен аяқталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға