Жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕКЕНІ

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕКЕНІ
09.04.2019 04:05 3853

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында Қызылорданың төрінен Достық үйі ашылды. 11 этномәдени бірлестіктің басын бір шаңырақтың астында біріктірген Достық үйі 2015 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

3 мың шаршы метр жерді алып жатқан Достық үйі ғимаратында дыбыс, жарық күшейткіштерімен қамтамасыз етілген 250 орындық үлкен әрі жайлы концерттік зал бар. Оның сахнасында ені 11-52 және биіктігі 5-76, жалпы көлемі 66 шаршы метр болатын замануи LED экран орналастырылған.

Сонымен қатар, Достық үйінің ішінде микрофондармен жабдықталған сыйымдылығы 100 орындық конференц зал, кітапхана, мемлекеттік және ағылшын тілдерді үйрету кабинеті, медиация кабинеті, мұражай, би залы жұмыс істейді.  

Ынтымақ ұясы ашылғалы бері онда көптеген игі шаралар өткізіліп келеді.

Мәжіліс, концерт залдары қоғамдық бірлестіктер үшін диалогтық алаңға айналды.

Одан бөлек, Достық үйінде этнос өкілдерінің қазақы мәдениетке жақындай түсуі үшін бар жағдай жасалған. Олар татулық пен бірлік үйінің мұражайындағы қазақ халқының көне жәдігерлерімен таныса алады.

Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің тарихи қол еңбектері, киімдері мен музыкалық аспаптары да жайғастырылған. Мұражайда қазіргі таңда 68 экспонат сақтаулы.

Облыстағы этномəдени бірлестіктердің мəдени күндері, əр этностың: Наурыз, Құрбан айт,  Рождество, Сабантой, Сольналь, Остерн, Песах, Масленица, Пасха сынды ұлттық мерекелері тұрақты түрде кеңінен аталып өтеді.

Мұның барлығы облыстағы этностардың ауызбірлікте өмір сүруіне, қоғамдық келісімнің берік нығаюына үлкен ықпал етіп келеді.

Достық үйінде барлық 11 этномəдени бірлестікке кабинеттер беріліп, әрқайсысы жеке-жеке орналастырылған. Этностардың тілін, мәдениетін дамытуға, қоғамдық-саяси және ғылыми-танымдық іс-шаралар өткізуге барлық жағдайлар жасалып отыр. 6 ауданда этнобағытталған бірлестіктер құрылып, түрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Облыс ацмағындағы тағы бір Достық үйі Сырдария ауданында есігін айқара ашты.

Достық үйінде облыс әкімі, Қызылорда облыстық ҚХА төрағасы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының түрлі шаралары ұйымдастырылып келеді. Әрбір шара – облыс халқының бірегейлігі мен тұтастығын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстардың  көрінісі.

Бір айта кетерлігі, Қызылорда облысының ерекшелігі оның халқының біркелкілігінде. Атап айтқанда, облыс тұрғындарының 96,1 пайызы – қазақтар, қалған 3,9 проценттің 2-сін орыс этносының өкілдері, 1 процентін кәрістер, қалғанын өзге этнос өкілдері құрайды.

Жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі этносаралық түсіністік пен толеранттылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Облыстағы этномәдени бірлестіктердің жүзеге асыратын жобаларын қаржыландыру мақсатында жергілікті бюджеттен  жыл сайын 7 млн теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

Жоспарлы жұмыстардан бөлек түрлі форматтағы шараларды ұйымдастыруға, жандандырып, қолдау мақсатында жыл сайын бюджет қаржысы есебінен 11 млн теңге қарастырылған.

Облыстың әрбір ауданы мен Байқоңыр қаласында этносаралық қатынастар бойынша сарапшылар қызмет атқарады, олар «Қоғамдық келісім» КММ-нің штаттық құрамында, мекемеден жалақыларын алады. Олардың жұмысын қолдау әрі көмек көрсету үшін 6 (этнобағытталған) қоғамдық бірлестік құрылып, әділет органдарында тіркелді. Бүгіңгі таңда олар біздің бағыттар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындап келеді.

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалымен «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының жұмысын жүргізу бойынша бірлескен жоспар әзірленіп, 6 ақпанда Достық үйінде ашылуы болды.

Облыстық ҚХА хатшылығы мен Полиция департаменті арасында 2019-2020 жылдары этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстарды күшейту бағытында бірлескен жоспарға қол қойылды. 29 наурыз күні Полиция департаменті басшысы Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері алдында қоғамдық қауіпсіздік бойынша есеп берді.

Жалпы, өткен жылы облыстық ҚХА түрлі форматты 186 шара ұйымдастырып, оған облыс тұрғындарының 300 мыңға жуығы қатысты.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға