Жаңалықтар

Қызылорда облысында кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алды

Қызылорда облысында кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алды
25.11.2019 12:03 3005

Қызылордада кәріс этносының мәдени күні аталып өтті. Достық үйінің фойесінде көрме ұйымдастырылды. Келген қонақтар кәріс этносының асханасынан дәм татты.

Қызылорда облысында кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алды

Мәдени күн аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова бірлік пен ынтымақты ту еткен кәріс этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділерін марапаттап, бірлестік жетекшісі Елена Кимге аймақ дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. 

Қызылорда облысында кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алды

«Сыр өлкесі - атам заманнан сан ұлт өкілі бас қосқан, бақыт тапқан мекен. Бүгінгі күні біздің өңірде 35 өзге этнос өкілдері бар. Әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін сақтай отырып, өңірдің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді. 

Соның ішінде, кәріс халқы 80 жылдан астам қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл жай ғана оқиғалардың, күндердің тізбегі емес,  ол - өзара бірлесіп өткізілген өмір, ортақ тарих.

Қызылорда облысында кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алды

Кәріс этносының өкілдері әрдайым еңбекқорлығымен ерекшеленді. Бұған тек бір Шиелі ауданында ғана кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағына лайық екені дәлел бола алады. Ал “Авангард” колхозынан, бүгінгі күні Ақмая ауылдық округі, 16 Социалистік Еңбек Ері шықты. Бұл лайықты таңданыс»,- деді Л. Төрешова. 

Қызылорда облысында кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алды

Мәдени күн мерекелікі концертке ұласып, өнерпаздар түрлі жанрларда ән, би, қойылым ұсынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға