Жаңалықтар

Жәния Әубәкірованың еуропалық туры: шығармашылығына – 30-жыл

Жәния Әубәкірованың еуропалық туры: шығармашылығына – 30-жыл
13.11.2018 04:52 2247

Париждің Корто залында белгілі қазақстандық пианист, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халықаралық конкурстардың лауреаты, профессор Жәния Әубәкірованың 30-жылдық шығармашылығына арналған концерті өтті.

Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Франциядағы Қазақстан күзі» әлеуметтік-мәдени жобасының аясында өткен концертке қазақстандық эстрада жұлдыздары, беделді конкурстардың жеңімпаздары Ержан Кулибаев (скрипка), Сания Дүркейева (виолончель), Роман Юсиипей (аккордеон) қатысты.

Қазақстан виртуоздары ұлы классиктердің туындыларын, сондай-ақ заманауи композиторлардың шығармаларын орындады.

Ж.Әубәкірованың еуропалық туры Австрия, Германия және Польша астаналарында жалғасады.

Көрермендер өздерінің әсерлерімен бөлісті: «Франция көрермені өте талғампаз. Бірақ, осы талғампаз көрермен Бахтың хоралын ешқашан пианино мен акордеонның бірігіп сүйемелдеуінде тыңдап көрмеп еді. Қазақ музыканттары ғажап орындады. Қазақстан жайлы білгенмен, осындай жаһандық деңгейдегі талантты музыканттары бар екеніне концерт арқылы көзім жетті. Керемет əсер алдым. Енді қазақ концерттеріне жиі барып тұрам деп шештім».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға