Жаңалықтар

Қызылордада жастар арасындағы әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада жастар арасындағы әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды
22.12.2019 16:07 1983

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының ұйымдастыруымен жастар саясатын дамытуға бағытталған «Жаңа толқын жобалары» әлеуметтік жобалар байқауы өтті.

Оған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының белсенді студент жастары қатысты.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, байқауды өткізудегі басты мақсат – облыстағы жастар саясатын дамытуға бағытталған жаңа идеялар мен жобаларды қолдау, жастарды ізденуге және бос уақыттарын өткізудің тиімді, әрі белсенді формаларын тарту мен ынталандыру, өңірде іске асырылатын үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің, азаматтық қоғамның және азаматтардың өздерінің күшін біріктіру.

Байқауға 15 адам жобаларын ұсынған. Оның барысында жастарға қажет әлеуметтік жобаларға ерекше басымдық берілді.

Байқаудың нәтижесі бойынша «Болашақ» университетінің студенті «IT еріктілік. Цифрлы Қазақстан барлығы үшін!» жобасымен Нұрдәулет Дайырбек бірінші орын, №8 П. Осипенко атындағы орта мектеп оқушысы «Онлайн тілдер мектебі» жобасымен Аружан Әбдіржан екінші орын, жобаның ең жас қатысушысы – Жалағаш ауданына қарасты Ш.Ермағамбетов атындағы №264 орта мектеп оқушысы Эльдар Мнаж «Сыр балығын қолдан ұрықтандыру» жобасымен үшінші орын алып, бағалы сыйлықтар мен марапатқа ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға